Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет321/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойын түріндегі жаттығу  
Топ-топ – топылдатып аяқты,  
Мен айтамын: «Топ-топ». 
Шап-шап – шапалақты 
Алақанмен ұрамыз.
 
II. Негізгі кезең. 
Бір-бірден сапта жүру, қолдарды әртүрлі қалыпта ұстау, тізені жоғары көтеру, аяқтың 
ұшымен жүру; 3х5 метрге қайталама жүгіру. 
 
Жүгіргеннен кейін демді қалпына келтіру.  
Жалаушаларды пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. 
Нұсқаулар: тиісті арақашықтықты сақтау. 
 
Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау:  
Еденге тасталған қырлы тақтай үстімен жүру.
 
Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт» 

 жалаушаларды ұзын жолмен алып өту. 
Балалардың табанын тақтайдың үстіне дұрыс қою қабілетіне назар аударады. 
 
2 метр қашықтықтан көлденең нысанаға көздеп лақтыру. 
Затты лақтыратын оң (сол) қол мен оң (сол) аяқты алға қойып, лақтыру күшін 
әртараптандыру қабілетіне назар аударады. 
Тәрбиеленушілер екі тізбек болып тұрады. 
Әр тізбектен бір баладан белгіленген лақтыру сызығына жақындайды.   
Себеттен бүрді алып, құрсауға лақтырады. Лақтырғаннан кейін өз тізбегінің соңына барып 
тұрады. Бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады.  
 
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Құстардың ұшып келуі». 
Тақтайларды залдың әр жеріне қойып шығады. Аумағы шектеулі жерде статистикалық 
тепе-теңдік сақтау қабілетіне назар аударады.    
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет