II тарау. Ономастиканың теориялық мәселелері реалийлердің аньіқтамасы басты белгісі болып санала- ды. Олсір рельефтің геомор<Іюлогиялық қүрылымын, ландшафт ерекіиеліктерін, географиялық реалийлердің белгілері мен ерекіиеліктерін нақтм жеткізеді " деген түжырымын мысалдармен растаңыз. Қазақстанда орыс ономастикалык жүйе бар деп ай- туға бола ма? Егер ол бар болса, Ресейдегі орыс ономастикалык жүйсден қандай нақты ерекшеліктсрі бар? Дәлелдеңіз.
Жалқы есімдердің болмысын толығымен ашу мен теория тұрғысынан ұғыну үшін олардың атқаратын рөлін анық- тау өте маңызды. Лингвистикада, соның ішінде ономастикада атау қызметінің нақты мазмүны мен көлемін анықтаған бір шешім жоқ. Әрине, әртүрлі деңгейде берілетін элементтерден түратын ауқымды қүбылыс ретін- дегі тілдің қызметіне қарағанда жалкы есім қызметтері жекеленген болып саналады. А.В. Суперанскаяның айтуы бойынша, “тілдегі жалқы есімнің арнайы ерекше қызметі жоқ. Олардың негізгі грамматикалық қызметі - сөйлемде бастауыш пен толықтауыш қызметін атқару, ал негізгі лексикалық қызметі - атау. Жалпы есімдердегі сияқты бүл функциялар жалқы есімдерге де қолдану аясы мен жағдай ерекшелігіне қарамастан тән” [1973, 276].
Барлық дерлік зерттеушілер жалқы есімнің бірінші қызметі атау болып табылады дейді: “Сөздер болмыстағы заттар мен күбылыстарды атауы мүмкін: бүл номинативтік қызметі, атау кызметі; таза осы қызметті атқаратын сөздер - жалқы есімдер... Жалқы есімдер гипертрофирлі атау беруші: олар атау үшін қалыптасқан, бүл олардың мақсаты” [Реформатский А.А. Введение в языковедение. 1998, 36, 66].
Жалқы есімнің атау қызметі мен жекелеуші және ажы- ратушы қызметі тығыз байланысты, бүл аталмыш объектті басқа объектілермен салыстырып, ажыратуға, жекелеуге мүмкіндік береді. Н.Д. Арутюнованың пікірі бойынша, жалқы есім “индивидке қатысты теңестіру қызметін ат- қарып, белгілі бір дескрипцияның эквиваленті болып табылады” [2000, 16]. Н.В. Подольскаяның сөздігінде бар- лык үш қызметі: атау-салыстыру-жекелеуші кызметі деп бір-ақ жинақталған [1988, 145]. Дегенмен көптеген зерттеушілер оларды біріктіргенді жөн көрмейді, себебі