B) Кортикостероидтер
C) Алтын препараттары
D) Антибиотиктер
E) Аминохинолин қатардағы дәрілер
58. 56 жастағы әйел адам майлы тағам қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, құсу байқалған. Пальпациялауда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады. Амбулаторлы ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарды – ауырсыну сезімдері азайды. Құсу тоқтады. Лабораторлы зерттеулер нәтижесі қалыпты. Осы жағдайда аурудың соңы қандай болады.
A) Перитонит
B) Сауығу
C) Ұйқы безінде киста қалыптасу
D) Өлімділік
E) Малигнизация
59. Гипогликемиялық команың емінде енгізуге әсерлі болып табылады:
A) К/т 5% глюкозы ерітіндісін енгізу
B) К/т 40% глюкозы ерітіндісін ақырындап енгізу
C) К/т норадреналин енгізу
D) К/т глюкокортикоидтарды енгізу
E) Тәтті емес шәй
60. Қабылдауда науқас 28 жаста,дене қызуының 38,6°C дейін көтерілуіне, іш ауруына,тәулігіне 7─9 рет қан аралас сұйық дәреттің болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ұлғайған,сол жақ мықын аймағында ауырсыну бар, сонымен қатар пальпацияда тоқ ішек тәж тәрізді. Науқаста аурудың қай түрі болуы мүмкін
A) Жедел дизентерия
B) Спецификалық емес жаралы энтерит
C) Спецификалық жаралы колит
D) Крон ауруы
E) Спецификалық емес жаралы колит
61. Науқас Д., 45 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?
A) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
B) ЖИА. Үдемелі і стенокардия
C) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардиясы ФК II
D) ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III
E) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардиясы ФК IV
62. Дәрігерге 68 жастағы Б.атты науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, ҚЖ ІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз.
A) Гипертоникалық криз
Достарыңызбен бөлісу: |