Балалардағы жедел аппендицит



бет1/5
Дата15.07.2022
өлшемі3,05 Mb.
#147494
  1   2   3   4   5
Байланысты:
БӨЖ 1 жедел аппендицит Әубакір А
7 класс сор №7за раздел «День Победы никто не забыт, ничто не з, «Букроссинг» ерекшелігі
  • «Астана Медицина Университеті» АҚ
  • Балалар хирургиясы кафедрасы
  • Балалардағы жедел аппендицит
  • Орындаған: Әубакір А.Ж.
  • Топ: 627 ЖТД
  • Қабылдаған:Ерекешов А.А.

Жоспары

  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім.
  • Классификациясы
  • Этиологиясы
  • Балалардағы Жедел аппендикстің клиникасы
  • Диагностикасы
  • Емі.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  • Кіріспе
  • Жедел аппендицит - дегеніміз соқыр ішектің айқын морфологиялық өзгерістерімен, деструкциямен, кейде іріңді перитониттің дамуын тудыратын жедел хирургиялық полиэтиологиялық ауру. Аппендицит жиі 10—25 жас аралығында кездеседі. Жедел іш қуысының хирургиялық ауруларының ішінде 89,1 % алады, яғни бірінші орын алады. Жедел аппендицит- перитониттің пайда болуының ең жиі даму себебі.

Жедел аппендициттің «атипті» түрлерінің клиникалық көрінісі.

  • Жедел аппендициттің «атипті» түрлерінің клиникалық көрінісі.
  • Жедел аппендициттің «атипті» түрлерінің жекелеп көрсетілуі өте манызды, себебі бұл аурудың клиникалық көріністері әр түрлі болып келеді. Сондықтан көптеген бала хирургтары клиникалық көріністері қиындық туғызатын аппендициттің ерекше түрлерін көрсетеді.
  • РЕТРОЦЕКАЛЬДІ: құрт тірізді өсіндінің бұл орналасуы диагностикалық қиыншылықтарды туғызады. Ретроцекальді құрсақішілік аппендицит кезінде симптомдар әдетте айқын көрініс береді. Бірақ құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы бұлшық еттерінің қатаюы аз болады. Осы орналасуға тән симптомдар әдетте болмайды. Ретроцекальді құрсақ арты аппендицитте ауырсыну оң жақ мықын аймағының латеральді бөлігі немесе оң жақ бел аймағында болады. Ауырсынулар жыныс мүшесіне немесе несепағар жолымен таралуы мүмкін. Ол өз кезегінде дизуриялық бұзылыстарға ікеледі. Іші жұмсақ, тыныс алуға қатысады, ауырсыну аз болады, Щеткин-Блюмберг симтомы теріс. Ал оң жақ бел аймағында бұлшық еттердің қатаюы, ауырсынуы және соққылау симптомы оң болады. Көптеген жағдайда ретроцекальді аппендицит бастапқы кезеңмен ауыр іріңді интоксикациямен, дене қызуының жоғарлауы (40%), тоңумен жүреді.
  • Кіші жамбастағы аппендицит
  • Бұл түрінде ауырсыну іштің төменгі бөлімінде оң жақ мықын аймағының төменгі жағында, қасаға үстінде болады. Ауырсыну зәр шығару түтігіне немесе ұмаға, оң жақ жыныс еріндеріне, тік ішекке беріледі. Дизуриялық бұзылыстар жиі зәр шығарумен сипатталады. Балалар кейде зәр шығаруға қорқады, ал керілген қуық іштегі ауырсынуды күшейте түседі. Төмен орналасқан өсіндінің қабынуы жиі қан және шырыш араласқан сұйық нәжіспен жүреді. Өсіндінің кіші жамбаста орналасуында көп уақытқа дейін ауырсыну және құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қатаюы болмауыда мүмкін. Бұл кезде жақсы мәліметті тік ішекті саусақпен тексеру береді. Онда оң жақтан өсіндінің түсіп тұруын немесе инфильтратын табады.
  • Сол жақты аппендицит.
  • Құрт тәрізді өсіндінің сол жақта орналасуы келесі жағдайлармен байланысты; соқыр ішектің шажырқайының қозғалмалығына, ортақ шажырқай, құрт тәрізді өсіндінің ұзын болуы және мүшелердің керсінше орналасуы. Клиникалық көрінісі оң жақты болуы дәрігірге «жедел аппендицит» диагнозына күмән тудырады. Кей жағдайларда перитонеалды белгілер қосылған жағдайда да, диагноз күмәнді болады. Егер ішкі органдардың теріс орналасуы туралы белгі болса диагноз бірден қойылады.
  • Бауыр асты аппендициті
  • Бауыр астында орналасқан өсіндінің қабынуы оң жақ қабырға асты доғасында ауырсынумен және жиі көп ретті құсумен басталады. Оң жақ қабырға асты доғасының абайлап «ұрғылағанда» айқын ауырсыну көрінеді аталған жерде бұлшық еттер қатаюы Щеткин-Блюмберг симтомы оң. Айқын ауырсынуға байланысты бауыр шеті анықталмайды. Оң жақ мықын аймағы бос жіне ауырсынусыз болады. Ректальды қарауда ауытқудың қалыптыдан айырмашылығы болмайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет