Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм



бет12/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
#24192
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




Оқу бағдарла-масына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту

іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары










Әріппен жазуды үйрету мынадай тәртіппен орындалады:

1. Сөзге дыбыстық талдау жасау арқылы керекті дыбыс бөліп алынады да, жеке және хормен дыбысталынады; дыбыстың баспа және жазба әріптері көрсетіледі; ол әріптер бір-бірімен салыстырылады.

2. Әріптің жазылу үлгісімен таныстырылады (тақтадан, кестеден, жазу үлгісінен таптыру).

3. Әріпті мұғалім өзі тақтаға жазып көрсетеді және оны әріп элементтері арқылы қалай жазуды түсіндіреді.

4. Әріпті сөз ішінде басқа әріптермен қалай қосып жазу керектігі үйретіледі.

5. Көркем және таза жазу талабы қойылады.

6. Әрбір оқушының жазуын мұғалім бақылап, кемістігін түзетуге көмектесіп отырады.

7. Жазу оқылған материалдар бойынша жүргізіледі (яғни оқу мен жазу бір материал бойынша жүргізіледі).







Менің отбасым және достарым

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«Д» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



55–56-сабақтар. Менің достарым. Дд дыбысы мен әрпі

1. «Д» дыбысы мен әрпін бір-бірінен ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. «Д» дыбысының дауысты не дауыссыз екендігін ажыраттырыңыз. Оның таңбасын көрсетіңіз. Сөздерде кездесу ретін танытыңыз.

Доп сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау.

1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату.

(МК; Ө; Қ) Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау, ертегіні өз ойымен аяқтау білігін бағалау.


Өлеңді аудио үнтаспадан тыңдатыңыз немесе мәнерлеп оқып беріңіз.

Тыңдауға берілген өлеңді мәнерлеп оқып болғаннан кейін Әли мен Мерейдің сұхбатына назар аудартыңыз. «Балалар, Әли бізден не сұрайды?» деп, мәтіннің өлең не әңгіме екенін анықтатыңыз. Өлеңнің ұйқасқа құрылатынын естеріне түсіріңіз.




Аудио үнтаспа

Оқулық



2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.



2. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Мұғалім сөздерді буындап, тұтастай оқытады. Оқушылардың мәтінді сөз сызбаларымен толықтырып оқуына мүмкіндік жасаңыз.

Мәтіннің соңғы сөйлеміне оқушылардың сұрақ қоюын және қойылған сұрақтарға жауап беруін ұйымдастырыңыз. Оқушылар мәтіннің соңғы сөйлеміне (Дана, Дулат – достар.) сұрақ қойып үйренеді: «Дана, Дулат кімдер?» немесе «Кімдер достар?».




Оқулық


1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, сұрақтарға жауап беріп, сұхбаттаса алу білігін бағалау.




Оқулықтағы келесі тапсырмада берілген сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың сыныптасымен сұхбаттасуын жүзеге асырыңыз.


Оқулық



3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Дд әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

1.9 Сөздерді, дыбыстар-ды орфо-эпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

1.1.9.3

Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.




(МК; Т; Қ) Дыбысты ажырату, буын санын анықтау білігін бағалау.


57-сабақ. Менің достарым. Дд дыбысы мен әрпі

1. Суреттегі сөздерді ататып, буынға бөлдіріп, дыбыстық талдау жасатып, д әрпінің орнын анықтатыңыз. Суреттегі сөздерді қатыстырып сөйлем құратыңыз.

Оқушыларға шешуі суреттегі сөздер болатын жұмбақтар жасырып көріңіз.




Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

жұмбақтар




1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




2. Әріптер мен сандарды қолданып сөз құрату жұмысын жүзеге асырыңыз. Оқулықта өтілген әріптер жүйесі беріліп, олар сандармен белгіленген. Сөздер сандармен берілген. Оқушылар сол сандарға сәйкес әріптерді пайдаланып, сөз құрайды: 10 5 9 – дос, т.с.с.


Оқулық

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ө; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




3. «Ойлан, тап» ойынын ойнатыңыз. Ребусты шешудің жолын түсіндіріңіз.

Ойынның шарты бойынша суреттегі заттардың бірінші әріптерінен жасырынған сөз шығады. Оқушылардың суреттегі заттардың атауларындағы алғашқы әріптерді қосып, «далада» сөзінің қалай шыққанын табуына мүмкіндік жасаңыз.

Бұл сөзге буындық-дыбыстық талдау жасатыңыз және сөз мағынасымен жұмыс ұйымдастырыңыз.


Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың әріптер мен сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/

мәтін құрастыру және жазу.




(МК; Ө; Т; Қ) Суретпен жұмыс жасай білу білігін бағалау.

58-сабақ. Менің сыныптас достарым. Ыы дыбысы мен әрпі

1. Сюжетті суреттермен жұмыс ұйымдастырыңыз. Мұғалім оқушылардың назарын оқулықта берілген суреттерге аударады.

Ы әрпі мен дыбысының туған күніне келген қонақтардың аттарын тапқызып, дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«Ы» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



«Ы» дыбысы мен әрпін бір-бірінен ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. «Ы» дыбысының дауысты не дауыссыз екендігін ажыраттырыңыз. Оның таңбасын көрсетіңіз. Сөздерде кездесу ретін танытыңыз.

Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(МК; ­Ө; Қ) Сюжетті сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беру, әңгіме құрай алу білігін бағалау.

2. Сюжетті сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беру, әңгіме құрай алу білігін бағалауды жүзеге асырыңыз. Оқушылар топқа бөліп, «Оқушылар қандай сабақтарда болды?», «Олар әр сабақта немен айналысты?», «Сауат ашу сабағында қай әріппен танысты?» сұрақтары бойынша іздену жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Соңғы сұрақтың жауабы бүгінгі жаңа сабақ екенін айтуына ықпал етіңіз.


Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Ыы әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.



1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.

(МК; Ұ; Ө; Қ) Мәтінді түсініп, тиісті сөздерді оқи білу білігін бағалау.


59–60-сабақтар. Менің сыныптас достарым. Ыы дыбысы мен әрпі

1. «Ыдыс» туралы мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатыңыз немесе мәнерлеп оқып беріңіз.

Мәтінді түсініп, тиісті сөздерді оқи білу білігін бағалауды жүзеге асырыңыз.

Мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтатыңыз.


Аудио үнтаспа Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.

2. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Оқулықта берілген сөздер мен мәтінді оқу түрлерін қолданып оқытыңыз. Сөз мағыналарымен жұмыс жасатыңыз.



Оқулық

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Т; Қ) Берілген сұрақтарға өз көзқарастарын білдіру, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасау білігін бағалау.


3. Суреттер арқылы оқушылар-дың түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдануын ұйымдасты-рыңыз.

Суреттердегі оқушылардың тәртібіне, өздерін ұстауларына назар аудартыңыз.

«Қай оқушы үзілісте өзін жақсы ұстады?», «Қай оқушы тәртібін жөндеу керек?», «Кінәлі болған жағдайда қандай әдепті сөздерді пайдаланар едің?» сұрақтары төңірегінде жұмыс ұйымдастырыңыз.

Оқушылар сюжетті суретке сүйене отырып, берілген сұрақтарды топта талқылап, ортақ шешімге келіп, жауаптарын топта жариялайды.



«Менің сөзім» әдісі бойынша өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасатыңыз.


Оқулық http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




1.6 Тыңдаушы-ның назарын аудару.


1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасын-дағы кідірісті) қолдану.

(МК; Ұ; Ө; Қ) Өлең мазмұны бойынша түсінгендерін өз сөздерімен баяндау, балаға мінездеме беру білігін бағалау.


«Қай суреттегі оқушылар әдепті?», «Сен өзіңді әдепті оқушы қатарына жатқызасың ба?» сұрақтары төңірегінде оқушылармен әңгімелесіңіз.

«Венн диаграммасы» арқылы оқушының әдепті және әдепсіз қылықтарын топтастыртыңыз. «Әдепті оқушы» тақырыбында әңгіме құрастыруларына басшылық етіңіз. Әдептіге жазылған сөздер әңгіме құрастыруда басшылыққа алынады.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың әріптер мен сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

30-беттегі тапсырманы орындатыңыз. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді тауып, жазу керек.

Мысалы: Ыдыс, ырыс, отын, орын, сусын, басы.


Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«М» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



61-сабақ. Менің отбасым. Мм дыбыс мен әрпі

«М» дыбысы мен әрпін бір-бірінен ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

«М» дыбысының дауысты не дауыссыз екендігін ажыраттырыңыз. Оның таңбасын көрсетіңіз. Сөздерде кездесу ретін танытыңыз. Мысық сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


https://www. google.kz

картинки


1.2

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ұ; Ө; Қ) Сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айта білу білігін бағалау.


1. Оқушыларға оқулық кейіпкерлері Әли мен Мерейдің сұхбатын мәнерлеп оқып беріп, олардың да сұхбатқа қатысуын ұйымдастырыңыз. Диалог әдісін қолдану арқылы оқушылардың өз отбасы туралы айтуына ықпал етіңіз.

Келесі тапсырмада көп нүктенің орнына «әкем», «шешем», «мен» сөздерін қойып айтқызыңыз. «Ал менің отбасымда әке-шешемнен басқа ағам, қарындасым, інім бар».




Оқулық


2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.


1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


(МК; Ө; Т; Қ) Отбасы туралы әңгімелеуінде мағынасы қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалау.


2. Оқушылардың өз отбасы туралы әңгімелеуінде мағынасы қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді пайдалануын ескеріңіз.

«Ең үлкен ата, Атын ата» өлеңін оқып беріп, оқушылардың назарын «үлкен» сөзіне аударыңыз. Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. «Үлкен» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз (кіші) тапқызыңыз. Қарамен берілген «ата» сөзінің мағынасын оқушылардың әрқайсысына сұрақ қою арқылы ажыратқызыңыз:

– Ең үлкен кім?

– Ата.


– Атын не істе?

– Ата.



Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Мм әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасымен шығармашылық жұмыс жасай алу білігін бағалау.


62–63-сабақтар. Менің отбасым. Мм дыбыс мен әрпі.

1. Сызба және сөздердің көмегімен оқушылардың мәтінді оқуын жүзеге асырыңыз.
Оқушылардың берілген сөздер мен сызбалар арқылы «Мынау – менің атам. Оның аты – Марат. Ол – ұста. Мен атамды жақсы көремін» мәтінін оқуын ұйымдастырыңыз.

Мәтіндегі атасының аты, оның қызметі әр баланың қалауы бойынша айтылады.




Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.

2. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Мұғалімнің көмегімен сөздер, мәтін оқытылады.

Сөздік жұмысы жүргізіледі: «томар», «малтатас», «малтыды».


Оқулық


2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Ұ; Қ) Сұрақтар қоя білу, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.


3. Сурет және сызба арқылы сөйлем/мәтін құратыңыз. Алмас, Алмат, Мараттардың малтатас туралы кімге айтқанын сызықпен дұрыс жүру арқылы тапқызыңыз: Алмас әкесіне малтатас туралы айттты. Алмат малтатас туралы ағасына айтты. Марат малтатас туралы атасына айтты, т.б.


Оқулық


3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

М дыбысы менн әрпі бар сөздерді буын санына қарай сызбаға сәйкестендіріп жазу.

Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ж; Ө; Қ) Дыбыстарды ажырату, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алу білігін бағалау.


64–65-сабақтар. Менің отбасым. Ққ дыбысы мен әрпі «Қ» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Қ»-ның дауыссыз екені, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіңіз. Таңбасын үйретіңіз.

Қарақат сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.

Оқулықта беріңлген сюжетті суретті басшылыққа алып әңгіме құратыңыз.




Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер



2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.

1. Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, бір дыбыстың өзгеруінен жаңа сөздің пайда болу құбылысын байқатыңыз. Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалауды жүзеге асырыңыз.

Оқулық

2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Т; Қ) Сюжетті суреттер бойынша қойылған сұраққа жауап беру білігін бағалау.



2. Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тапқызыңыз. Әкесінің заттары: балға, ара, шеге, қалақ. Шешесінің заттары: қасық, табақ, қазан, шанышқы. Қыздың заттары: қуыршақ, ойыншық тышқан, ойыншық тауық.

Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер

https://www. google.kz

картинки



1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




Отбасы мүшелеріне қатысты заттарды оқушылардың дұрыс табуына және бұл заттарды үш топқа бөліп көрсетуіне мүмкіндік жасаңыз. Осы заттар ыдыстар, ойыншықтар, жұмыс құралдары болып топтастырылады. Оқушылар әкесінің заттары – жұмыс құралдары, шешесінің заттары – ыдыстар, қыздың заттары ойыншықтар екенін табады.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер

https://www. google.kz

картинки



3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Ққ әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалау.


66–67-сабақтар. Менің отбасым. Ққ дыбысы мен әрпі

1. Сызба және сөздердің көмегімен оқушылардың мәтінді оқуын жүзеге асырыңыз. Оқушылардың «Анам ас үйде. Ол қасық, шанышқы алды. Мен атамды тамаққа шақырдым. Қуырдақ жедік. Артынан ыстық шай іштік» мәтінін сөздер мен сызбалар арқылы оқуын ұйымдастырыңыз.


Оқулық

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.


1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


(МК; Ө; Қ) Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып, ажырата алу, қолдану білігін бағалау.

2. Әр суретке назар аудартылып, оның не екені (стақан, кесе, үстел) таптырылады. Суреттердің астында жазылған сөздер (суық, астында) оқытылады. Ол сөздерге дыбыстық талдау жасатып, оған мағынасы қарама-қарсы сөзді табу жұмысын ұйымдастырыңыз.

Мысалы: суық – ыстық;



астында – үстінде.


Оқулық


1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(МК; ­Т; Қ) Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беру, әңгіме құрау, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасау білігін бағалау.

3. Оқушылардың суреттегі отбасы мүшелерін дастарқан басына дұрыс отырғызуына және не үшін олай отырғызғанын дәлелдеуіне мүмкіндік жасаңыз. Бұл тапсырма «Кім қайда отыруы тиіс?» ойыны арқылы орындалады. Ойынның шарты: отбасы мүшелерін тиісті орындарына отырғызып, не үшін олай отырғызғанын дәлелдеуі тиіс. Мысалы, Атам мен әжем төрде отырады. Өйткені, олар – отбасының үлкендері, т.с.с. Тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Өтіліп жатқан тақырып төңірегінде өзіндік ой-тұжырым, қорытынды шығарады. Оқушылар топта ортақ шешімге келіп, жұмыстарын топта жариялайды. Қойылған проблемалық сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып, көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» тәсілі арқылы өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.


Оқулық

Смайликтер



3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

36-бетте берілген сөдерді ьуынға бөлдіріп, кестелерге жазғызыңыз.



Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ж; Ө; Қ) «Ұ» дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау..

68–69-сабақтар. Менің отбасым. Ұұ дыбысы мен әрпі

«Ұ» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Ұ»-ның дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсетіңіз. Таңбасын үйретіңіз.



Ұлу сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


https://www. google.kz

картинки


1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(МК;Ұ;Т;Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




1. Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалауды ұйымдас-тырыңыз. Суреттегі «ұршық», «ұшақ», «ұста», «мұғалім», «ұстаз» сөздеріне назар аудартып, бұл сөздерде қай дыбыс жаңа екенін анықтатыңыз.

Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжатыңыз. Оқушыларға атаға «ұста», әжеге «ұршық», әкеге «ұшақ» суреттері сәйкес екенін табпқызыңыз. Бұл сөздерде қай дыбыс жаңа екені аңғартылады.

Суреттерді өзара байланыстырып сөйлем құрастыруына ықпал етіңіз.


Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2

Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.




(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағы-насын ажырату, хормен, тізбек-тей, жекелей оқу білігін бағалау.

2. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу жұмыстарын жүргізіңіз.

Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ) Сызба және сөздермен мәтін оқу білігін бағалау.


3. Сызба және сөздермен мәтін оқу білігін бағалауды ұйымдас-тырыңыз. «Менің анам» мәтінін оқуда сөзден басқа сызба да басшылыққа алынады:

Мынау – менің анам. Оның аты – Нұрша. Ол – ұстаз. Анам – ұстамды кісі, немесе т.б.




Оқулық

3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Ұұ әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалау.


70–71-сабақтар. Менің отбасым. Ұұ дыбысы мен әрпі

1. Топпен әр баланың өз отбасы туралы әңгімелеуін ұйымдасты-рыңыз. Суретке сәйкес сызбаларды оқытыңыз. Мысалы: «Мынау – әжем. Оның аты – Ұлжан. Ол – сатушы.

Әжем – дана кісі, т.с.с.




Оқулық


2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Ө; Қ) Сұраққа нақты жауап беру, этикет сөздерді қолдану, сөйлем құрау білігін бағалау.

2. Оқушылардың өз отбасының мүшелері туралы әңгімелеуіне мүмкіндік жасаңыз. Сөйлеу барысында көркемсөз тіркестерін қолдана алуларына назар аударыңыз.

Оқулық

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки



3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.


Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ж; Ө; Қ) «І» дыбысы мен әрпін бір-бірінен ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.


72–73-сабақтар. Менің отбасым. Іі дыбысы мен әрпі

«І» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «І» дыбысының дауысты екені танытып, әріппен таңбалану үлгісін көрсетіңіз.

«І»-нің дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында, аяғында келу үлгілері көрсетіңіз.

Iрiмшiк сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

https://www. google.kz

картинки


1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(МК; Ж; Қ) Мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап беру білігін бағалау.



1. «Біздің отбасы» өлеңін аудио үнтаспадан тыңдатып, өлеңдегі «ғалым», «мұғалім», «инженер», «дәрігер», сөздеріне сұрақ қойдырыңыз және «Отбасы мүшелері күнделікті немен айналысады?» сұрағының төңірегінде әңгімелесіңіз.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап алыңыз: «Өлең не туралы?», «Атасыі кім болып жұмыс істейді?», «Әжесі ше?», «Әкесі ше?», «Анасы ше?», «Ол не үшін мектепке барады?», т.с.с.

Оқушыларға «Өзіңнің отбасыңның күнделікті тіршілігін немесе немен айналысатынын әңгімелеп бер» тапсырмасын беріп, жауап алыңызү


Аудио үнтаспа Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.



2. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Оқулықтағы

«ін», «іні», «ірі», «іс», «тіл», «шіл», «іш», «тіс», «іл» сөздерінің оқылу үлгісін көрсетіңіз.

«Ақылды іс тындырады,

Ақымақ тіс сындырады» мақалын оқушыларға оқытып, мағынасына талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер

https://www. google.kz

картинки


2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ)

Сөз сызбасын оқи алу, сөйлем құрау білігін бағалау.




3. Қай сурет сызбаға сәйкес келетінін оқушыларға тапқызыңыз. Оқушылар суреттегі («кілт», «піл», «тіл», «шіл») сөздердің атауын тауып, қайсысы берілген сөз сызбасына сәйкес келетінін айтады.

Дыбыстық талдау жасатыңыз. Сөздерді қатыстырып сөйлем құратыңыз.




Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Іі әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/

мәтін құрастыру және жазу.



(МК; Ө; Т; Қ) Сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсініп, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрау білігін бағалау.


74–75-сабақтар. Менің отбасым. Іі дыбысы мен әрпі

1. Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыртыңыз. Мұғалім әр суреттің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап алады. Мысалы, 1-сурет бойынша: –Бала не істеді? – Бала киімдерін іздеді. 2-сурет бойынша: – Ол қайда асықты? – Ол мектепке асықты. 3-сурет бойынша: – Бала сабаққа үлгерді ме? – Бала сабаққа кешікті.

«Ол қандай оқушы?», «Сабаққа кешігуінің себебі неде?», «Сендердің күн тәртіптерің қалай құрылған?» сұрақтары арқылы сюжетті суреттегі негізгі ойды анықтатыңыз.

YouTube сайтынан (Балапан және оның достары. Күн тәртібі

Мультфильм. Балапан ТВ) мультфильмді көрсетіңіз. Күн тәртібін дұрыс құрудың маңызы туралы айтыңыз.




Оқулық

YouTube сайты (Балапан және оның достары

Күн тәртібі

Мультфильм

Балапан ТВ)


2.5
Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.


1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Ж; Қ) Мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап беру білігін бағалау.



2. Мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатып немесе оқып беріп, сұрақ қойыңыз: «Әсет әжесіне қадалған түйме үшін не айтты?», «Әжесі айтқанын бұлжытпай орындаған немересіне не айтты?».

Оқушылардың өз ойларын ашық айтуларына, жүйелі жеткізулері-не ықпал жасаңыз.




Аудио үнтаспа Оқулық


2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Ж; Қ) Сұраққа нақты жауап беріп, этикет сөздерді қолданып сөйлем құрай алу білігін бағалау.

3. Оқушылардың жұптасып бір-біріне әдепті сөздер айтуын және оларды пайдаланып көрініс көрсетуін ұйымдастырыңыз. олардың көрініс ойлап тауып, оны көрсетуіне ықпал етіңіз.

Оқулық


3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жола-ралық кеңіс-тікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)
Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

41-беттегі берілген тапсырма бойынша, әріптерден сөз құрап жазу керек. Жауабы: тілім, ілім.



Дәптермен жұмыс

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ө; Қ)

Жеке ұғымдардың жалпылама атауын табу, иллюстрациясы бойынша болжау білігін бағалау.



76-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

1. Бөлім бойынша түзілген «Мен не үйрендім?» нәтиже сабағында «Менің отбасым және достарым» лексикалық тақырыбы бойынша алған білімі мен қалыптасқан тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының деңгейі түрлі тапсырмалар арқылы тексеріледі. Жеке ұғымдардың (ата, әже, әке, шеше, қыз) жалпылама атауын (отбасы) табу.



Оқулық

https://www. Google.kz

детские сюжетные картинки



2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалау.


2. Сөз сызбаларына сәйкес келетін сөздерді суреттерден тауып айтқызыңыз.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.


3. Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қоюын, әріптер мен олар кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз.

Дәптермен жұмыс

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.



4. Өтілген әріптермен сөз құрату жұмысын жүзеге асырыңыз. Оқулықта өтілген әріптер жүйесі беріліп, олар сандармен белгіленген. Тапсырма сандармен берілген. Оқушылар сол сандарға сәйкес әріптерді пайдаланып, сөз құрайды. Мысалы: Отан, достық, ынтымақ, татулық.


Оқулық

3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың әріптер мен олар кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

67-беттегі 3-тапсырманы орындатыңыз. Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап жазу керек.



Дәптермен жұмыс

Каталог: uploads -> doc -> 1194
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1194 -> Сабақ 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы
1194 -> Сабақтың тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет