Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет12/90
Дата11.05.2022
өлшемі0,76 Mb.
#142622
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90
Байланысты:
treatise53019

I тарау. Ономастика - гылыми пон



  • атаудың жалпы жэне ерекше белгілері;

  • жалқы есімдердің қызметі;

  • жалқы есімдердің табиғаты;

  • атаулардың арақатынасы;

  • жалқы есімдерде жасалатын және қызмет агқара- тын тіл мен сөйлеудің адам ойымен байланысы т.б.

Қойылған мәселелерді шешу үшін ономастика соған сәйкес ойлау заңдары мен формаларына, болмысты жеткізу әдістеріне, жалқы есімдерде корініс тапқан адам- заттың кеңістікті игеру, атау беру заңдылықтарына ие болу керек. Жалқы есімдерді жан-жақты классификация- лау үшін әр түрлі негіздерді және олардың экстра-, инт- ралингвистикалық мағыналылығын анықтау қажет. Бүл жағдайда ономастика сөзсіз логика мен философияның жетістіктерін қолданады.

  1. Жалқы есімдер тарихы қалыптасқан кезіндегі қоғамның идеологиясымен, мәдениетімен, даму тари- хымсн тығыз байланысты. В.А. Никонов атап өткендей: “Антропонимиканың, сол сияқты бүкіл ономастиканың ең бірінші заңы - тарих” [89, 7]. Сондықтан көп жағдайда жалқы ссімдср қалыптасқан доуірдің, сол уақыттың жемісі болып саналады. Сонымен қатар әр халықтың ономасти­касы бірдей болмайды, ол әр түрлі ронологиялық кезең мен әр түрлі тарихи оқиғалардың ықпалымен қалыптаса- ды.

  • Жалқы есімдердіц эр разряды өзінің қалыптасу мен даму тарихына ие екендігін атап өту керек, сондықтан да оларды бөлек-бөлек қарасгыру қажет. Мәселен, қазақ қоғамының дамуымен байланысты дамыған қазақ антропонимдік жүйенің оз тарихы бар. Қазақ халқының антропонимдерін зерттей келе, Т. Жанүзақов [36, 16-23], келесі кезеңдерге бөледі:

  • көне түркі дәуірі (V-X ғғ.) (аталған кезендегі кісі ат- тары формасы мен мағынасы жағынан қазіргі қазақ

24

Ономастика: зерттеу мәселелері

кісі ссімдеріне үқсас, себебі, олардың көбісі пүтқа табыну кезеңінде қалыптаскан);

  • орта ғасыр кезеңі (X-XVII ғғ.) (пүтқа табынушылық- тан қалыптасқан кісі аттарын араб, парсы, моңғол, исламға байланысты қалыптасқан кісі аттары алмас- тырған);

  • XVII-XIX ғғ. (негізі кісі есімдерінің қоры сақталып, орыс тілінен енген жаңа кісі аттарымен, араб гілді кірме кісі аттарымен толықтырылған, әкесінің аты мен фамилиясы қалыптасқан);

  • Кеңес дәуірі (дәстүрлі, тарихи, түрақты, алдыңғы дәуірлердің кісі аттарын сақтау, орыс тілінен көптеп енген кісі аттарын қабылдау, интернационалды есімдердің пайда болуы, КСРО халықтарының кісі аттарын қолдану, қазақ тілі негізінде кісі аттарының қалыптасуы).

Орыс антропонимиялықжүйесінің қалыптасуы мен да- муын В.Д. Бондалетовтің [19, 96-97] хронологиялық классификациям бойынша 4 кезеңге бөлуге болады:

  • христиандыққа дейінгі кезең (көне кезеңнен X ғасыр- дың соңына дейін, шығыс славян антропонимия кезеңі);

  • XI-XVII ғасырлар аралығы (негізгі есімдермен бірге каноникалық есімдср жүйесіне көшу);

  • XVIII ғасыр басынан 1917 жылға дейінгі (каноникалық есімдердің басымдылығы, үш тағанды есімге толығымен ауысу кезеңі);

  • кеңес өкіметі кезеңі (1917 жылдан қазірге дейін) (дәстүрлі есімдер создігін бейканонизациялау, есім берудің үш тағанды болуын занды түрде бекіту, қала мен ауыл есімдерінің ерекшелігін азайту, ксңес өкіметі халықтары антропонимдерімен өзара ықпал жасау т.б. кезеңі).

Қазіргі кезде бүрынғы КСРО антропонимикалық жүйенің дамуында тағы бір кезеңді бөліп карастыруда -

25

и

I mapay. Ономастика - гылыми пон

кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі кезең (КСРО-ның ыды- рауы мен кеңес республикаларының егемендік алу кезеңі).
Бүл кезең көне, ұлттық есімдердің таралуымен, еуропа кісі аттарын қолданумен (әйгілі киносериалдардан, әншілердің т.б.) ерекшелінеді.
Дегенмен В.У. Махпировтың [81, 146] “барлық материалдарды галдау антропонимдік жүйенің артықшыл- дығы мен біртүтас екендігі” деген ой-талқысы гек жалгіы түркі халықтары антропонимдері ғана емес, басқа да үлт антропонимдеріне, соның ішінде қазақ аытропонимдеріне тиісті айтылғандығын көрсетеді. Басқа сөздермен айтқан- да, кейбір ономастикалык жүйеде жалқы есім жеке қорлары бірнеше ғасырлар бойы сақталуы мүмкін.
Жекелеген тарихи кезеңдерге қатысты зерттеу басқа да ономастикалык жүйелерге қатысты. Мысалы, Қазақстан жерінде өткен нақты тарихи оқиғаларға байланысты қазақ топонимиясын да зерттеушілер бірнеше даму кезеңіне бөледі [кара.: А. Әбдірахманов, Т. Жанүзақов, В.Н. Попова т.б.].
Жапгіай атау өзгергумен ерекшеленетін Қазақстан топонимиясында жаңа кезең де анықталды, бүл жаңа мемлекеттің географиялық каргасында жаңа атаудың пай- да болуымен байланысты және бүл көрініс Қазақ ССР-нің егеменді мемлекет жөніндегі Декларациясының 1990 ж. 25 қазаннан Мемлекеттің Жоғарғы Кеңесінің қабылдауынан бастау алды [Казахстан - 10 лет независимости. Этапы развития/Центр внешней политики и анализа. Алматы, 2002, 20 с.]. 1990 жылдың 20 сәуірінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша өз жүмысын Қазақстан территориясындағы көне атауларды жаңғырту мен жаңа атауларды қабылдауға бағытталған Мемлекеттік ономастикалык комиссиясы қүрылды, жалқы есімдерді талдауға қажетті жалқы есімдердің хронологиялық кезеңдері, этимологиялық ізденістері, әр түрлі тарихи анықтамалар, қоғамның дамуы, әр түрлі тайпалар мен ха-

26

Ономастика: зерттеу мәселелері

лықтардың белгілі бір территорияда тарихи қоныстанғаны, тілдік және мәдени байланыстардың тарихи анықтамала- рының қажеттілігін көрсетеді.
Тарихи қүжаттар бойынша жалқы есім жеке немесе түтас қабаттарының қалыптасу тарихын, мағынасының даму, жалқы есім қалыптасу тарихын т.б. қарастыруға болады. Мүндай деректерді ономастика тарих ғылымда- рынан алады.

  1. Жалқы есімдер, сөзсіз, тіл фактілері, дегенмен, олардың қолдану ареалын, локализациясын (белгілі бір территорияда, аймақта таралуын, мекендеуін, қалыгітасу- ын), ауысуын, шоғырлануын, атауға ие нысандардың орнын зерттеу географияның кейбір тәсілдері мен деректеріне сүйеніп жасалынады. Мәселен, топонимдер қүрамындағы географиялық терминдерді бөліп қарастырғанда, топоним- дерді зерттеу үшін географияның комегі өте қүнды.

Географиялық терминдер ландшафт срскшсліктерін, оның топографиялық ерекшелігін, атауы бар нысанды және оның ерекшелігін көрсетеді (түрі, мөлшері, қүра- мы, сапасы т.б. географияның күзырында). Э.Д. Мурзаев атап көрсеткендей: “Халықтың географиялық термино- логиясында жалқы есімдер топонимдердің қалыптасуына заңды және белсенді түрде қатысады. Аталмыш термин- дерсіз қалыптасқан топонимдік жүйені бүкіл дүниежүзі бойынша кездестіре алмайсыз” [87, 6-7].
Қазақ топонимиясында қазақ географиялық терминдер- дің 72% табиғаттың ерекшелігін көрсетеді. Е.А. Керімбаев былай атап береді: ‘Тенезистегі географиялық фактор- лардың рөлі мен мәні, қазак онимиясының дамуы мен қызметі Қазакстан табиғатының ерекше бай дара түрған географиялық атау беруде көрініс тапқанымен байланыс- ты” [58, 22].
Аталмыш қағида әлемнің көптеген халықтарының топонимдік жүйелеріне де тиесілі.

27



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет