«Ә. Бектаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы



Дата14.06.2022
өлшемі16,07 Kb.
#146546
Байланысты:
Жазғы мектеп.7 (Ә) сынып.2022 ж


«Ә.Бектаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

Жаңаталап е.м.


Төрағасы: Дауренбекова К.Л 16 ата-ана қатысты.
Хатшысы: Исакова Л 18 мамыр 2022 жыл.


Күн тәртібіндегі мәселе.

  1. Оқушылардың қорытынды бағалары.

  2. Жазғы мектеп.

  3. Пән мұғалімдері мен ата-аналар сұхбаты.

Тыңдалды: Сынып жетекшісі Дауренбекова Күнсұлу Лагышпановна жиналған ата- аналармен сәлемдесіп, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып өтті. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша жиналған ата-аналарға оқушылардың сабақ үлгерімдерін үнемі бақылауда ұстауларын және Kundelik.kz –тен күнделікті бағаланып отырғанын қарап отыруларын айтты. Сол бойынша балаларының оқу үлгерімдері төмендеу болса алдағы уақытта жоспарланып отырған жазғы мектепке өтініштерін беріп, балаларын өз еркімен жіберуге болатынын айтып өтті. Әр оқушының сабақ үлгерімдерін таныстырып шықты. Соның ішінде тек бір ғана сабақтан үшке немесе төртке шығып қалған оқушылардың ата-аналарына қолдауды көп берулерін сұрады. Сонымен қатар пән мұғалімдері ұл-қыздарын жазғы мектепке берсе, үлгермей қалған мақсаттар мен тақырыптарын қайта пысықтайтынын айтты. ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов білім саласына оқушылар үшін жақсы жағдай жасап отырғандығын айтып өтті.
Жарыс сөзге биология пән мұғалімі Сапарбекова Гүлжахан апай балаларға смартфонды себепсіз бермеуін, тиімді пайдаландыруға кеңес берді.
Сөз кезегін орыс тілі пән мұғалімі Касымбекова Гулнар Ускенбаевна балалардың сабағын екі жақтап қадағалауда ұстамасақ төмендеп кететінін айтып өтті.

Қаулы: 1. Ата-ана және сынып жетекші оқушылардың үлгерімін қадағалауда ұстасын.


2. 2021-2022 оқу жылында білімінде олқылықтары бар оқушылар жазғы мектепке келсін.
3. Пән мұғалімдері мен ата-аналар үнемі байланыста жүрсін.

Төрайымы: К.Дауренбекова


Хатшысы: Л. Исакова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет