E) аорталық қақпақшаны протездеу
Науқас 20 жаста, физикалық күш түскенде ентікпеге және шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде – жиі бронх-өкпелік инфекциялық аурулар. Тері жабындылары бозғылт, жүрек ұшының түрткісі күшейген, төстің сол жақ шетіндегі IV қабырғааралықта естілетін дөрекі пансистоликалық шуыл, өкпе артериасында ІІ тон акценті естіледі. ЭХОКГ –дан күтетін өзгерістер:
A) Сол қарыншадан оң жүрекшеге шунт
B) Сол қарыншадан оң қарыншаға шунт
C) Қанның оң қарыншадан жүрекшеге регургитациясы
D) Сол жүрекшеден оң жүрекшеге шунт
E) Сол қарыншадан сол жүрекшеге шунт
С. атты 42 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?
A) Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым
B) Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)
C) Дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ І (ФК І)
D) Рестриктивті кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)
E) Дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)
Науқас Х., 50 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША МӘЛІМЕТТІ?
Достарыңызбен бөлісу: |