Жіті инфекциялық аурулар - жергілікті симптомдар айқын емес, іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықеттері кернеуі жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, жалпы интоксикация симптомдары басым беріледі.
Шенлей-Генох симптомы - диагноз анамнез мəліметтерін, организмнің жалпы қабыну реакциясының жəне жергілікті симптомдардың болмауына негізделеді.
Құрттық инвазия - іш түгел ауырады, ауырсынулар көбінесе толғақтəрізді, дене қызуы қалыпты. Лейкоцитоз жəне ішастардың қозуы симптомдары болмайды.
Жіті илеит (Крон ауруы) - айырмашылығы тенезмдердің болуы, іш өту жəне сұйық нəжісте шырыш пен қан болуы.
Жіті панкреатит - қайталанатын құсу, жалпы интоксикация симптомдарының үдеуі, метеоризм, іштің жоғарғы жартысындағы ауру сезімі, қан мен несепте диастаза жоғарылауы тəн.
Жіті аппендицит диагнозымен түскен науқасты зерттеу 3-4 сағаттан аспау керек.
Диагностикалық ауыр жағдайларда диагнозды толық жоққа шығаруға мүмкіндік болмаса (перитонеалдық симптомдар бар, науқастың жалпы жағдайы күрт нашарлауда) диагностикалық лапароскопия жасалады (ал, егер эндоскопиялық құрал-саймандар болмаса - диагностикалық лапаротомия).
Емдеу тактикасы
Аппендикулярлық инфильтрат болып, онда абсцесстену жəне перитонеалдық көріністер болмаса консервативтік ем жүргізіледі. Бұл науқастарда оперативтік ем абсцесстену жəне перитонеалдық көріністер болғанда ғана тағайындалады.
Оперативтік жету жолы: Волкович-Дьяконов бойынша тілік арқылы лапаротомия.
Аппендэктомия: кисеттік тəсілмен
Соқыр ішекті іш қуысынан шығару мүмкін болмағанда тек құрттəрізді өсіндіні шығарып, аппенэктомияны антеградты түрде орындайды.
Құрттəрізді өсінді іш қуысынан еркін шықпаса, ретроградтық аппендэктомия орындауға болады.
Құрттəрізді өсінді қоршап жатқан тіндермен бітісіп кеткенде немесе тығыз қабынулық инфильтрат пайда болғанда, құрттырəзді өсіндіні субсероздық жолмен жартылай алып тастап, іш қуысында тампон қалдырады.
Жай жəне флегмоноздық аппендицит кезінде іш қуысында ірің болмаса оны толық жауып тігеді.
Флегмоноздық жəне гангреноздық аппендицит кезінде іріңдік экссудат көп мөлшерде болса, оны алып тастағаннан кейін іш қуысын тазалап, дренаж қалдырады. Операциядан кейінгі жарада резиналық тілік қалдырып дренажды жүзеге асырады.
Перворативтік жəне гангреноздық аппендицит кезінде ихороздық бөлінді жəне шіру дамығанда іш қуысын 2 немесе 3 қабатпен дренаждайды.
Егер құрттəрізді өсінді тұқылының перитонизациясының беріктігі күдік туғызса, соқыр ішек қабынып, тігістердің ажырап кетуі ықтимал болғанда, құрттəрізді өсіндінің орнындағы қан ағу толық тоқтамаса, аппендикулярлық абсцессті ашқан кезде іш қуысын тампондау жүргізіледі.
Егер операция кезінде оған дейін анықталмаған аппендикулярлық инфильтрат анықталса, абсцесстену жəне іріңдік экссудат болмаса, іш қуысына антибиотиктер енгізумен шектелу қажет. Аппендэктомияны инфильтрат жойылғаннан кейін орындайды.
Егер құрттырізді өсінді қоршаған тіндермен жартылай бітіссе, гемостазды мұқият жүргізіп, іш қуысында дренаж қалдыру қажет.
Аппендикулярлық инфильтрат пен іріңдік бөлінді болған жағдайда, іш қуысын тазалау, антибиотиктер енгізу, іш қуысын дренаждау көрсетілген.
Операция кезінде анықталған инфильтраттың абсцестенуінде инфильтратты қоршаған тіндерден шектеп, абсцессті ашып, іріңдік қуысын тазалап дренаждау қажет.
Емдеу мақсаты: жіті аппендицитпен барлық науқастарға аппендикулярлық инфильтрат болмаса, ауру ұзақтығына қарамастан аппендэктомия көрсеткілген.
Достарыңызбен бөлісу: |