III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Саусақтарға арналған гимнастика.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 64
Білім беру саласы:
Денсаулық. Таным
Бөлімі: Денешынықтыру
.
Тақырыбы:
Алақанмен шапалақтап, аяқпенен топылдатамыз
Мақсаты:
Көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
қарағай бүрлерін (ойыншық текшелерді) 2 метр қашықтықтан көлденең
нысанаға лақтыру, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту. Адымын кең ашып, жылдам
қарқынмен жүгіру, қол мен аяқтың қозғалысын үйлестіру қабілетін жетілдіру. Табанды
өкшеден аяқтың ұшына дейін тигізу, тепе-теңдік сақтау қабілетін нығайту
(жалпақтабанның алдын алу, табандағы бұлшық еттерді нығайту). Педагогтің
айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге
балалармен келісіп жасауға үйрету, қозғалыстарды орындау ізбе-ізділігі мен тәртібін
сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |