"Тіл тағдыры –ел тағдыры" атты мақал –мәтелдер сайысы



Дата19.12.2016
өлшемі101,27 Kb.
"Тіл тағдыры –ел тағдыры" атты мақал –мәтелдер сайысы

Мақсаты:


1.      Құрметті оқушылар “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру.,сөздік қорын молайту.

 

2.      Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу



 

3.     Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру,  қазақ тілін

құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: нақыл сөздер, қосымша материалдар.

Барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі :



Кіріспе сөз:

-Құрметті оқушылар,бүгін сендермен  "Тіл тағдыры –ел тағдыры" деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.

Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны ,ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.

”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қолданатын адамдардың білімі де ,ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: мұғалімдер

1 бөлім. ”Жалғасын тап” деп аталады.

Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

Өз елім... (өлең төсегім)

Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)

Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)

Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)

Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)

Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)

Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)

Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)

Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)

Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)

Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)

Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)

1 –бөлім бойынша қорытынды шығару.

2 бөлім.Үй тапсырмасы.

Алдын-ала дайындалып келген оқушылар,әр тақырып төңірегінде шағын мақалды әңгіме құрау керек. Қойылатын шарт әңгіменің ішінде мақал-мәтелдер болуы керек.5-6 сөйлем.

1 тақырып: Тіл – асыл қазына.

2.тақырып: Отан-елдің анасы.

2 бөлім бойынша қорытынды шығару.

3 бөлім : “Кім тапқыр” деп аталады.

Екінші қатарда сөзге қатысты сөзді бірінші қатардан тауып мақал-мәтел құрастыру.

1.     Ана

   Әке -теңге.

   Тіл

Жауабы: . Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.



2. Білім

Оқу


Ақыл -кен

Жауабы:Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

3.Оқу


Тоқу

Жазу - ине

Жауабы: Оқу инемен құдық қазғандай.

4.Жұмыс


Еңбек - береке

Ақша


Еңбек түбі-береке,

Көптің түбі-мереке.



Жұмбақ-ойдың қазығы.

1. Белі бүкір,алысқа түкір. Мылтық

2.Бір тауды мекен еткен отыз бөрі. Тіс

3Ұсынған қойнынан,

Білімін білерсің,

Шықпаса ойыңнан,

Досым деп жүрерсің. Кітап

4.Шақ-шық етіп жүрегі,

Бір мөлшермен жүреді. Сағат.

3.Қар сияқты аппақ,

Өзі сондай тәтті-ақ. Қант.

4.Шыр-шыр етеді,құлағыңнан өтеді,

Тоса қойсаң құлағыңа, әбден сөйлеп кетеді. Телефон

5.Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді. Хат.

6.Аяғы жоқ жүрмейді.

Үй бағады,үрмейді. Құлып

7.Сорсан,дәмді әрі тұзды,

Жаңғақтай-ақ домалақ. . Құрт

8.Ақ сандығым ашылды,

Ішінен моншақ шашылды. Жұлдыз
Ана тілім- айбыным , ана тілім-жыр әнім.

Келесі бөлімде ақын-жазушылырдын ана тіліне арнаған өлеңдері мәнерлеп оқылады.

Мұқағали Мақатаев

Үш бақытым.

Ең бірінші бақытым -Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші –Отан деген,

Құдай деген кім десе,Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен..


Әдібай Табылдиев

Ана тілі


Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой,білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.


Сұлтанмахмұт Торайғыров

Асыл сөз


Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы , ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап,тоқы көңілге.

Сөз мәнісін білмесең,

Өлең оқып не керек?

Не айтқанын сезбесең,

Жарапазан не беред?

Туған тіл

Сүйемін туған тілді-анам тілім,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минөтімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен,”құлыным”,”жаным”деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

“Ана” деген сүйгендік сөзім менен.

4бөлім:”Ойлы болсаң,тауып көр”

Ойын.Сұрақ-жауап.

1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)

2.Жас келсе неге? (іске)

3.Өтірікші кімді алдайды?(өзін-өзі алдайды)

4.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)

5.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)

6.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)

7.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)

8.Көпке не шашпа?(топырақ)

9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)

10.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)

11.Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)

12.Бейнет түбі не?(зейнет)

13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).

14.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)

15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)

5 бөлім:

Тіл өнері: ”Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте”

Бұл кезенде Сөз-жұмбақ жасырылады. Жауабы 3 тілде айтылуы керек.

1.Үндемес серік ,ақылы берік (кітап-книга-book)

2.Бесікте тентек бала шырылдайды,Көтерсең құлағына сыбырлайды.(телефон,telephone )

3.Толып келіп бос кетеді(қасық,ложка,spoon)

4.Жемге ауыз салса-ұтылғаны,айналып өтсе-құылғаны(балык,рыбы,fish)

5.Екі бала үстінде,орын бермес ешкімге,бара жатыр ерні жырық қояндай.(түйе-верблюд-camel)

6.Тұмсығымен қозғалар,соңында аппақ із қалар.(бор-мел-chalk).

6 бөлім:


“Сөз тапқанға қолқа жоқ”

Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру:

Мысалы:Бармақ шайнап қалу -өкіну

Тайға таңба басқандай -анық

Журегі тас төбесіне шықты -қорықты

Ат құлағында ойнайды -атқа жақсы отырады

Бармағынан бал тамған -шебер

Төбесі көкке жетті -қуанды.

Қорытынды.

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.

Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі,мұрасы.,ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі.

Мұқағали Мақатаев

Үш бақытым.

Ең бірінші бақытым -Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші –Отан деген,

Құдай деген кім десе,Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен..

Әдібай Табылдиев

Ана тілі


Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой,білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.


Сұлтанмахмұт Торайғыров

Асыл сөз

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы , ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап,тоқы көңілге.

Сөз мәнісін білмесең,

Өлең оқып не керек?

Не айтқанын сезбесең,

Жарапазан не беред?

Туған тіл

Сүйемін туған тілді-анам тілім,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минөтімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен,”құлыным”,”жаным”деген.



Сол тілменен бірінші білгізілген,

“Ана” деген сүйгендік сөзім менен.
Каталог: uploads -> doc -> 0795
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0795 -> Ашық тәрбие сағаты «Елбасы еңселеткен Елорда»
0795 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі Сабақтың мақсаты
0795 -> Қазақ тілі пәнінен орта мерзімді жоспар 6 класс 3 тоқсан
0795 -> Тақырыбы бойынша теориялық білімді практикалық дағдыларға қолдана отырып, дамыту сабағы
0795 -> Сабақтың тақырыбы : Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу