185
«Жұбыңды тап!»
Балалар өз қалауынша жұп құрап тұрады. Залды айналып «шашырап» жүреді. «1,2,3 –
жұбыңды тап!» деген белгі берілген кезде тездетіп жұптасып, екі-екіден сап түзейді.
Жұптасып жүгіреді. Жеңіл, ырғақпен жүгіруге, қозғалыс бағытын сақтауға тырысады.
Жұппен жүгіру. Жұптағы балалардың бір-бірімен үйлесімді қимылдауына назар аударады.
Дыбыстардың көмегімен орындалатын тыныс алу жаттығулары.
1.
«Кірпі».
Тыныс алу гимнастикасы.
Б.қ. – н.т.
1 – бастарын оңға бұрады – мұрынмен шуылдап қысқа дем алады. 2 – бастарын солға
бұрады – аузын жартылай ашып дем алу.
2.
«Реттеуші».
Б.қ. – аяқтарының арасын ашып тұрады. Бір қолды жоғары көтереді, екіншісін қапталға
созады.
1 – оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды қапталға созады (мұрынмен дем алады).
2 – сол қолды жоғары көтеріп, оң қолын төмен түсіреді, «р-р-р» дыбысын шығарады
3.
«Қаздар ұшып келе жатыр».
Б.қ. – н.т.
1 – қолдарын қапталға қарай созып көтереді (дем алады).
2 – қолдарын төмен түсіреді, «г-у-у» (демін шығарады).
4. «
Маятник».
Б.қ. – қолды белге қойып (дем алу).
1 – алға еңкейеді (дем шығару).
2 – б.қ. (Дем алу).
3 – солға еңкейеді (дем шығару).
4 – б.қ. «т-у-у-х» дыбысымен демін сыртқа шығару.
5.
«Кемпірқосақ».
Б.қ. – н.т.
1 – мұрнымен терең демалып, қолдарын қапталға созады.
2 – демін 3-4 секунд іште ұстайды.
3 – жымияды, «с» дыбысын айтады, іші мен кеуде қуысын босатып, ауаны сыртқа
шығарады. Бастапқыда қолдарын алға созады, кейін кеуде тұсынан айқастырып, өз-өзін
иықтан құшақтайды: бір қолды қолтықтың астына жібереді, екіншісімен иығын ұстайды.
6.
«Үлкен болып өс».
Б.қ. – н.т.
1 – қолдарын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады (дем алу).
2 – қолдарын төмен түсіріп, табанын толық басады (демді сыртқа шығару), «у-х-х»деген
дыбыс шығарады.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: