Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі



бет27/30
Дата05.02.2022
өлшемі2,57 Mb.
#1879
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
1. Мал жанға байланысты түсініктер, қошқармүйіз - қошқардың мүйізі тәріздес ою . Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты туған. Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” нешесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
2. Космологиялық түсініктер. Аспан әлеміне байланысты өрнектерінде де қазақ халқы балаларына аспан белгілерін таныстыруды мақсат етіп, аспан сырын сол кездегі өздерінің дүниетанымдарына сәйкес түсіндіріп отырған. Мұндай ою-өрнектерге күн көзі, шыққан күн, шұғыма, айшық, айгүл, уш айшық, төрт айшық, жұлдыз, топ жұлдыз т.б. өрнектер мысал бола алады. Күнің шығуына табынған, ай туғанда тағзым еткен, жұлдыздарға тамсанып тілік тілеп, жұлдыз ағып түскенде бір жарық өшті, бір пәлекет болады деп қауып тенген қазақ халқы күн, ай, жұлдыздарды жер бетіндегі жарық дүниелер деп қастерленген.
“Күн” белгісі көбінесе жүзік, білезіктерге бір дөңгелек, не қос дөңгелек түрінде безеңдіріледі. Бір дөңгелек “күн” белгісі - “күніміз ашық болсын” деген тілікпен салынған“Ай”, “жартыай” өрнектерге шынында да аспандағы айды мезгеп жасалынған. Бұлар көбінесе діни орындардың архитектуралық безендіруінде, мешіт - медреселердің мұнараларында қолданылған. Мазараттарда, жайнамаз сияқты заттарда көбірек кездеседі. “Ай” өрнегінің ислам діні келуден көптеген жылдар бұрын шыққаны анық. Мұның себебі де жоқ емес. Бір замандарға көптеген қауымдар ай мен күнге, от пен жұлдызға табылған. Жаратылыс құбылыстарынан мағлұматсыз заманда ай да, күн де, жұлдыз да тәңірі болып көрінген. Осыған байланысты аспан әлешіндегі денелердің ең көрнектісі және құбылысы көп айды олар тәңірі түтып жалбыранған, оған құрбандықтар шалған. Қазақтың тілек тілер, бата қылар жиындарда көк қасқа малды айтып союда да осы ескілік нанымнан қалған әдет. Көк дегенде, түсіне қарай аспанды тұспалдаса, қасқа дегенде сол көктегі айда түспалдаған.
Қазірде “ай”, “жарты ай”, “айшық” өрнектері, әрине, бұл ұғымнан әлдеқашан тазарып, тек өрнек, әдеміліктің бір түпі ғана болып қалған. Кейбір өрнектердегі дөңгелете келіп түйіскен жарты айлардың қосындылары “табақ” “тана” өрнектері сияқты әдемі түрлер жасайды. “Ай” өрнегі қазақтан басқа елдерде де кездеседі.
3. Өсімдік тәріздес өрнектер. Өсімдік, жер, су бейнелері өрнектері гүл, тау, су, тоғыз төбе, алма гүл, шашыр гүл, арпа гүл, т.б.
Туған жерін жанындай сүйіп, қастерлеген қазақ халқы кейінгі ұрпақтарының да жер, су өсімдік атауына аялайтын абзал азамат болып жетілуін армандап, олардан да соны талап етіп отырған. Сонымен бірге ертедегі халық дала табиғатымен адамша тілдескен. Бұл тіпті балалар өлендерінен де байқалған.
Қазақ халқының осындай арман-тілек ойлары ою-өрнек өнерінде де қалыс қалмаған. Мысалы “су” оюы – байырғы, киелі ою. Олай дейтініміз су – ертедегі ұғымды киелі, жаратушы аналардың бірі. Ауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Қазақтар арасында “Суға түкірме” деген қағида да бекер айтылмаған. Көне түркі жазбаларында “от ана”, “су ана” деген тіркестер кездесіде. Ертедегі адамдардың ұғымынша дүниенің жаралауына төрт зат негіз болған: от, су, ауа, тау т.б. Су оюының негізінде “ирек”, “тасқын”, “дария” оюлары қалыптасты. Дария – дархандылықтың символы. Су оюы көбнесе кез келген бұйымының жиектеріне және бұйым ішіндегі тармақты қазғалдақтың ою-өрнекке ену Райханың бес саусағының ескерткіші ретінде қалған екен деседі.
“Бүлдірген”, “бүркөз”, “жармагүл”, “жауқазын”, “желі”, “қозы”, “селеубас”, “шытырман” дегендер сияқты бірталай өрнектер жерде өсетін шөп, жеміс, ағаш, бұталарды түспалдап өрнектеуден қалыптасып, атаулары да осыған сәйкес аталған. Сол сияқты мүйіз өрнегінің көптеген мәнерлері кейде жер байлығына байланысты түрлене түседі. Ондай өсімдік тектес өрнектердің кейбірі жайлауды, арманды жерлерді, саялы жеміс ағаштарын, биік бәйтерек, қалың шырмауықты, гүл-бәйшешекті, және т.б. мегзейді. Ал “қоза” өрнегі халқымыздың ежелгі кәсібінің бірі мақта шаруашылығынан туған өрнектердің жік –шегарасын көрсете бейнеленеді.
Шығыс Қазақстан облысында Самара ауданы Жамбыл атындағы колхозда туратын 89 жастағы ағаш шебері, әрі етікші Жаппар “су”, “бессаусақ”, “бесгүл” оюлары туралы ертегісінде былай дейді: “Бар байлығында көзі тоймаған Сұмырайхан жер бетіндегі су біткенде өзімдікі деп жар салып малды, жанды сусыз қырғанға ұшыратады.” Ұсақ хандықтарға жаулап алып, суды өзіне пайда түсіретін байлақ көзінде айналдырады. Бірақ халық еріккен ханның қалағанындай жүріп-тұра алмайды. Күшті қарсылықтар көрсетіп, бітіспес күріске шығады. Уақытша жаулап алған елдердің халқы ханның жандайшаптарынан су бар жерлерді жасырып қалуға тырысқан. Қазақ халқының “Сұмырай келсе су құрайды” дейтіні осыдан шыққан екен. Осы су үшін болған бұл күресте Сұмырайхан Райхан деген шебер қыздың оң қолының бес саусағын шауып тастайды. Алайда халық жеңіп, Сұмырайханды өлтіреді. Суды пайдалану еркіндігін күшпен алған халық осы уақиғаға байланысты ою-өрнекке “су” деген ескерткіш өрнек қосқан. Жер-ана Райханың бес саусағын бес.
4. Геометриялық өрнектер. Түрік қағанаты дәуіренде де тас өңдеу мен сүйек ұқсату өнерінің өркендеуіне сай сүйек пен металдан жасалатын бұйымдарры әсемдеу барысында негізінен геометриялық (линейка, ирек, дөңгелек тәріздес), өсімдік тектес және зооморфтық мотивтер қолданылады.
VІ-ғасырдың бастап ғимараттарды ою-өрнекпен әсемдей бастаған. Кейіннен салынған Отырар. Сауран, Сығанақ қалаларында да қазақ ұлттық ою-өрнегі өзінің қолтаңбасын айқын танытты. Мысалы, Тараз моншасындағы “кереге” өрнек Айша бибі күмбезінде геометриялық ырғақпен байи түсті. Ахмет Яссауи ескерткіштерінде де жергілікті халықтың ою-өрнек үлгілері басым қолданылған.
М.Каганның “Ою-өрнек үнемі қолғалыста” дегендей қазақ халқының ою-өрнектері де айрықша қозғалыстағы, көркемдік тұтастықтағы өнер үлгісі. Мәселен, ~ тәрізді элемент мүйіздің символдық бейнесі ретінде ежелгі дәуірден белгілі. Бірнеше ғасыр өткен соң ~ белгісімен жанауар, өсімдік элементтерінің қосындысына “түлетабан” өрнегі жасалған.
Сол сияқты наным – сенімге қатысты ою-өрнектерге тоқталатын болсақ, байырғы ұғымды өсіп - өнетін табиғат дүниесін кие тұту, тәңірі тұту, олардың жана бар деп қабылдау сенімі басым болған. Бұған қоса табиғаттың талсым құбылыстарын, мәселен найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, қардың, жаңбырдың не себептен болатынын түсінбеген ертедегі қазақ халқы күнді, айды, аспанды т.б. керемет күш деп біліп, сол күштерге сиынған. Имек /~/, дөңгелек /o/, қосу /+/,жұлдыз / /тәрізді белгілер сол керемет күштерге табунудан қалған. “Ирек” - қатарынан бірнеше рет немесе рет тігілетін әр түрлі геометриялық үшбұрыштар бейнесіндегі кесте өрнегі. Бұл өрнек көбінесе заттардың шетіне салынады. “Төрткүл” және “үшкүл”. Бұл өрнектер тобына үшбұрыш, төртбұрыш болып келетін геометриялық фигуралардан құралатын кесте құрақ өрнектері жатады.
Ою-өрнектің әр түсті бояуларымен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Мысалы, өсімдік бейнесіндегі өрнектерге жапырақты кестелген шебер, не көктем кезіндегі алқызыл, не жасыл түс беруде, не күзгі күрең қызыл, сарғылт тартқан солғыт көк түрінде беруді қарастырады. Содан кейін осы мазмұнына қарай маталарды, кесте жіптерінің түстерін таңдап алып, осы табиғат көркіне лайықтап орналастырады. Бірақ мұны жүзеге асыру үшін шебердің ептеген суретшілік қабылеті болуы керек (Өмірбекова М.Ш. Қазақтың ою-өрнегі. – Алматы: Кітап, 2003).
Қазіргі уақытта халқымыздың өркендеп өскен мәдениетіне лайықты кейбір ою элементтері аз десек те болады . Бұл жағдай қазіргі заманда ою - өрнегінің өзіндік құнын жойғаны емес, керісінше, жаңа өмірге лайық жаңа бағыт алып, жаңаша өріс тапқанын көрсетеді.
Қазақтың ою - өрнек өнерінде кездесетін әртүрлі саздағы элементтер көп ғасырлар бойы сұрыпталудан өтіп, әр шебердің өзінше өзгеріс ендіруінің арқасында бір түрден екінші түрге ауысып отырған. Ою жасаушылардың творчествалық еңбегінің арқасында зооморфты саз өсімдіктер тектес сазға, геометриялық саздағы элементтер- зооморфты немесе өсімдіктер тектес сазға т.с.с. ауысып отырған.Бұл жағдай қазақ ою - өрнек өнерінде бірнеше элементтермен – ақ шахматтағыдай мыңдаған түрлі композициялық варианттарды жасауға болатындығының дәлелі.Сонымен қатар қазақтың ою - өрнек элементтерінің керемет икемділік ерекшелігі де бар.Бір композицияның ішінде әртүрлі саздағы бірнеше элементтер бір – бірімен тұтаса бірігіп, бір бүтін аяқталған ою композициясын құрайды. Мұндай жағдайда ою сүйегі бір түсті бояумен боялады да, оюдың элементтерін бір – бірінен жақсы анықтау үшін фонды түрлі – түсті бояумен бояйды.
Қазақ оюлары бойына пластикалық үйлесім заңын да толық сіңіре білген. Ою композициясын құру теориясын жақсы білген шеберлер бір жазықтықтың бетіне бірнеше оюларды қабаттап салу арқылы да өте күрделі біртұтас ою шығара алады.Әр оюдың сүйегі өзіне тән түрге боялып, бір-бірінен қалған жазықтықтағы бос орынды жалпы композициясының статикалық теңдігін бұзбастан толтырады. Мұндай күрделі оюларды қазақтар «шытырман» оюлар дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет