Шайбаны тура бағытта алып жүру ( 6 рет).
Тәрбиеленушілерге шайбаны доптаяқпен алаңның қарама-қарсы бөлігіне алып жүруді
ұсынады.
Нұсқау – доптаяқты имегінің төменгі қыры алаңның бетіне толықтай тиіп тұратындай етіп
алып жүру керек.
Доптаяқты екі қолмен дұрыс ұстау – бір қолымен таяқтың ұшынан жоғарыдан қармап
ұстау, ал екінші қолымен (мықты) сәл төменірек – астынан қармап ұстау (сонымен
шайбаны бағыттайды) білігіне назар аударады.
Шеңберден-шеңберге секіру (екі қатарға бес шеңберден қойылады).
Нұсқау: қимылдарды қауіпсіз орындау қажет, бір шеңберге бір ғана бала тұруы тиіс.
Тәрбиеленушілер қозғалыс басталған сызықтың жанында екі тізбек болып тұрады.
Құрсаудан-құрсауға секіреді, қолдары мен аяқтарының қимылдарын үйлестіруге
тырысады, жүйелі түрде секіреді. Жартылай бүгілген аяғының ұшымен жерге түседі.
Орындағаннан кейін тізбектің соңына барып тұрады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орныңды тап!».
Құрсауларды залға өз қалауынша қойып шығады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.