Түсінік хат Бұл курс таңдалып отырған тақырып мәліметтерді талдау негізінде және белгілі шешімдерге ұқсастығы бойынша болжамдар қою сияқты зерттеу біліктерін қолдануға бағытталған. Оқушылар жалпы пікірлерінің дұрыс еместігін дәлелдеу үшін анықтамаларға сүйене отырып және заңдылықтарының формасының көмегімен дәлелдеулер жүргізеді. Сонымен бірге кейбір зерттеу элементін техникалық бағытқа бейімдеуде энергетиканың негізгі салаларына деген оқушының танымдық қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік жасайды.
Курс жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналып, аптасына 1-сағаттық жүктеме, жылына 34 сағатқа есептеліп жасалған. Курсты жасау барысында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат негізге алынды.
Мақсаты: Қазақстанның энергетика жүйесін қарастыра отырып, қазіргі кездегі маңызды мәселе – баламалы энергия көздерін оқып-үйрену.