III. Қорытынды кезең (Рефлексия). Педагог қорытындысын шығарады, балаларды мадақтайды. Шаңғы жолындағы
жетістіктері туралы айтып беруді ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 58 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным
Бөлімі: Денешынықтыру .
Тақырыбы: Сиқырлы гүл
Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларының денсаулықпен байланысы туралы
түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: қолдарын шынтақтың тұсынан бүгіп, екпінді тездетпей және баяулатпай
қысқа-қысқа адымдармен бірқалыпты жүгіруге үйретуді жалғастыру. Қос аяқпен екпінмен
итеріліп, 5 жіптен кезекпен секіру және жерге аяқтың ұшымен жеңіл түсу, бойды тіктеп,
табанды тіреп тұру қабілетін нығайту. Төрт аяқтап еңбектеу және заттар арқылы еңбектеп
өту (жұмсақ модульдер) қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Үйлесімділік қабілетін,
организмнің жалпы төзімділігін дамыту, дұрыс тыныстауға дағдыландыру.
Денешынықтыру мен денсаулық арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру;
127
спортпен шұғылдануға тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге дағдыландыру. Өз
денсаулығын күте білуге тәрбиелеу.