Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет40/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

Ономастиканмн метатілі жөне концептуалды-терминологиялык аппараты

Объект-тілді зерттейтін, анықтайтын тілдік күрылым, лингвистикалық терминдер жиынтығы метатіл деп аталады - бүл “екінші дәрежедегі” тіл (язык “второго порядка”). Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік аныктамасы бойынша, “тіл біліміндегі метатіл күрделі қүбылыс, оның негізінде, бір жағынан терминдер арасында жүйелі қаты- нас жатыр, екінші жағынаы - жалпы гылыми лексика, ягни тіл біліміндегі зерттеудің әр гүрлі аспектілерін галдауда қолданылатын сөздер мен соз тіркестері енеді” [1990, 297].
Ғылымның дамуы метатілдің дамуына тікелей ықпал етеді, метатілге білімнің әр бағыты мен облысының көптеген арнайы тіл ішіндегі, негізінен, ономастиканың метатілі жатады. Метатілдің қалыптасуы мен дамуы бірнеше өзара байланысқан себептерге, соның ішінде томендегідей себептерге байланысты:

  • тез дамып келе жатқан жалпы тіл білімі аясында ономастикалык материалды зерттеуді тереңдету;

  • зерттелмеген жалқы есім разрядтар арқылы ономастикалык бірліктердің корпусын кеңейту;

  • жалқы есімдер туралы гылымның жаңа бағыттары- ның қалыптаеуы;

105


II тарау. Ономастиканың теориялық мәселелері



  • терминологиядағы жаңалықтар;

  • жаңа концептуалды аппараттың қалыптасуы мсн белгілі терминдерді жаңа мазмүнмен толтыру.

Соңғы 10 жыл ішінде ономастикалық морфология, ономастикалық сөзжасам, ономастикалық лексикография, ономастикалық терминология т.б. багыттар қалыптасып, өз деңгейінде бекітілді. Жалқы есім семасиология, типология, психолингвистика, мәдениеттану, этнология, әлеуметтік лингвистика, контрастивті лингвистика т.б. түрғысынан қарастырылады. Ономастикалық зерттеу ерекшеліктері жалқы есім тіл жүйесінде орын-орнымен анықталады.
Ономастикалық кеңістіктің дамуы, кәсіби тілдік қаты- настың жоғарғы деңгейде болуы, ономастикалық зерттеулердің өзектілігі - бүның барлығының жиынтығы ономастикалық терминологияның өзгеруіне себеп болды. Жоғарыда айтылғанды толықтырылып, нақтыланыгі шыға- рылған Н.В. Подольскаяның екінші басылымы “Словарь русской ономастической терминологии” (1988) атты сөздігі дәлелдейді. Аталған сөздік қалыптасқан ономастикалық үғымдар мен терминдердің ақпарат жиынтығын қүрайды. Бүл материал бойынша терминдер арасында әрқашан семантикалық байланыс барын байқауға және ономастикалық термин жүйесінің типтік модельдерін, оның ретін және бірізділігін анықтауға болады.
Ономастикалық терминоірафияның қыскаша тарихы бар.
Н.В. Подольскаяның сөздігінен (1978, 1988) басқа Германияда [Т. Вигковский, 1964], Украинада [В.В. Ним- чук, 1966], Англияда [Е. Смит, 1967], Чехияда [Я. Свобода, 1983], Финляндияда [Ед. Кивинайми т.б. 1974], Қырғыз- станда [Ч. Жүмағүлов, А.Б. Исабеков, 1985] терминология- лык сөздіктер басылып шықты. Бүның өзі 60-70-жылдары ғылымның дамуына байланысты жоғары деңгейге жеткізу, реттеу және жүйелеумен, ономастикалық ғылымның метатілінің терминологиялық аппарагын концептуалдылы- ғымен ерекшслінеді.

106


Ономастика: зерттеу мәселелері

Қазақ ономастикалык терминология әлі кажетті зерттеу алған жоқ, дегенмен қазірдің өзінде мұнда базалык терминдерге және лингвистика мен ономастикалык метатілдің әмбебап ұғымына сүйену бағыты анықталған, бүл “әмбебап-концептуалды деңгейге шығуға” мүмкіндік береді. Қазіргі кезде қазақ тіл білімі, соның ішінде ономастикалык метатіл жаңа ономастикалык үғымдарды білдіру үшін өз қүралдарын іздеуде. Сонымен қатар қазак ономастикасында қолданылатын ономастикалык термин- дердің барлығын бір ізділікке салу, яғни унификациялау мен стандартка келтіру жүмыстары жүргізілуде. Қазақ ономастикасы метатілінде қалыптасқан көптеген термин­дер орыс, кырғыз, украин т.б. ономастикалык терминоло- гиясында колданылады.
Н.В. Подольскаяның байкауынша, “орыс ономастика­сында қолданылатын терминдердің көбі барлық славян тілдерінде кабылданған” [1988, 13-14]. Кеңес дәуіріндегі үлттық ономастиканың термин жүйелері концептуалды- әмбебап орыс ономастикалык метатілге негізделген. Сонымен бірге орыс терминдері үлттық тіл жүйесіне бейімделіп, үлттык негізде қалыптасқан терминдермен толықтырылды.
Осы себептерден ономастиканың үлттық термин жүйесі (орыс, украин, казак, өзбек, грузин т.б.) бастапқы және үлтаралык лексиканың бірігуінен түрады, бүл әр тілдің ғылымына қатысты. Кірме және грек-латын элементтері негізінде жасалған терминдер тіл иесінің тілінде бастапкы параллельмен бірге өмір сүреді, мысалы:
гр. оним - қаз. жалқы есім - орыс. собственное имя; гр. топоним - қаз. жер-су атауы - орыс. географическое название.
Үлттық негізде дәл сәйкестік ономастикалык үғымдар мен қүбылыстардың барлығынан табылмаған. Сондықтан да ономастикалык терминдер мен термин тіркестерінің көбінің негізінде грек-латын элементтері жатыр. Осы

107






онимдік (катар)




онимия (жалқы есімдер - онимдер жиынтыгы)

оним -

онимдік (тип, формант)




ономастикалык (сөздік)




онимдену (апеллятивтің жалқы есімге эту үрдісі)


Ономастикалык терминологияның жүйелігін жэне шет тілді лексиканы игерудің нақты механизмін аталмыш мы- салдар көрсетеді.
Грек-латын элементтері ономастикалык кеңістікке агау- ларды енгізу жэне атау беру акті реалийлер енгі- зумен байланысты қалыптасатын жаңа терминдер жасау­да өнімді негіз қызметін аткарады. Мысалы:
хрематоним
- гр. cremato “зат” + оним - материалды мәдениеттегі бірегей заттын жалкы есімі;
марсионим - лат. Mars “соғыс күдайы” - “Марс планетасы” + оним - Марс планетаның бетіндегі кез келген объекттің жалқы есімі.


Ономастика: зерттеу мәселелері

Жаңа реалийлерді зерттеу грек-латын түбір морфемаларын тіркестіру сияқты нақты жүйе арқылы жа- салған жаңа терминдерді зерттеушілердің енгізуіне мүмкіндік береді. Мәселен, В.Н. Попова Қазақстан топонимдерінің қүрылымды семантикалық табиғатын зерттей отырып, ғылыми айналымға археоним
(қосымша археологиялық акпарат беретін топоним) терминін енгізді. Қазақстан шөлдерінің топонимдік материалдарын зерттеп, Қ.Қ. Рысбергенова әр түрлі қүм үйінділерін білдіретін екі термин үсынды: эремоним - гр. ermoz “шөл” - ірі географиялық шөл объектілерінің атауы (Қызылқүм, Гоби), ареноним - лат. arena “күм” - шөлді жерлердің үсак объектілерінің атауы (Еспеқүм, Төбеқүм).
Тағамхана (азык-түлік дүкені, мейрамхана, кафе т.б.) атауларының ерекшеліктерін зерттеп, С.Қ. Иманбердиева менсоним терминін mensa “тамақ, ас, асхана, лавка, науа” латын сөзі негізінде енгізді. С.Е. Керімбаева (2004) мифонимдерге арналған зерттеуінде аруахоним деген терминді үсынып отыр - аруақ + оним, яғни аруақтардың аттары. Алайда, бүл термин қалыптасқан онимдік қата- рына кірігуі қиын. Осы терминнің орнына спиритоним деген терминді Г.Б. Мәдиева үсынып отыр - лаг. spiritus (аруақ) оним. Барлык жаңа енгізулердің екінші компоненті оним, яғни жалкы есім термині.
Ономастикалық метатілдің терминологиялық аппараты эр модель бойынша терминжасамның жүйелігіы, үлтара- лығын (грек-лагын термин элементтерін қолдану бойынша), негізгі терминдердің бір-біріне тәуелділігін, термин жүйесінде гигіер-гипонимдік қатынастың сакталу- ын көрсетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет