Мақсат қою (мәселелі жағдаят) -Тимур Астанаға келіп, шахматшылардың шағын бағына келеді. Ол шахмат тақтасының шаршы пішінде екенін білді.Балаларға тақта бетіндегі кішкентай шаршылардың санын санауға көмектесіңіздер.
Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар шахмат тақтасының шаршыларын санау бойынша тәжірибелік жұмыс орындайды.
Балаларды топқа бөлуге болады.Алдымен топтар сануу әдістерін ұсынады. Өз нұсқаларын ұсынады.
– Қосудың көмегімен санаудың нәтижесін жазуға бола ма? Ал көбейтудің көмегімен ше? Қандай бірдей екі көбейткішті жазасың?
Көбейту кестесіндегі көбейту жағдайларынан бірдей көбейткіштер алынады.
№2 тапсырма орындалады. Бұдан кейін балалар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және 2 санының жабаларын қарайды.