Жіті аппендицит соқыр ішек құрттəрізді өсіндісінің қабынуы. Жіктемесі



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,86 Kb.
#81802
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жіті аппендицит


Жіті аппендицит - соқыр ішек құрттəрізді өсіндісінің қабынуы.
Жіктемесі:
1. Аппендикулярлық шаншу.
2. Жіті жай аппендицит (катаралдық).
3. Жіті деструктивті аппендицит (флегмоноздық, гангреноздық, перфоративтік).
4. Асқынған аппендицит (перитонит, шектелген абсцесстер, аппендикулярлық инфильтрат, бауыр абсцесстері, пилефлебит жəне т.б.).
Диагностикалық критерилер
Балаларда жіті аппендицит көбінесе 5 жастан асқанда дамиды, айқын жалпы жəне жергілікті симптомдармен, деструктивтік өзгерістердің тез дамуымен, патологиялық үрдістің іш қуысына тез жайылуымен сипатталады. 2-3 жастағы балаларда жіті аппендицит кезінде дене қызуы жоғары болып, қайталанған құсу жəне іш өту байқалады.
Жіті аппендицит клиникасы құрттəрізді өсіндінің іш қуысында орналасуына, организнің реактивтілігіне, аурудың кезеңіне, асқынулардың болу-болмауына байланысты.
Жіті аппендициттің əдеттегі көрінісі организмнің айқын жергілікті жəне жалпы реакциясы дамитын оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну ұстамасымен сипатталады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет