14. Түнгі және аш қарынға іштің ауырсынуы қай ауруға сипатты? А. ас қазанның қатерлі ісігіне
В. созылмалы холециститке
С. эзофагитке
D. он екі ішектің жара ауруына
E. гипоацидті гастритке
15. Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру қай жағдайға тән? А. он екі елі ішектегі химустың ас қазанға кері өтуіне
В.пилоростеноздың нәтижесінде ас қазанда тағамның ұзақ уақыт тұрып қалуына
С.өттің өңешке өтуіне
D. асқазан сөлінің гиперсекрециясына
E.асқазан сөлінің өңешке өтуіне
16. Мелена дегеніміз не? А. іштің кебуі
В. сілекейдің көп бөлінуі
С. қара май тәрізді нәжістің болуы
D. іш өту
E. іш қату
17. Өңештік құсықтың ерекшеліктері қандай? А. лоқсымай құсады, тамақ өзгермеген
B. лоқсумен құсады, ауызда қышқыл дәм сезеді
C. ас жартылай қорытылған болады
D. қышқыл иісі болады
E. бірнеше күн бұрын жеген тамағын құсады
18.Асциттіанықтайтын белгілерге қайсысы жатпайды? А. науқасты тікесінен тұрғызып қарағанда іш төмен қарай салбырайды
B. науқасты шалқасынан жатқызғанда іштің пішіні «бақа іші» сияқты болады
C. іштің алдыңғы іргесіндегі веналары білеуленеді
D.іш домалақ пішінді, кіндік ішіне түсіңкі
E. кіндік шығыңқы болады
19. Метеоризмнің пайда болу себебі қандай? А. ішекте газдың көбеюі
B. ішектің тегіс бұлшық етінің тонусы жоғарылауы
C. ішек қабырғасымен ауа сіңірілуінің жоғарылауы
D. ішектің перистальтикасының күшеюі
E.ішектің секрециялық қызметінің бұзылуы
20. Нәрестеде «фонтан » тәрізді құсудың болуы нені дәлелдейді? А. өт жолдарының дискинезиясын
B. пилоростенозды
C. гастродуоденитті
D. кардия сфинктрінің жетіспеушілігін
E. энтеритті
21. Өңеш эндоскопиясының мүмкіндігіне сәйкес келмейтін жағдай: A. кілегей қабатын қарау және өзгерістерін анықтау
B. өзгеріске күмәнді аймақтан биоптат алу