Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет324/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Құралдар мен материалдар: 
әр балаға 2 данадан пластмасса гантельдер,   диаметрі – 50 
см шеңберлер – 8 дана, бала санына қарай құм толтырылған қапшықтар, дауылпаз. 
Билингвалды  компонент: 
ұшақ  –  самолет,  ұшқыштар  –  летчики,  «Менің  ұшағым»  – 
«Мой самолет», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания 
 
 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойын түріндегі жаттығу: «Ұшақ». 
 
Ұшаққа отырдым. 
Оң қанатына қарадым. 
Сол қанатына қарадым. 
Моторы зырылдап айналып жатыр – ж-ж-ж. 
Аспанға көтерілдім –  
Қалықтап ұшып келемін.  
 
II. Негізгі кезең. 
Қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірден сапта жүру; аяқтың ұшымен жүру; жүгіру 
мен тізені жоғары көтеріп жүру жаттығуларын кезектестіріп орындау. 
 
Екі сапқа тұру. 
Пластмасса гантельдерді пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. 
Дұрыс тыныс алуға және демді дұрыс шығаруға назар аударады. 
 
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:  
Шеңберден-шеңберге секіру.
 
Қимылдарды ізбе-із орындау тәртібінің сақталуына назар аударады: бірінші шеңберге 
барып, екінші шеңбердің орта тұсына секіру, шеңберден секіріп шығу.  
Тәрбиеленушілер жартылай бүгілген аяқтарының ұшымен түседі, орындағаннан кейін өз 
тізбегінің соңына барып тұрады. 
 
2 метр қашықтықтан көлденең нысанаға көздеп лақтыру. 
Затты лақтыратын оң (сол) қол мен оң (сол) аяқты алға қойып, лақтыру күшін 
әртараптандыру қабілетіне назар аударады. 


137 
 
 
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Белгіге құлақ сал»: ұшқыштардың зейінін тексеру. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет