II. Негізгі кезең.
Алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына жүру, баяу жүгіру. Балалар жүгіру кезінде
алаңның бір жағымен тізелерін жоғары көтере отырып жүгіреді. Жүру. 2 тізбек болып
қайта сапқа тұру
Қатты доппен жаттығулар орындау.
1. Б.қ.: отыру. Допты табанмен домалату – өкшеден аяқтың ұшына дейін, оң және сол
аяқтың табанын кезек-кезек қойып, допты жеңіл басып домалатады.
2. Б.қ.: еденде отыру. Допты қос бүйірден табандарымен қысып 5–10 секунд ұстау,
арасында босату.
3. Б.қ.: отыру. Допты екі аяқтың табанымен – өкшеден башпайларға дейін бір уақытта
домалату.
4. Б.қ.: отыру. Табанымызды доптың үстіне қоямыз. Допты ақырын басып оңға/солға
айналдырып қимылдатамыз.
5. Б.қ.:отыру. Башпайлар жерге тиіп тұрады, өкше доптың үстінде. Өкшемен допты
ақырындап басамыз. Бұл жаттығуды оң және сол аяқпен бір уақытта және кезекпен
орындауға болады.
Негізгі қимылдарды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |