Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм



бет2/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
#24192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«Детектив»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.

«Коллаж әңгіме»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

«Менің сөзім»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

«Жағымды, жағымсыз, даулы»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.

«Неге? Неге? Неге?»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.

«Қол белгісі»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.



«Бағдаршам»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.


Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әр бөлім өз кезегінде әрі қарай бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелерде оқу мақсаттары белгіленген, олар білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Әрбір кіші бөлімшенің ішінде бірізділікпен орналастырылған және сол арқылы мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың еңбегін бағалауға оқытудың келесі кезеңі туралы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары бірізділікпен орналастырылған.

САУАТ АШУ ПӘНІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

(Барлығы – 150 сағат, аптасына – 6 сағат)





Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1

Өзім туралы







2

Сәлем саған, мектебім! Сөйлеу

1




3

Оқушымын мен енді. Сөйлеу

1




4

Кел, танысайық. Осы менің туған елім! Сөйлем

1




5

Сыныптағы танысу. Сөйлем

2




6

Оқу құралдарымен таныс болайық. Сөз

1




7

Әдептілікке үйренейік. Сөз

1




8

Маған ұнайтын өлеңдер. Сөз.

3




9

Маған не ұнайды? Буын

2




10

Мен жақсы көретін жан-жануарлар. Буын

2




11

Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс

1




12

Мен ұнататын ертегілер. Дыбыс

1




13

Дыбыстар әлемі несімен ұнайды? Дыбыс

3




14

Мен ақынмын. Дыбыс

2




15

Баспана түрлері. Дыбыс. Сөйлеу

2




16

Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу

3




17

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

4




18

Менің мектебім







19

Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі

2




20

Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі

3




21

Мектеп ауласына саяхат. Л дыбысы мен әрпі

3




22

Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі

3




23

Менiң мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі

2




24

Менiң мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі

3




25

Сыныптан тыс уақытта. У дыбысы мен әрпі

3




26

Сыныптан тыс уақытта. Ш дыбысы мен әрпі

2




27

Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы мен әрпі

2




28

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

1




29

Менің отбасым және достарым







30

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі

3




31

Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі

3




32

Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі

3




33

Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі

4




34

Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі

4




35

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі

4




36

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

1




37

Бізді қоршаған әлем







38

Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі

2




39

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі

3




40

Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі

4




41

Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі

3




42

Мен және табиғат. Й дыбысы мен әрпі

2




43

Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі

3




44

Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі

2




45

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

1




46

Саяхат







47

Орманға саяхат. ң дыбысы мен әрпі

3




48

Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі

4




49

Табиғатқа саяхат. З дыбысы мен әрпі

3




50

Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі

3




51

Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі

3




52

Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі

3




53

Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі

3




54

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі

2




55

Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі

2




56

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

1




57

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті







58

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі

2




59

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі

2




60

Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю әрпі

2




61

Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ё әрпі

2




62

Ұлттық ойын туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі

2




63

Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі

3




64

Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі

2




65

Ойын ережесін құра аламын. Щ дыбысы мен әрпі

2




66

Ойын ережесін құра аламын. Ч дыбысы мен әрпі

1




67

Ойын ережесін құра аламын. ь таңбасы

1




68

Ойын ережесін құра аламын. ъ таңбасы

1




69

Нәтиже сабақтар

7





Әдістемедегі ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері бойынша әріптік белгілердің мәні төмендегідей:



Ұ = ұжымдық жұмыс (сыныппен) ОТ = оқушының тәжірибесі

Т = топтық жұмыс МК = мұғалімнің көрсетуі

Ж = жұптық жұмыс Қ = қалыптастырушы (формативті) бағалау

Ө = өзіндік жұмыс

Ескерту: «Мұғалімнің сыйы» бағытында ұсынылған тапсырмаларды өз қалауыңыз бойынша қосымша ақпараттар ретінде қолдануыңызға болады.



«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

1-бөлім. Өзім туралы

Осыған дейін меңгерілген білім

1-бөлім үйде/мектепке дейінгі ұйымда алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әңгімелер мен өлеңдерді, өздерін сипаттайтын кейбір сөздерді біледі деп жоспарланады.

Контекст (мәнмәтін)

Бірінші бөлім оқушылардың өзін жан-жақты таныстыруына және бірін-бірі танып білулеріне мүмкіндік береді. Бұл бөлім материалдары «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерімен сабақтастық байланыста жүргізіледі. Мұғалім «Өзім туралы» лексикалық тақырыбы негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете отырып, олардың тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырады. Бұл, сөз жоқ, белсенді тілдік ортаның құрылуына мүмкіндік береді. Сабақ арасында бастауыш сынып оқушыларын шаршатып алмау үшін сергіту сәтін өткізген дұрыс.

Қысқаша шолу

Бұл кезең материалдарын оқытуға 5 апта (30 сағат) бөлінеді. Бөлімде оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру; фонематикалық есту-тыңдауын дамыту; дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру; сызба-үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру; қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу); ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту; ауызша, жазбаша тілін дамыту қарастырылады. «Өзім туралы» атты тақырыптан бастап, өзі, елі, үйі және ұнататын заттары туралы ойларын ортаға салады. Оқушылар ұжымда, топта, жұппен жұмыс жасау барысында бір-біріне сұрақтар қояды және жауап береді, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасауды үйренеді, бірігіп өлең шумақтары мен бейкөркем мәтіндер құрастыра бастайды.

Каталог: uploads -> doc -> 1194
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1194 -> Сабақ 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы
1194 -> Сабақтың тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет