Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет453/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойындық сәт. Көңілсіз және көңілді смайл бейнеленген доптар. Көңіл көтеру үшін ойын 
ойнауға шақырады.
 
II. Негізгі кезең. 
Ойын түріндегі жаттығу:   


185 
 
 «Жұбыңды тап!»  
Балалар өз қалауынша жұп құрап тұрады. Залды айналып «шашырап» жүреді. «1,2,3 – 
жұбыңды тап!» деген белгі берілген кезде тездетіп жұптасып, екі-екіден сап түзейді. 
Жұптасып жүгіреді. Жеңіл, ырғақпен жүгіруге, қозғалыс бағытын сақтауға тырысады. 
 
Жұппен жүгіру. Жұптағы балалардың бір-бірімен үйлесімді қимылдауына назар аударады. 
 
Дыбыстардың көмегімен орындалатын тыныс алу жаттығулары. 
1. 
«Кірпі». 
Тыныс алу гимнастикасы. 
Б.қ. – н.т. 
1  –  бастарын  оңға  бұрады  –  мұрынмен  шуылдап  қысқа  дем  алады.  2  –  бастарын  солға 
бұрады – аузын жартылай ашып дем алу. 
2. 
«Реттеуші». 
Б.қ.  –  аяқтарының  арасын  ашып  тұрады.  Бір  қолды  жоғары  көтереді,  екіншісін  қапталға 
созады. 
1 – оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды қапталға созады (мұрынмен дем алады). 
2 – сол қолды жоғары көтеріп, оң қолын төмен түсіреді, «р-р-р» дыбысын шығарады 
3.
 «Қаздар ұшып келе жатыр». 
Б.қ. – н.т. 
1 – қолдарын қапталға қарай созып көтереді (дем алады). 
2 – қолдарын төмен түсіреді, «г-у-у» (демін шығарады). 
4. «
Маятник».  
Б.қ. – қолды белге қойып (дем алу). 
1 – алға еңкейеді (дем шығару). 
2 – б.қ. (Дем алу). 
3 – солға еңкейеді (дем шығару). 
4 – б.қ. «т-у-у-х» дыбысымен демін сыртқа шығару. 
5. 
«Кемпірқосақ».  
Б.қ. – н.т. 
1 – мұрнымен терең демалып, қолдарын қапталға созады. 
2 – демін 3-4 секунд іште ұстайды. 
3  –  жымияды,  «с»  дыбысын  айтады,  іші  мен  кеуде  қуысын  босатып,  ауаны  сыртқа 
шығарады.  Бастапқыда  қолдарын  алға  созады,  кейін  кеуде  тұсынан  айқастырып,  өз-өзін 
иықтан құшақтайды: бір қолды қолтықтың астына жібереді, екіншісімен иығын ұстайды. 
6. 
«Үлкен болып өс». 
 
Б.қ. – н.т. 
1 – қолдарын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады (дем алу). 
2  –  қолдарын  төмен түсіріп,  табанын  толық  басады  (демді  сыртқа  шығару),  «у-х-х»деген 
дыбыс шығарады. 
 
Негізгі іс-қимылдарды орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет