Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 103
Білім беру саласы:
Денсаулық. Таным
Бөлімі: Денешынықтыру
.
Тақырыбы:
Түрлі түсті секіртпелер
Мақсаты:
Секіргіш арқылы секіру кезінде және бөренемен жүрген кезде қимыл
үйлесімділігін дамыту.
Міндеттері:
секіртпені қолдың басымен және білекпен айналдыруға, денені тік ұстап,
аяқтың ұшымен секіруге, айналып тұрған секіртпемен үйлесімді секіруге үйрету.
Жұптасып жүргенде адым қарқыны мен ырғағының үйлесімді болуын қамтамасыз етуге,
қозғалыс бағытын сақтауға, жүру мен жүгіруді кезектестіре білуге баулу. Көлденең
бөрене бойымен жүргенде тұрақты тепе-теңдік сақтау қабілетін жетілдіруді
жалғастырамыз. Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға
үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасауға, қозғалыстың ізбе-ізділігін
сақтауға қабілетін нығайту. Организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін, зейінін
дамыту; дербестікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |