Конспект Тақырыбы: Гломерулонефрит



бет1/4
Дата26.03.2022
өлшемі27,54 Kb.
#136845
түріКонспект
  1   2   3   4
Байланысты:
гломерулонефрит


Тіректі конспект
Тақырыбы: Гломерулонефрит
Гломерулонефрит – бүйректің нефрондарының диффузды- иммунды қабынуы.
Гломерулонефрит ауруымен 10 мың тұрғындарға шаққанда ерлер арасында 20- 29 жас аралығында, ал әйелдер 50 жастан асқанда жиі ауырады.
Этиологиясы:
І. Біріншілік гломерулонефрит:
1. β – гемолизді стрептококк -А тобы
2. Жоғары демалыс – тыныс жолдарының инфекциялық ошақтары (тонзиллит, отит, тіс кариесі)
ІІ. Екіншілік гломерулонефрит:
1. Иммунды жүйелі аурулар: жүйелі қызыл жегі, түйінді периартрит, геморрагиялық васкулиттер.
2. Экзогенді, эндогенді антигендер: дәрілер, қан плазмасы, жәндік уыты т.б.
3. Туа біткен синдромдар
Патогенезі: Патогенезі бойынша гломерулонефрит иммундық қабыну болып табылады. Оның дамуына келесі механизмдер қатысады:

  • Иммундық комплекстік механизм

  • Антиденелік механизм

  • Комплименттер синтезінің немесе активациясының кемістігіне байланысты

  • Жасушалық иммунитеттің бұзылуы

  • Бүйрек тамырларындағы жергілікті коагуляция механизмінің күшеюі.

Жіктелуі: Клиникалық, морфологиялық, нозологиялық ерекшіліктеріне байланысты Е.М.Тареев жіктемесі.
І. Клиникалық симптомдарына байланысты:
а) жедел , б) созылмалы
ІІ. Созылмалы гломерулонефриттің түрлері:
1. Жасырын түрі.
2. Нефротикалық түрі.
3. Гипертониялық түрі
4. Гематуриялық түрі
5. Аралас түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет