!>■ I ■ІІИІІПІІII
Ономастикалык, терминдердің қысқаша сөздігі
Микротопоним (шагынтопоним) - кең қауымға беймәлім географиялық объектілердің атаулары.
Мифоним- мифтердегі, эпопея, ертегілердегі, жырлар- дағы кез келген ономастикалык кеңістік аясындағы атау, мыс., Қүлагер, Шалқүйрық, Қобыланды батыр, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба.
Некроним - топонимнің түрі; зират, бейіттер мен молалардың атауы, мыс., Кецсай, Ваганьковское кладбище.
Номинация - атау беру үрдісі.
Ойкодомоним - ғимарат атауы, мыс., Республика са- райы, Окушылар сарайы, Студенттер сарайы.
Ойконим - топоним түрі; кез келген елді мекен (ауыл, село, кент, кала) атауы; ойконим астионим жэне комоним болып бөлінеді.
Ойконимика (кара. Ойконим) - топонимиканын ойконимдерді зерттейтін саласы.
Ойконимикон (кара. Ойконим) - ойконимдердің тізімі немесе сөздігі.
Ойконимия (кара. Ойконим) - ойконимдердің жиын-
ТЫҒЫ.
Океаноним “күдай Мүхит”; 2) “шексіз теңіз”; 3) “Ат- лантикалық мүхит атауы” + оним) - гидронимнің түрі; мүхиттар атауы, мыс., Атлант мүхиты, Солтүстік Мүзды мүхит, Үнді мүхиты.
Оним - қара. Жалқы есім.
Онимия (кара. Оним) - жалқы есімдердің (оним- дердің) жиынтығы.
Ономастика (кара. Оним) - тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы.
~ ономастикалык, - сын есім, ономастикаға қатысты.
182
Ономастика: зерттеу мәселелері
Ономастикалык, кеңістік - белгілі бір жалқы есім- дердің таралу аймағы немесе жалқы есімдердің тобы; ономастикалык кеңістік топонимия, антропонимия, зоонимия, теонимия сияқты топтардан тұрады.
Ономастикалык, әдіс - ономастика саласында атаулар сырын танудың жолы; ономастикалык әдістер бірнеше түрден түрады: стратиграфиялық, күрылымдық, ареалды, туыстық, типологиялық, этимологиялық; әр атаудың қалып- тасу жолдары мен ат берілу себептерін анықтауда осы әдістердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалануға болады.
Ономастикалык, зерттеудіц әдістемесі - ономастика саласындағы зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы.
Ороним (гр. oros “гора” + оним) - топонимнің түрі, тау, кырат, шың атаулары, мыс., Алатау, Хантәңірі, Алтай, Орал, Қаратау т.б.
Оронимика - топонимиканың оронимдерді зерг- тейтін саласы.
Оронимия - оронимдердің жиынтыгы.
Патроним - әкесінің есімі немесе лақап атының дериваты: әкесінің немесе атасының есімі немесе лақап аты бойынша адамга лакап ат немесе фамилия беру.
Пелагоним - океанонимнің түрі, кез келген теңіз немесе оның бөлігінің атауы, мыс., Каспий теңізі, Арал теңізі.
Планетоним (лат. planeta + оним) - онимнің түрі, кез келген аспан денелеріндегі табиғи-физикалық объекттің жалқы есімі; нақты айтқанда, марсионим, селеноним, венусоним т.б.
Полионимия (көпонимді) - көп атка ие болу, яғни бірнеше атауы болу.
Порейоним - кез келген көлік түрініц атауы, мыс., Қазақстан поезі, Аврора крейсері, Восток-1 ракет асы.
183
Ономастикалык, терминдердің қысқаша сөздігі
Потамоним - топонимнің түрі; өзендердің атауы, мыс., Іле, Талас, Жайьщ, Шаган т. б.
Прагматоним - оним түрі; адамның күнделікті қызмет аясындағы денотат атаулары, соның ішінде тауароним, прагмоним, эргоним, фалероним, хрематоним, порейоним т. б.
Псевдоним бүркеншік ат - қара. Лақап am.
Регионим (< лат. regio “ауқымды аудан” + оним) - тіл білімі, тарихи, географиялық, этнографиялық, лингвомәдени т.б. мәліметтер бойынша ономастикалык зерттеуге алынған белгілі бір аймақтың атауы, мыс., Шы- гыс Қазақстан, Өр Алтай, Ертіс қойнауы, Солтустік Қазақстан.
Реликтілік қосымшалар - топонимдердің қүрамында кездесетін, бүгінгі тілімізде дәл сол күйінде қолданылмайтын көне гүлгалар, мыс., Жымпиты, Аңқа- ты, Булдырты, Қалдыгайты, Өлеңті, Шідерті то- понимдерінің қүрамында кездесетін -ты, -mi түлғалары реликтілік қосымшалар болып есептеледі.
Реликтілік қурылымдар - реликтілік қосымшалардың қатысымен қалыптасқан жер-су атаулары.
Селеноним - планетонимнің түрі; Айдағы кез келген табиғи объекттің агауы.
Селенонимика (қара. Селеноним) - селенонимдерді зерттейтін ономастика саласы.
Сөзжасам (ономастикалык) - онимдердің жасалу жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы.
Спелеоним - ороним түрі; кез келген табиғи жер асты объектілердің атауы, соның ішінде: үңгір, қүдық, жар, лабиринт, сифон, жер асты озен т.б. атауы.
Спелеонимия (кара. Спелеоним) - спелеонимдер жиын-
ТЫҒЫ.
184
Ономастика: зерттеу мәселелері
CnupumoHiiM (лат. spiritus “аруақ” - оним) - аруақ аты. Мысалы: Ғайып баба, Оқшы ата, Райымбек ата т.б.
Стратиграфия (топонимиялық) - топонимдердің қалыптасуын белгілейтін тарихи қабаттар.
Тарихи-әлеуметтік фактор - жалқы есімдердің (топонимдердің, антропонимдердің, зоонимдердің, эргонимдердің т.б) қалыптасуында қоғамдық-саяси оқиғалардың, тарихи-әлеуметтік жағдайлардың себепші болуы.
Теоним - кез келген пантеондағы қудай аты, мыс., Алла, Қудай, Зевс, Гера, Будда, Кришна.
Теонимия (қара. Теоним) - белгілі бір аймаққа, халыққа, шығармаға, мерзімге қатысты теонимдер жиынтығы.
Термин-индикатор - топонимдердің қүрамында келіп, олардың топонимдердің қай түріне жататынын анықтап отыратын географиялық термин; егер топонимдер су, сай, қамыс сөздердің қатысымен жасалса, ондай топонимдер гидронимдер тобына, ал тау, шоқы, қыр, асу сөздерінің көмегімен қалыптасса оронимдер тобына кіреді; термин- индикаторлардың детерминативтер, географиялық терминдер, халықтық терминдер деген атаулары да бар.
Топоним - онимдердің бір түрі; топонимдерді, көбінесе, жер-су атаулары деп те атаймыз; топонимдер - жер бетіндегі табиғи объектілердің және адамдардың табиғат- ты игеру үрдісі нәтижесінде қалыптасқан объектілердің атаулары; топонимдер өз ішінен ойконимдер, гидронимдер, оронимдер, урбанонимдер, некронимдер т.б. түрлерге бөлінеді.
~ топонимдік - сын есім, топонимге қатысты; мыс.:
топонимдік аймақ - белгілі бір жер-су атауларының таралу аймағы;
185
Ономастикалык, терминдердің қысқаша сөздігі
топонимдік карта - топонимдердің немесе олардың кейбір элементтерінің орналасу аймағын сипаттайтын географиялық атлас;
топонимдік қатар - қүрылымы, топонимдік моделі бірдей жер-су атауларының тобы;
топонимдік лексема — топонимдер қалыптастыруға қатысатын сөздер;
топонимдік терминология - топонимдерді сипаттайтын ғылыми терминдердің жиынтығы;
топонимдік уәж - жер-су атауларының қалыптасуына негіз болған жағдай, себеп.
Топонимдену (қара. Топоним) - жалпы географиялық терминдердің (детерминативтердің) ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуы; мыс., сын есім жіңіш- ке - бүлақ атауы Жіңішке, сын есім қақ - көл атауы Қақ.
Топонимика (қара. Топоним) - ономастиканың топонимдерді зергтейтін саласы; топонимика жер-су атау- ларының қалыптасу себептерін, пайда болу ерекшеліктерін, даму жолдарын және қолданылу жайын тексереді.
Топонимикой (қара. Топоним) - топонимдердің сөздігі немесе тізімі.
Топонимист - топонимдерді зерттеуші.
Топонимия (кара. Топоним) - топонимдердің жиын- тығы.
Трансантропонимдену - трансонимденудің бір түрі; антропонимнің бір түрінен екінші түріне ауысуы.
Транскрипция - қабылдаушы тіл графемасы арқылы шет тілді атау фонемасын жеткізу.
Транслитерация (лат. trans “арқылы” + litera “әріп”) - белгілі бір әліпбимен жазылған жекелеген жалқы есімдерді
1 «А
Ономастика: зерттеу мәселелері
екінші бір әліпбидің әріптерімен таңбалау, мыс., қаз. Дәулет - орыс Даулет - ағылш. Daulet.
Трансонимдену (лат. trans “арқылы” + онимдену) - жалкы есімдердің; мыс., антропонимдердің (кісі аттарының), ешбір косымшасыз басқа жалқы есімдерге, мыс., топонимдерге айналу үрдісі; трансонимдену тәсілі арқы- лы антропонимдерден жасалған топонимдерді антропотопонимдер, топонимдерден жасалған антропонимдерді топоантропонимдер, антропонимдерден жасалған космонимдерді антропокос- монимдер т.б. деп атайды.
Транстопоонимдену - топонимдердің бір кластан екінші бір класқа ауысып, жаңа объектінің атауы ретінде жүмсалуы, мыс., Шыцгырлау - 1) өзен атауы, гидроним; 2) аудан орталығы, ойконим; Бүлдырты - 1) өзен атауы, гидроним; 2) кеңшар орталығы, ойконим т.б.
Уәжді атаулар - ішкі уәжді формадан түратын, уәжі анық есімдер.
Уранонимы (моңғ. урай, қаз. үран “рүчтандыру макса- тында айтылатын сөз” + оним) - кез келген рудың үран атауы. Мысалы: Аруақ-аруақ; Аблай.
Урбаноним (урбоним) (лат. urbanus “қалалық” + оним) -топонимнің түрі; қала ішіндегі кез келген топографиялык объект атауы; соның ішінде агороним, годоним, хороним т.б.
Фалероним (лат. phalera “ең ержүрек легионерлер ма- рапатталатын айылбас” + оним) - кез келген медаль, орден, ерекшелік белгілер атауы, мыс., Парасат ордені, Барыс ордені, Алтын алқа медалі.
Фитоним - өсімдіктердің атаулары, мыс., раушангүл Виктория, лилия Венера.
Фитонимия - фитонимдердің жиынтығы.
Ономастикалык, терминдердіц қысқаша сөздігі
Халықтық географиялық термин - жергілікті географиялык терминдер, белгілі бір аймакта ғана колданылатын детерминативтер, мыс., қопа, самар терминдері Батыс Қазақстан аймағында жиі қолданылады.
Хороним - топоним түрі; кез келген территория, облыс, аудан атауы, соның ішінде әкімшілік, қалалық, табиғи хоронимдер болады, мыс., Шыгыс Қазақстан, Орта Азия, Еуразия, Алматы облысы, Қызылжар ауданы.
Хрематоним - оним түрі; материалды мәдениет затта- ры атауы, соның ішінде қару-жарақ, музыкалық аспап, зергерлік заттар т. б. атаулары.
Хрононим - оним түрі; уақыт кесіндісі атауы.
Эвфемистік атау - кез келген объекттің дөрекі естілетін бастапқы атауларын корғау мақсатында сыпайы түрімен ауыстыру.
Экклезионим - топоним түрі; ғүрыпты өткізу орындары мен кез келген дінге багыну орындары атауы, соның ішінде мешіт, шіркеу атаулары, мыс., Орталың мешіт, Никольская церковь.
Эпоним - аты шыққан кісінің есімі немесе лақап атымен баска кез келген онимнің пайда болуы, мыс., Менделеев кестесі, Боткин ауруы, М. Эуезов драма театры.
Эргоним - оним түрі; іскер адамдардың бірігу, үйым- дар мен мекемелер, корпорациялар т. б. атауы, мыс., Таң телекомпаниясы, Қайрат футбол қогамы , әл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университеті.
Этимология - жалқы есімнің шығу тегі.
Этнографиялық фактор - жер-су атауларының ха- лықтың түрмыс-салтына, әдет-гүрпына сәйкес қалыпта- суы.
Этномаркерлі онимдер - күрамында этнографизмі бар мәдени-этнографиялық ақпаратқа ие жалқы есімдер, соның
Ономастика: зерттеу мәселелері
ішінде этномаркерлі топонимдер (Қойтас, Сандьщтау, Айгыржал), этномаркерлі антропонимдер (Бөрібай, Жібек), этномаркерлі космонимдер (Жетіқарақшы, Есекқырган) т.б.
Этноним - кез келген этникалық топ, халық, ру, үлт атаулары, мыс., қазақ, агылшын, орыс, қыргыз.
Этнонимия (қара. Этноним) - этнонимдердің жиын- тыгы.
Этнотопоним - этнонимдердің қатысымен қалыптас- қан жер-су атаулары, мыс., Қалмақңырган, Қоңырбулақ, Базар, Шуршүтсу.
Этнотопонимия - этнотопонимдердің жиынтығы.
Жалқы есімдер кестелері
Достарыңызбен бөлісу: |