Билингвалды компонент: саусақтар – пальцы, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз
– до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Педагог доптаяқтар мен шайбаларға назарларын аударады. Тәрбиеленушілерге
доптаяқтар мен шайбаларды қарап көруді ұсынады. Шайбалы хоккейге арналған доптаяқ
– шайбалы хоккейде шайбаны соғуға, пас беруге және шайбаны алып жүруге
қолданылатын спорттық снаряд. Имек – доптаяқтың шайбамен жанасатын бөлігі.
Мұзда қозғалған кезде, ойын кезінде қауіпсіздік техникасына баса назар аударады.
II. Негізгі кезең. Бір-бірден тізбекке тұру, өкшемен жүру, қолды әртүрлі қалыпта ұстау – жоғары көтеру,
қапталға созу, иыққа қою, алға созу.
Заттардың көмегімен жаттығулар жасайды.
Мынау – Су-Джок шаригі. Ол алуан түсті. Оны алақанға салып домалатамыз. Шарикті оң қолмен айналдырамыз. Енді сол қолмен айналдырамыз. Оны әрбір саусақтармен қатты басамыз.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау.
134
Алақан мен табанды тіреп, көлбеу тақтайдың үстімен өрмелеу, қолға арналған түрлі
тапсырмаларды орындап жүру.