II тарау. Ономастиканың теориялық мәселелері кеңістігінде сақталған феномен туралы детерминант көзқарасы қалыптасады.
Д.Б. Гудковтың пікірі бойынша, “прецедентті атаулар- дың негізгі белгісі - олардың сілтейтін ұлттық детсрминанттанған көзқарасгіен байланысында” және бас- қалардан айыратын жеке белгілерінің, “керемет- қорқыныштьГ осі бойынша баға беретін феноменге бай- ланысты атрибуттарды қамтиды [1997, 73].
Жеке тіл бірліктеріндегі, соның ішінде қазақ прецедентті атауларындағы прецедент мәселелері Казак- стан лингвистикасында да, ономастикада да арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Дегенмен прецедентті мәтін мен нрецедентті атау, мысалы В.И. Жумағүлованың Қазақ- станнын орыс тілді прессадағы сатира мен юмор жасау- даты тіл күралдарын зерттегенде, Г.А. Қажығалиева коркем мәтінді лингвомәдени түртысынан талдағанда, Г.Қ. Ихсангалиева газет макала атаулары мен телебағдар- лама материалдарын зерттегенде, Т.Е. Пшенина Катулдын тілдік түлгасын талдағанда қолданылган.
Прецедентті атауды аныктау мәселелерін шешу тек мәдениаралық тілдік коммуникацияны оқыту мәсе лесінде ғана емес, қазақ, орыс, ағылшын т.б. лингвомәдени қоғамдардың когнитивті базасын зерттегенде де маңызды.
Сонымен катар халықтың үлттық когнигивті базасын- да прецедентті атаулардың қалыптасуы мен қолданылу ережелерінің теориялық негіздемесі қазақ, орыс тілдерін окыту мәселелерін шешу үшін қажет.
Тілді оқыту мен игеру мәселелерін зерттеушілер материалдары бойынша, тілдік (коммуникативтік) күра- ушысы болып мәдени компетенция табылады, яғни мәдени қүндылыктармен тілдік қүралдар арқылы танысып, игеру кажет. Осы себепген лингвомәдени қогамның когнитивті базасының тірек элементтерін білмей сол тілде толық қаты- нас болуы мүмкін емес деген тезис өзекті мәселе болып отыр.
146
Ономастика: зерттеу мәселелері Ұлттық когнитивті базасының тірек элементтеріне ұлттық ақпаратты жинақтау мен жеткізуде, сөйленісте прецеденттік атаудың өзектілігін анықтайтын нақты жағ- дайды және тұтас ассоциация кешенін үғынуда басты рөл атқаратын прецедентті атаулар жатады.