«Ә», «Б» сыныптарында жүргізілген «Lesson Study» сабақты зерттеу жұмысы бойынша анықтама



Дата26.04.2023
өлшемі16,55 Kb.
#175452
түріСабақ
Байланысты:
« », «Б» сыныптарында ж ргізілген «Lesson Study» саба ты зерттеу


9 «Ә», 9 «Б» сыныптарында жүргізілген «Lesson Study» сабақты зерттеу жұмысы бойынша анықтама
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study - оқушылардың білімдерін көтеру мақсатында өткізіледі
Мектепішілік жоспарға сәйкес 9 «Ә», 9 «Б» сыныптарында «Lesson Study» зерттеуі бойынша сабақтарға бақылау жүргізілді.
Мақсаты: 9 «Ә», 9 «Б» сыныптардың білім сапасын көтеру;
пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін бақылау;
Ең алдымен фокус топ мүшелері сайланды:
Бултбаева Б.М –шығармашылық топ жетекшісі
Умиралиева Р.И, Аденова Э.Ж – мектеп психологтері
1. Кобеев О.И- қазақ тілі мен әдебиеті
2. Касымбекова Д.Р – орыс тілі
3. Адилова М.К – орыс тілі
4. Байсмакова Д.А – физика
5. Муналова А.С. – ағылшын тілі
6. Касымкулова Д.О – ағылшын тілі
7. Джариева К. - алгебра
8. Жаңабергенова З.С. - география
9. Аяпберген А.М - тарих
Мұғалімдер өзара ақылдасып зерттеуге алынатын оқушыларды іріктеді. 9 «Ә» сыныптан – Женишбек Самарбек, Базарбай Данияр, Чорабекова Аружан. 9 б сыныбы – Дүйсехан Даниал, Жалғас Фарида, Мирзаева Ақбаян.
Осыдан соң екі апта бойы фокус топ мүшелері бір-бірінің сабақтарына қатысып, зерттеуге алынған оқушыларды бақылады. Әр сабақтан соң қатысқан мұғалімдер сабақты талдап, зерттеудегі оқушылардың қаншалықты қатысқандарын, белсенділігін немесе керісінше төмендігін талқыға салып, келеі сабақты қалай жоспарлау бойынша ақылдасты. Зерттеу сабағы аяқталған соң барлық сабақ берген ұстаздар сабақтың ҚМЖ-сын, фотодәйектеме және рефлексивті есебін шығармашылық топ жетекшісі Б.М.Бултбаеваға өткізді. Мұғалімдердің есептерінен бұл зерттеудің аз да болса нәтиже бергенін байқауға болады. Сонымен 9 «Ә» сыныптан зерттеуге алынған Женишбек Самарбек пен Базарбай Даниярдың оқу үлгерімдері қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, физика, ағылшын тілі, тарих пәндерінен біршама жоғарылағандығы белгілі болды. Ал Чорабекова Аружанға орыс тілі, ағылшын тілі, физика пәндерінен әлі де болса бақылауды жалғастыру қажеттігі айқындалды. Сонымен бұл сыныптың білім сапасы ІІ тоқсанда І тоқсанмен салыстырғанда 4 пайызға өсті. Ал ІІІ тоқсанда тағыда төрт пайызға өсіру көзделуде.

9 «Б» сыныптағы зерттеуге алынған оқушыларда болса, тек қана Дүйсехан Даниалда ғана аздап алға ілгерілеушілік байқалса қалған екі оқушы да өте баяу болды. Сол себепті бұл сыныпта ІІ тоқсанда білім сапасы 0,6 пайыз ғана өсіп отыр. Бұдан шығатын қорытынды алдағы екі айда да бұл сыныпты әрі қарай бақылап, енді басқа оқушыларды зерттеуге алу керектігі айтылды.


Бұл зерттеу жұмысы тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар мұғалімдердің де жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану құзыреттіліктерін жетілдіруді мақсат еткен болатын. Осыған байланысты, пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды:
- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
- Өз бетімен жұмыс оқушының бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп әзірленуі керек;
- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы қажет;
- Деңгейлік тапсырмаларды дайындау барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілуі керек.
9 «Ә», 9 «Б» сыныбында жүргізілген Lesson Study-ді қорытындылай отырып, сабақтағы өз бетімен жұмысты жетілдіруде оқушылардың деңгейін міндетті түрде ескерілу керек деген түйін жасалды. Жеке жұмысты берер алдында, оқушылар тақырыпты топта талдаса жақсы нәтижеге жетуге болады. Сабақта бағалау парағын ұсыну, бағалауды жүйелі жүргізу, өздері қол жеткізе алатын нәтиже ғана емес, сабақ бойы қандай іс-әрекетпен айналысатынымен хабардар болып отыруға мүмкіндік береді, бұл олардың өз-өздерін реттеп үйренуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландырады деген қорытынды жасалды. Ең бастысы, осы зерттеу нәтижесінде 9 «Ә»сыныбындағы білім сапасында оң өзгеріс байқалды.
Ұсыныс: 9 «Ә», 9 «Б» сыныптарында жүргізілген «Lesson Study» сабақты зерттеу жұмыстарын «жеткілікті» деп бағалау, 9 «Б» сыныбына әрі қарай бақыдауды жалғастыру;

Анықтама жазған: Наресбаева Н.К


26.01.2022

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет