Қазақстан ономастикасының негізін қалаушы деп кімдерді атауға болады?
Сіз кай автордың, қай жылы ең алғаш ономастика терминін қолданғанын білесіз бе?
Сіз ономастиканың пәнаралық дегенін қалай түсінесіз?
Ономастикаға арналған халықаралық журнал қалай аталады, қай жылы алғаш рет шыққан?
Ономастика: зерттеу мәселелері
Ономастиканың басқа пәндермен арақатынасы
Ономастиканың нысаны мен нысанасы, мақсаты мен міндеттері, бағыттары мен зерттеу аспектілерінің анық- талуы оның лингвистикалық ғылыми пәндер жүйесіне міндетті гүрде кіретінін көрсетеді. Ең алдымен жалқы есімдер тілдің лексикалық бірлігі екендігін атагі өту керек, сондықтан да ол лингвистикалық әдістермен зерттеледі және эр атау жөніндегі мәлімет лингвистикалық қүрал- дар арқылы жиналады [1973; 126].
Алайда жалқы есімдердің тілдік жүйеде алатын орнын, олардың гіәнаралық қасиеттері ономастиканың ерекшелігін және ғылыми пәндер номенклатурасындагы байланысын анықтады. Ономастика қатып қалған ғылыми парадигма емес. Оның көтеретін мәселелері басқа ғылым- дар (тарих, география, психология, археология, генеалогия, мәгінтану, эдебиеттану, астрономия, логика, элеуметтану, геральдика, семиотика т.б.) материалдарын пайдалану керектігін талап етеді.
Бірақ ономастиканың эр гылыммен арақатынасы op түрлі, әрі ол ономастикалық моселелерді анықтауға пай- даланатын факторларға байланысты.
Басқа ғылымдар қатысуымен шешілетін ксйбір ономастикалык мәселелерді қарастырайық:
Ономастиканың күрделі міндеттерінің бірі жалқы есімдер дәрежесін, жалқы есімдер мағынаға, мазмүнға ие ме, аталған нысанамен байланысы бар екендігін аныктау. Келесі мәселелер де маңызды болыгі саналады: