Е. Ж. Жылқыбаевқа 2012 жылғы 11-18 ақпан аралығында есеп беру кездесулері барысында



Дата20.06.2018
өлшемі116,5 Kb.
#43450
Шығыс Қазақстан облысы әкімі

аппаратының басшысы

Е.Ж. Жылқыбаевқа
2012 жылғы 11-18 ақпан аралығында есеп беру кездесулері барысында

Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаевқа қалалықтардан түскен ескертулерді, ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша

іс-шаралар жоспарын орындау бойынша IV тоқсанға ақпарат


№№

п/п

Іс-шара атауы

Қала әкімінің жауапты орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы

Жауапты

орындаушы

Орындау мерзімі

Орындау барысы

1

Жолдар мен көшелерді қысқы ұстауды жақсарту бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау

Д.Ю. Кавригин

Е.А. Нәбиев

Ж.Б. Баирханов

Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары

2012 жылдың

1-тоқсаны,

4-тоқсаны


«Қала жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстау» шартына сәйкес 2012-2013 жыл-дардың күзгі-қысқы кезеңінде қала аумағын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» МКК жүзеге асырады, ол өз кезегінде қысқы кезеңде ұстау үшін келесі ұйымдармен: «Земстрой» ЖШС, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС, «Рем-дор» ЖШС, «Бриллиант Сити» ЖШС, «Дороги Востока» ЖШС 5 қосалқы мердігер шартын жасасты.

Қала аумағын күтіп ұстауды бақылау сапасын жақсарту үшін учаскелерді бекіту сұлбасы (қала аумағы шартты түрде 3 маршрутқа және 19 ауданға бөлінді) бар. Құрылған маршрутқа қоғамдық көлік жүретін орталық көшелер кіреді, оған қарды жинап-тазалайтын арнайы техникалар жұмылдырылған.

Қала жолдарын күтіп ұстайтын мердігер ұйымдардың жұмыстарына тұрақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында ТҮКШ бөлімінің, жол полициясының, СЭС және Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» КМҚК өкілдерінің қатысуымен қала аумағын күтіп ұстау бойынша орындалатын жұмыстарды комиссиямен қабылдауды көздейтін сұлба әзірленді. Апта сайын жоғарыда көрсетілген комиссия мүшелері мердігер ұйымдармен қызмет көрсетілетін аудандарды аралап қарайды, қала аумағын күтіп ұстау бойынша жұмыстардың сапасын бағалайды.

Шұғыл кеңестерде берілген тапсырмаларға сәйкес жолдардың қысқы кезеңде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүру бөліктерін және жаяу жолдарды асфальтқа дейін, жолдың жүру бөліктерін жол жиектемелеріне дейін қардан, мұздан және қызыл су мұзынан тазалау, аулаларға баратын жолдарды тазалау, қоғамдық мекемелерге баратын жолдарды қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынды.



2

Қураған талдар мен мамықты теректерді кесу бойынша жұмыстарды жалғастыру. Қаланың шағын аудандарында көшеттер отырғызуды жүзеге асыру

Д.Ю. Кавригин

Е.А. Нәбиев

Ж.Б. Баирханов

Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары


2012 жылдың

2, 3 -тоқсандары



Мердігер ұйым «Өскемен-Тәртіп» МКК апаттық жағдайдағы және қураған 422 түп ағашты кесу және 2149 түп мөлшерінде ағаштарды кесу бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалада әртүрлі 1000-нан астам талдар егілді.

Талдарды кесу және егу жұмыстары жыл сайын емес 3 жылда бір өткізілетіндіктен 2013 жылы бұл жұмыстар жоспарланбаған.

2.35 баптың 24.2 тармағы «Тұрмыстық қатынастар туралы» бойынша 16.04.1997 жылы №94 «ортақ мүлік-бұл: объектінің жартысы кондоминиумдады, құрылыс элементтері мен жер телімдерімен қоса және басқа да ортақ қолданыстағы мүліктер . Үйдің меншік иелері жеке меншік ортақ мүліктердің барлық шығындарын бірге өтеуге міндетті.»



3

Елді мекендер мен қаланың шалғай аудандарын сумен қамту

Д.Ю. Кавригин


Ж.Б. Баирханов


2012 жылдың

2-4 тоқсандары



2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 3 объектіні аяқтауға 580 млн. теңге бөлінді: «ШҚО Өскемен қаласында Меновной ауылының сумен қамту желілерін салу», «КНС-14-тен КНС-17-ге дейін қысым коллекторын қайта жаңарту» (2 жіп), ШҚО Гагарин желекжолынан КНС 17-ге дейін өздігінен ағатын коллектор», «ШҚО Өскемен қаласындағы Ново-Явленка ауылының сумен қамту желілерін салу» объектілеріне, сондай-ақ жаңа 2 объектіні салуға «ШҚО, Өскемен қаласының Тәуелсіздік даңғылынан Бажов көшесіне дейінгі Пограничная көшесіндегі сумен қамту желілерін қайта жаңарту», «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Центральная көшесіндегі (Нефтяная көшесінен Грейдерная көшесіне дейін) сумен қамту желілерін қайта жаңарту» объектілерін салуға қаражаттар бөлінді.

Қазіргі уақытта объектілердің құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізіліп, объектілер «Өскемен Водоканал» МКК тапсырылды.

2011 жылы жұртшылық жерді және қаладан алшақ орналасқан аудандарды сумен қамтуға 3.2 млрд. теңге шамасында ақша бөлінді, соның нәтижесінде 12 объект салынып пайдалануға берілді.

2013 жылы канализация және сумен қамту объектілерінің құрылысына 3.9 млрд. теңге шамасында ақша бөлінді. Қазіргі күнде қаланың сол жақ жағалауындағы құрылысты бастауға 830 млн. теңге бөлінді. (Понтонный көпірі ауданы) .


4

Қаңғыбас иттерді ұстау бойынша жұмысты жалғастыру

О.А. Желякова

Қ.М. Баширов

Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары


үнемі

2012 жылғы 1 наурыздан бастап Өскемен қаласы бойынша қаңғыбас жануарларды аулаумен «Өскемен мал дәрігерлік қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны айналысады. (2012 жылғы 11 ақпандағы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабы 4 тармағы өзгерістер мен толықтырулары).

Қаңғыбас жануарларды аулау кестесі бекітілді. Барлық ЖӨБК директорларына қаңғыбас жануарларды аулау кестесі және қаңғыбас жануарлардың жиналатын жерлерін анықтау және өтінім беру жұмыстарын ерекше бақылауға алу қажеттілігі туралы телефонхабар жолданды. Қаңғыбас жануарларды ұстау 2 дербес бригадамен жүргізіледі. Қаңғыбас жануарларды ұстайтын бригадалар Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының филиалдары директор-ларымен бірлесіп жұмыс атқарады, атқарылған жұмыс актілерін филиал директорлары бекітеді.

ЖӨБК және «Өскемен мал дәрігерлік қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының өкілдерінің ақпаратына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 2654 ит, 188 мысық ауланды, 54 ит өлексесі алынды.

Қаңғыбас жануарларды аулау саны 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 1185 бас итке, 152 бас мысыққа, 43 ит өлексесіне өсті.



5

Лифт шаруашылығын қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыру

Д.Ю. Кавригин О.А. Желякова


Ж.Б. Баирханов

Т.С. Адильбекова

үнемі

Өскемен қаласындағы 201 биік тұрғын үйде 541 лифт орнатылған деп хабарлаймын.

Қазіргі уақытта 490 лифт жұмыс істеп тұр, 51-і ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай, бөлшектелді (оның ішінде 25-і бұрыңғы жатақханаларда, 2-еуі үйді салған кезде орнатылмаған).

35 лифт 34 жылдан артық пайдаланылуда, қызметтің нормативтік мерзімін өтеді, ауыстыруды немесе күрделі жөндеуді қажет етеді.

2011 жылы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес биік тұрғын үйлерде орнатылған лифт жабдықтарын қаланың коммуналдық меншігіне тапсыру мәселесі пысықталуда. 54 лифт коммуналдық меншікке берілді, оларға лифт жабдықтарын оны толық ауыстыра отырып, күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Лифт жабдықтарын коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыстар жалғастыруда. 2012 жылдан бастап 9 лифті коммуналдық меншікке тапсырылды.

Қала бюджетінен бөлінген қаражаттарға сәйкес 2011 жылы 4 лифті жөнделді, 2012 жылы – 15 лифті, 2013 жылы 6 лифтіні жөндеу жоспарланып отыр.


6

Ертіс өзені, Үлбі өзендерінің жағалауларын санитарлық ұстауға бақылау

Д.Ю. Кавригин

Е.А. Нәбиев

Ж.Б. Баирханов

Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары

А.Қ. Уәлиев

(келісім бойынша)

үнемі

Көктемгі кезеңде қала аумағын санитарлық тазарту бойынша екі айлықты өткізу барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» КМҚК № 8 филиалымен Карбышев көшесі, 22, 44 мекенжайы бойынша тармақтар ауданында Ертіс өзенінің жағалауын (аспалы көпір), Октябрьский жағажайы, шағын жағажай (Водопроводчик» б.с.) тазаланды. Қалалық ТҮКШ бөлімінің мердігер ұйымдарымен филиалға қоқысты жинап, шығару үшін қажетті техника бөлінді. Сондай-ақ Октябрьский жағажайы ауданында Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-тәртіп» МКК күшімен жағалау желісін тазалау орындалды.

7

Мектепке дейінгі мекемелер желілерін кеңейту бойынша жұмысты кезеңімен жалғастыру

А.Қ. Нұрғазиев


А.А. Кузнецов

үнемі

Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2015 жылға дейінгі мектепке дейінгі мекемелер жүйесін дамыту жоспары жасалған, оған сәйкес келесі жұмыстар жасалады: бұрынғы балабақшалар ғимараттарын мақсатты әрекетке қайтару; жеке меншік балабақшаларын ашу; жеке меншік-мемлекеттік негізде мектепке дейінгі ұйымдарды салу; жеке меншік балабақшаларында мемлекеттік білім беру тапсырысын анықтау, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жанында мектепке дейінгі шағын орталықтарды ашу.

Қалада 2012 жылдың 30 жел-тоқсандағы жағдай бойынша Өскемен қаласында әртүрлі меншік түріндегі 42 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, соның ішінде: 7 мектеп-балабақшалар, 28 мемлекеттік, 6 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар бар. Бір үйдегі жеке балабақша жұмыс істейді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жанында 3-жастан 5 жасқа дейінгі 3154 балалар контингентімен 33 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдармен және шағын орталықтармен 16987 бала қамтылған, ол 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың (17198) 98,8 %-ды құрайды. 2011 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту 2 жастан 6 жасқа дейінгі 14213 баланың 13523 адамы немесе 95,1 % құрады.

Тәуелсіздік даңғылы 26/2 бойынша 2012 жылы қалада «Алтын Дән» атты қазақша оқытатын сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған 1 балабақша-мектеп ашылды.

2011 жылы 500 орынға арналған бұрынғы 3 балабақша ғимараты қайтарылды, 560 орынға арналған 2 балабақша салынды, 320 орынға арналған бір жеке меншік балабақша ашылды.

2013 жылы 3 бұрынғы балабақша ғимаратын қайтару жоспарланған.

-«Арай» 19 шағын ауданда 250 орындық балабақша

- «ШҚО жылжымайтын мүлік орталығы» РМК жалдаған 320 орындық Буров көшесіндегі, 51 балабақша

- «Рудный Алтай», «Дидар» газеттерінің редакциялары орналасқан Космическая көшесі, 6/3 мекенжайындағы балабақша. «Шығыс Ақпарат» басшылығы.

Защита, Прохладный, КШТ- 2 балабақша, Октябрьский (Революционная к), Меновной шағын аудардарында 2014 жылға жеке меншік-мемлекеттік серіктестігі 6 балабақша құрылысын жоспарлады.


8

Спорттың қысқы түрін дамыту, қала мектептерін спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету

А.Қ. Нұрғазиев


А.А. Кузнецов

С.К. Садықов

үнемі

Балалар мен жасөспірімдердің қысқы спортын дамыту мақсатында Өскемен қаласында 2011 жылы № 5, 7, 15, 20, 22, 27, 36, 37, 44 мектептерінде Крупская атындағы интернатында 10 хоккей қорабы, жасанды жабыны бар 25 футбол алаңы қызмет етті.

2011 жылы Өскемен қаласы оқушыларының құрама командасы 1-ші облыстық балалар «Тайсалма 2011» оқушылар спартакиадасына келесі қысқы спорт түрлері бойынша қатысты: шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей, қардағы шағын футбол.

2012 жылы хоккей қорапшалары 4 бірлікке артты, № 8 мектепте – 1, № 18 – 2 хоккей қорабы, № 3 – 1 хоккей қорабы ашылды, жасанды жабыны бар 25 футбол алаңдары да хоккей корттарын пайдалануда.

Қысқы спорт түрлері бойынша спорттық бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін қаланың 30 жалпы білім беретін мектептерінде педагог-ұйымдастырушының мөлшерлемесі енгізілді.

«Үздік қар қалашығы» байқауы дәстүрлі түрде өткізуде, оған барлық жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелер қатысады.

Конкурс ережесінде қар қалашығын, төбешіктерін салу, хоккей қораптарын және айдындарын құю және қыс мезгілі бойы қызмет етуін қамтамасыз ету қарастырылған, конкурс қорытындылары ағымдағы жылдың 20 қаңтарында шығарылады.

2012 жылдың желтоқсан айында Денешынықтыру бойынша мектепаралық орталығы ашылды. Орталық келесі спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізуді жоспарлап отыр: 3-4, 5-7, 8-10 сыныптар 3 жас санаттары арасында шайбалы хоккей бойынша «Жұлдызша» турнирі, «Шаңғы шақырады», қысқы президенттік көп сайыс бойынша (бозбалалар, қыздар), қысқы спорттық бағдар беру бойынша (бозбалалар, қыздар), конькимен «Көңілді старттар».

Шайбалы хоккей бойынша жарыстар шеңберлі жүйеде дивизиондар бойынша мектеп лигасы түрінде өткізілетін болады. Сноуборд пен фристайлды дамытуға ерекше назар аударылады. Осы спорт түрлері бойынша орталықта дене шынықтыру бойынша 5 жаттықтырушы қызмет етеді.

Спорттың қысқы түрлерін дамыту туралы мәселе қалалық білім беру бөлімінің тұрақты бақылауында болып табылады.

№ 1, 5, 9, 15, 19, 18, 26, 29, 32, 35, 36, 37, Меновное және Ново-Явленка, мектептерінде, Крупская атындағы интернатында оқушыларды қысқы спорт түрлеріне тарту үшін 187 шаңғы құралының жиынтығы бар.

Дене шынықтыру оқу бағдарламасы бойынша қысқы спорттық мүлікті сатып алу 2013 жылғы жоспарланған.


9

Қалада және қала сыртында қосымша аялдама кешендерін орнату

Д.Ю. Кавригин


Ж.Б. Баирханов


үнемі

2012 жылы 2 сәуірде қала аумағында 60 аялдама кешенін орнатуға «Тарлыков А.В.» ЖК 15,0 млн. теңге сомасына шарт жасалды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ аялдама пункттерінің техникалық параметрлерін (қалташаларын) ескере отырып, аялдама пункттерінің тізбесі жасалды, оларда қаланың орталық бөлігіндегі сияқты, шалғай аудандарында да павильондар орнату жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта павильондарды орнату бойынша жұмыстар жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес аяқталды.

2011 жылы 17 аялдама кешені орнатылды. Қазіргі таңда 2013 жылы аялдама кешенін орнатуға қаржы бөлінбеген.



10

Қалада бағдаршамдар орнату

Д.Ю. Кавригин


Ж.Б. Баирханов

С.Ю. Коваленко

үнемі

Ағымдағы облыстық бюджеттен Өскемен қаласындағы бағдаршам нысандарын ауыстыруға 100 000 000 теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, олар келесі қиылыстарға орнатылады:

  1. Тәуелсіздік даңғылы – Ушанов алаңы;

  2. Тәуелсіздік даңғылы – Белинский көшесі – Виноградов көшесі;

  3. Тәуелсіздік даңғылы – Стахановская көшесі;

  4. Тәуелсіздік даңғылы – Гоголь көшесі - Гагарин желекжолы;

  5. Тәуелсіздік даңғылы – Металлургтер көшесі;

  6. Тәуелсіздік даңғылы – Мостовая көшесі;

  7. Тәуелсіздік даңғылы – Нефтяная көшесі;

  8. Тәуелсіздік даңғылы – Пограничная көшесі;

  9. Бажов көшесі «Самал» гастрономы,

  10. Тәуелсіздік даңғылы – Бажов көшесі;

  11. Қазақстан көшесі – Мыза көшесі;

  12. Қазақстан көшесі – Қ. Қайсенов көшесі,

  13. Қазақстан көшесі – Қ. Батыр көшесі;

  14. Қазақстан көшесі – Орджоникидзе көшесі;

  15. Қазақстан көшесі – М. Горький көшесі;

  16. Әуезов даңғылы – Орджоникидзе көшесі;

  17. Әуезов даңғылы – Е.П. Славский атындағы жағалау;

  18. Абай даңғылы – Бажов көшесі;

  19. Абай даңғылы – Михаэлис көшесі;

  20. Абай даңғылы – Ворошилов көшесі.

11

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру

Д.Ю. Кавригин


Ж.Б. Байырханов

В.Г. Панков

үнемі

Өскемен қаласында жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау жалпы қолданыстағы 61 маршрутпен жүзеге асырылады, оның ішінде 48 маршрутқа автобустармен және 13 маршрут шағын автобустармен қызмет көрсетіледі. Барлық қолданыстағы маршруттар тасымал-даушылардың арасында конкурстық негізде бөлінді.

Қаланың маршруттық желісінің ұзындығы 935,4 км, шағын автобустардың маршруттық желісінің ұзындығы – 189,75 км немесе қаланың маршруттық желісінің ұзындығынан 20,3%. Күн сайын қала маршруттарына 334 автобус және 92 шағын автобус шығады. Қозғалыстың басталуы 5.30, аяқталуы 23.00.



Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының паркін 513 автобус пен 202 шағын автобус құрайды, оның ішінде 320 автобус пен шағын автобус кемінде 7 жыл (44,8 %) пайдалану мерзімімен.

Автобустар мен шағын автобустар қозғалысын технологиялық басқаруды «Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» КМҚ орталық диспетчерлік қызметі жүзеге асырады, ол тәулік бойы жұмыс істейді және желідегі әр автобус пен шағын автобустың қозғалысын қадағалайды. Тәулігіне 8121 бақылау белгісі қойылады. Ұзындығы ауқымды маршруттардың белгілеленуі соңғы бақылау пункттерінде ғана емес, аралықтарында да бар. Екі жақты бақылаумен 93,4 % рейс қамтылған. Диспетчерлік бақылаудың пайдаланылатын компьютерлендірілген жүйесі барлық автобустар мен шағын автобустардың қозғалысын тиімді бақылауға ғана мүмкіндік бермейді, «он лайн» режимінде де, кез келген есеп беру кезеңінде де орындалған қозғалыс туралы кез келген деректерді алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жүргізушілердің диспетчермен барлық сөйлесу уақытын тіркей отырып, дыбыстық файлдарда жазылып қалады.

Қозғалмалы құрамдары Өскемен қаласының маршруттық желісінде жұмыс істейтін автобустарды бағалау тәртібі туралы ереженің талаптарына жауап бермейтін барлық кәсіпорындар басшыларына қозғалмалы құрамдарын жоғарыда аталған Ережеге сәйкес тиісті жағдайға келтіру туралы өтінішпен ұсыныс хаттар жіберілді.

Қала тұрғындарына қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2012 жылы жекелеген аудандарға жүретін келесі маршруттардың қозғалыс сұлбасы өзгертіліп, ұзартылды:



  • № 7 «Алтайская-Самал» - екі бағытта да «Өзен бекеті» арқылы жүреді;

  • Жолаушылар ағының аздығына байланысты № 224 «Автобекет-Мелькомбинат» маршруты жабылды;

  • № 27 (27а) «Казцинк-Аблакетка жағажайы» - «Заводская» соңғы аялдамасына дейін ұзартылған;

  • № 10 «Ивушка-Үлбі т/ж көпірі» - «Ивушкаға» бара жатқан кезде Протозанов көшесінен Әуезов даңғылына шығара отырып, Қайсенов көшесіне бағытталған;

  • № 4 (4-а) «Аблакетка кемежайы-Өзен бекеті» - «ГМК» аялдамасына дейін ұзартылды;

  • № 33А «Октябрьский кенті – Молдағұлова көшесі» маршрутының қозғалысы ұйымдастырылды және осыған байланысты № 250А «Кемежай-Молдағұлова көшесі» маршруты жабылды.

  • № 54 «Ивушка – «Металлург-5» б/қ» маршрутын қысқы кезеңде «Радуга» б/қ кірумен ұйымдастырылған.

2013 жылға 70 % жолаушыларға

қызмет көрсету құқығына байқау өткізу жоспарланған.





Өскемен қаласы

әкімінің аппаратының

жалпы бөлім басшысы С.Бахтиярова

Орын: С. Бахтиярова



тел: 26-49-30

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет