Клиникалық түрлерінің ерекшеліктері: 1. Жасырың түрі – науқаста ешқандай клиникалық белгілері байқалмайды. Тек қана зәрінде өзгерістер байқалады. Белок – 1г/л (протеинурия), эритроцит-5-1-30-50 түйіршіктер (гематурия) анықталады.
2. Нефротикалық түрі – тұрақты түрде науқастың тек қана бет әлпеті ісініп, көзі бітеледі. Ісіктер сонымен қатар аяқтарында, белінде, іш қуысында, тері астында пайда болады (анасарка). Зәр бөлуі азайып оның құрамы өзгереді: протеинурия 3-3,5 г/тәулігіне. Қанның биохимиялық зертеуінде қан құрамында азот қалдықтары, зәр қышқылының көрсеткіштері өзгереді.
3. Гипертониялық түрі – негізгі клиникалық белгісі бастың ауырсынуы. Диастолдық қан қысымының үдемелі көтерілуі, ісік болмайды, зәрде протеинурия 1г/тәу., шамалы гематурия пайда болады.
4. Гематуриялық түрі – тұрақты зәріне үлкен мөлшерде гематурия болады, зәрдің түрі жуылған еттің суындай болып қызарады.
5. Аралас түрі – барлық клиникалық симптомдары және дизуриялық өзгерістер болады.