Ә. Кекілбаев кім?



Дата03.04.2020
өлшемі17,32 Kb.
#61431
Байланысты:
әдебиет 02.04.20

Ә.Кекілбаев кім?

Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды. Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды.Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді.

Үркер дегеніміз не?

«Үркер» — реализмі бай шығарма. Онда сол кездегі қазақ қоғамының өмірі, оның көрші елдермен тартысты тіршілігінің алуан түрлі шындығы терең суреттелген. Жазушы тарихи оқиғалар ізін сақтай отырып, сол арқылы ел тағдыры, халық өмірінің кешегісі, бүгінгісі, ертеңі жөнінде ойланады. Әбілқайыр ұстаған жолдың көрегендігін дәлелдейді. Романда қазақтың ұлттық ерекшеліктері, халықтық салт-санасы, ұғым-түсініктеріне қатысты материалдар мол келтіріледі. Автор жақсыны мадақтай, ұнамсыз жайларға сын көзімен қарай жазады.

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы не туралы?

«Тағдыр» романы – Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман. Бұл романда жазушы Қытайдағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкіметтің 1911 жылға дейінгі тарихи жағдайларына байланысты қазақтардың өмірін, күресін қайраткер тұлға Демежан арқылы көрсетеді.

Романдағы басты оқиға орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі болса, оның сыртында қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйрену, қытайлықтардың қамал-қорған тұрғызулары секілді тарихи маңызы зор оқиғалар да орын алған.

Жазушы шығармашылығынан қазақ өмірінің, салт-дәстүр, әдет-ғұрпының алар орны мол. Сондай-ақ, роман мазмұнын ашып, авторлық идеяны жеткізуде бұл баяндаулардың алар орны да айтулы болмақ.

Композициялық талдау неше сатыдан тұрады?

1.Әңгіменің тақырыбы;

2.Әңгіменің авторы;

3.Жанар түрі;

4.Әңгімедегі кейіпкерлер;

5.Әңгімелері оқиға орны;

6.Сөздіктер

7.Жазушы идеясы;

8.Әңгіменің басталуы;

9.Әңгіменің байланысуы;

10.Әңгіменің шарықтау шегі;

11.Әңгіменің дамуы;

12.Әңгіменің шешімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет