Жіті аппендицит соқыр ішек құрттəрізді өсіндісінің қабынуы. Жіктемесі



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,86 Kb.
#81802
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жіті аппендицит

Физикалық зерттеу
Іш қуысын зерттегенде негізгі, тəн симптомдардың бір қатары анықталады:
1. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймақта ауырсыну жəне іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің кернеуі анықталады.
2. Щеткин-Блюмберг симптомы - қолды ішке басып тұрып, тез алған кезде ауырсынудың күшеюі.
3. Ситковский симптомы - оң жақ мықын аймақта ауырсынудың науқас сол жақ бүйірінде жатқанда күшеюі.
4. Ровзинг симптомы - оң жақ мықын аймақта ауырсынудың сол жақ мықын аймағында пальпация жасағанда тоқ ішектің бойымен газдардың жылжуына байланысты күшеюі.
5. Воскресенский симптомы - қолмен қабырғалық жиектен іштің алдыңғы қабырғасымен төмен қарай сипағанда ауру сезімінің пайда болуы.

Жергілікті симптомдардың пайда болуы құрттəрізді өсіндінің орналасуына байланысты болса, организмнің жалпы реакциясы көбінесе төмендегідей болады:


1. Құрттəрізді өсінді ретроцекалдық қалыпта болса - оң жақ мықын аймақта ауырсыну, бұлшықеттердің кернеуі, ішастардың қозуы симптомдары болмауы мүмкін. Оң жақ бел аймақта, белдік үшбұрыш аймағында ауырсыну байқалады (Яуре-Розанов симптомы). Қабыну несепағар немесе бүйректің тостағаншасына жайылғанда несепте аздаған белок жəне бірен-саран эрироциттер пайда болады.
2. Жамбасастаулық қалыпта - іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің кернеуі шамалы болады, пальпация кезіндегі ауырсыну əдеттегі қалыптан əлде қайда төмен анықталады жəне ректалдық зерттегенде айқын анықталады.
3. Бүйрекастылық қалыпта - пальпация кезіндегі ауырсыну əдеттегі қалыптан жоғары анықталады, іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің кернеуі болмауы да мүмкін.

Бала мазасыз болса, ерте жастағы балаларда медициналық қарап-тексеруді дəрі-дəрмектік ұйқы жағдайында жүргізу тиімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет