Билингвалды компонент:
«Достармен ойнаймыз» – «Играем с друзьями», көжек –
зайчик, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт. Қоянның жіберген шақыртуын көрсету: қоян балаларды ойнау үшін
достарымен бірге орманға шақырыпты.
II. Негізгі кезең.
Екі-екіден жұптасып сапқа тұру, тізені жоғары көтеріп, кең адымдап «күртік қардан»
аттап өту – «ағаш түбірлерінен аттап өт».
Ойын түріндегі жаттығу: «Орман жұмбақтары».
Түзде жүрер көк сері. (Қасқыр)
Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (Түлкi)
Үстінен тоны түспеген
Сонда да араз қыспенен. (Аю)
Нұсқау: жабайы аңдарға тән ерекшеліктерін салып көрсету.
Солға қосалқы адым жасап жүру: денесін тік ұстап, алға қарау және иықтарын солға
бұрмау.
«Орман ішіндегі серуен» – ойын түріндегі гимнастика: денесін тік ұстау, солға-оңға
бұрылу.
Негізгі қимылдарды ойын түрінде оранду:
20 см биіктен тереңге секіру.
Орындықтар залдың периметрімен бойлай қойылған. Қояндарға бөренеден секіріп
үйренуді ұсынады.
Қатарға қойылған заттарды айналып, аяқтың ұшымен иректеп жүгіру.
«Кім епті?».
Бір қатарға бес модуль қойылған. Олардың арасындағы қашықтық – бір метр.
Балалардың заттарды айналып өту қабілетін, денесін оңға-солға бұру қабілетін
қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |