Ономастиканың нысаны, нысанасы, мақсаты мен міндеттері
Ономастика - заттарды жекелеп атайтын жалқы есімді зерттейгін тіл білімі саласы. Ономастика термині сонымен бірге жалқы есім жиынтығын - қазіргі ғылымда “онимия ” ретінде белгілі онимдерді (гр. unoma, unuma “есім, атау”) атау үшін қолданады. Жеке ел, аймақ немесе мәтіндегі жалқы ссімдердің тізбегі “ономастикой ” {лексикон сөзіне сай) деп аталады. XX ғ. 60-жылдарындағы жеке ономасти- калық еңбектерде ономастика термині антропонимика, яғни адамның есімдер жиынтығы мағынасында қолданыл- ған.
Кез келген ғылымның, жеке алғанда ономастиканың зерттейтін нысаны болу керек.
Пәндік модельдің ғылым регіндегі жалпы парадигмасы- на ғылымның субъектілері мен танымдық болмыста әрекеттесетін нысан, қүбылыс, шындық болмыстың үрдісі жатады.
Осы ережеге сай, тілдің жалпы өзіндік лексикалық қорын қүрайтын өзге тілдерден енген және төл тілдің барлық разрядтарындағы жалқы есім ономастиканың нысаны болыгі табылады. Жалқы есім қатарына объектілерден бір объектіні жекелеп атау қызметін атқаратын барлық сөздер, тіркестер мен сөйлемдер енеді. Жалқы есімсіз бірде-бір тіл болмайтындықтан, олар ономастикалық универсалий болып табылады. Атау үрдісінде ақиқат және қияли болмыстың нышандарын жекелеу мен оларды қатыс-
10
Ономастика: зерттеу мәселелері тыруына байланысты болатын көлемі бар жалқы есімдер жиынтығы эр халықта өзіндік ерекшеліктерге ие.
Агалушы объектіге қарай жалқы есім бірнеше түрлерге бөлінеді, ал олар өз ішінде текті-түрлік қатынаста бірнеше кластарға бөлініп кетеді. Мәселен, антропоним адамды немесе бірнеше адамдарды атайтын есімдер жиынтығы- нан, соның ішінде жеке есім, әкесінің аты, тегі, лақап аты, жасырын аты, андроним (әйелін күйеуінің аты, ла- қап аты немесе фамилиясымен атау), гинеконим (еркекті кейін фамилиясы болып қалған шешесінің не әйелінің атымен немесе лақап атымен атау), патроним (әкесінің не әкесінің тегіндегі атгіен немесе лақап атпен атау) онимдердің бір түрі.
Текті-түрлік (гиперо-гипонимдік) қатынасты жер кеңістігінің атаулары - топонимдерді нақты жүйе түрінде төмендегідей көрсетуге болады [109] (қара. Кесте 1, 12 б.)
Жалпы мағынада алғанда ғылым нысаны болып субъекттің зерттеу нысаны, әрекеттесу үрдісі, қүбылы- сы, нәтижесі, байланысы, табиғи мен жасандының қаты- насы болып табылады.
Жасанды және табиғи жалқы есімдерді жасауда қолданылатын тілдік қүралдар жүйесі, олардың қүры- лымы, семантикалық және сөзжасамдық модельдері, жалкы есімдерді өзара қатыстылығы, септелу ерекшеліктері, жалқы есімдердің синтаксисі, атқаратын қызметі т.б. ономастиканың нысаны болып табылады.
Өзіндік нысаны, зерттеу объектісі бар басқа ғылымдар сияқты ономастика да өз максатын көздейді. Ономастикалык зерттеудің мақсаты - лексиканың басқа салаларымен салыстырғандағы жалқы есім ерекше- ліктеріне ықпал етуші өзіндік ономастикалық белгілерін анықтау, онимдердің әр түрлі топтарын зерттеу, ономастикалык атаулар мен жалқы есім қызмет ерекшеліктерін талдау. Бүдан басқа ономастика мақсатына тілден тыс
11
I ntapay. Ономастика— гылыми пән жатқан факторлардың онимдер қалыптасуына ықпалын анықтау, жалқы есімдердің шығу тегін ашу, жалқы есім кодтау және нөмірлеу, жалқы есімдер сөздігін жасау т.б.
|— ороним (жер үсті қаба-
тындағы нысандар атауы)
спелеоним (жер асты
қабатының нысандары-
ның атауы)