Шанамен сырғанау тәртібі: * кезекпен сырғанау керек;
* төмен қарай сырғанағанда арақашықтық сақтау қажет (төменде ешкім болмаса
ғана түсу қажет);
* төменге түскеннен кейін тоқтап қалмай, сырғанақтың жолынан бірден тұрып
кету қажет;
* шананы бұра білу керек;
* аяқ астынан кедергілер пайда болған кезде шананы тоқтата білу қажет;
* шананы орнына алып қоюды ұмытпау.
Шанамен сырғанауды әртүрлі ойындар кезінде де пайдалануға болады.
Шананы пайдаланып орындалатын спорттық жаттығулар. Кім бірінші. Үлкен шеңбер сызылады. Ортасына шанасы бар үш-төрт бала тұрады.
Оларға әртүрлі тапсырмалар береді:
* белгі берілген кезде шананы арқалығынан ұстап, шеңберден жылдам алып шығу.
* содан кейін өз шаналарына тез отыру;
* шеңберден шыққан кезде шаналарын ауыстырып, отырып алу;
* шеңберден шыққан кезде қарды домалақтап алып, нысанаға оң және сол қолмен
лақтыру.