II тарау. Ономастиканың теориялық мәселелері
Ономастикалық кеңістік.
Ономастикалық шек Ономастикалың кеңістік теориялық ономастиканың негізгі ұғымы болып табылады. Оның құрамына басқа раз- рядтың енгізілуі мен жалқы есім дәрежесін беру түрғысы- нан бүл үғымды зерттеушілер әр түрлі талдайды. Мүмкін сол себептен бүл үғым Н.В. Подольскаяның ономастика- лык терминология сөздігіне енбеген болар.
Бізді қоршаған болмысты зерттеу, атау беру принциптері және ақиқат, қияли деп бөлуі, әр түрлі мәдениеттерді салыстыру, барлық реалийлерді (көне дәуірден бастап) таптастыру зерттеушілерге “ономасти- калық кеңістік” үғымын бөліп қарастыруға мүмкіндік берді.
Палия топоономастикасы туралы еңбегінде В.Н. Топоров палидің (көне үнді) топоономастикалык (ономастика- лык) кеңістігінің көлемін анықтай отырып, оған географиялық объекттің (табиғи және жасанды), әр түрлі кеңселердің, жеке заттардың (сәнді, кару, музыкалык ас- паптардың), уақыт кесінділері (күн, ай, дәуір, мейрам, ғүрып т.б.), мәтін мен оның бөлім, жанр, доктрина атаулары; жеке түлға (адам, қүдай, шайтан, жануар жэне өсімдік т.б.) атаулары және кәсіп, конфессия, үлт, каста, жас т.б. белгілері бойынша жеке түлғалардың топтық атаулары, титул атаулары мен лақап аттары т.б. жатады деп пайымдаған. Сонымен катар В.Н. Топоров палидің топоономастикалык кеңістігі буддалық әлемге көзқарас қүндылықтары жүйесінде орын алған заттардың барлығы да жалкы есімдер қатарына енгізілгенін атап өтеді. Басқа тілдерде жалқы есім бола алмайтын немесе кей жағдайда ғана жалқы есім қызметін атқаратын көптеген заттар мен қүбылыстардың атауы палиде жалкы есім қызметін атка- ратыны палидің ономастикалық ерекшелігі болып табылады. Кез келген зат атауының жалқы есімге айналуы -
134
Ономастика: зерттеу мәселелері
будда әлемінің жаратылыстан тыс жоғары түрған қүндылықтармен байланыста болуында, ең алдымен Будда мен Канон үғымымен байланысты. В.Н. Топоров еңбегінде бір-біріне, біздің ойымызша, синоним ретінде екі - топоономастикалық кеңістік жэне ономастикалык кеңістік терминдерін қолданған [1969, 33, 34, 46].
Басқа халықтар мен территорияның ономастикасына қатысты В.Н. Топоровтың қағидасын дамытып, А.В. Суперанская т.б. жалпылап, “белгілі бір тарихи кезеңде социум қолданатын жалқы есімдер жиынтығы ономастикалык кеңістікті күрайды. Белгілі бір кезеңде тілдік гоптың атау таққан объекттің күрамына оның (ономастикалык кеңістіктің) көлемі мен ерекшеліктері байланысты” деген түжырым жа- сайды [1986, 9]. Бүдан бүрын А.В. Суперанская [1973, 3] отандық және шет елдік ономастиканы осы үғым түргысы- нан қарастырып, “ономастикалык кеңістік жеке шектері бар секторларға бөлінеді” (антропонимия, топонимия, зоонимия, фитонимия, космонимия, астронимия г.б.) дегі пайымдаған.
А.В. Суперанскаяның пікірі бойынша, ономастикалык кеңістікті толығымен тек осымен айналысатын адам ғана игере алады, ал жеке түлғаларға ономастикалык кеңістіктің тек бір бөлігі, фрагменті ғана оныц көзқарасы мен қызығушылығы- на тән болады.
О.Т. Молчанова Таулы Алтайдың топонимикасын тал- дай отырыгі, А.В. Суперанскаяның пікіріне үксас ойын айтады: қандай да бір аймақтың әр тілді, әр уақыттағы белгілі бір страт жиынтығынан түратын топонимиконы ономастикалык кеңістікті қүрайды [1998, 231].
В.Д. Бондалетов “ономастикалык көзкарастың тарихи қабылдау мен үлттык-этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, “ономастикалык кеңістік” терминін екі магына- да қолдануға болады деп санайды: 1) жалпы лингвистика- лык категория ретінде, яғни болмыстағы (шынайы және қияли) нақты заттарды арнайы көрсететін ономастикалык бірліктер жүйесі ретінде; 2) белгілі бір тарихи кезеңдегі