Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері



бет8/9
Дата15.09.2017
өлшемі1,96 Mb.
#33241
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

19-сурет Төтенше жағдайды топтау



7.2. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:

  • қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;

  • жарылыс,өртке алып келіп соғатын;

  • көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;

  • әскери саясаттық сипатта болатын;

  • стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.

Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын жағдайларға:



  • атом электрстанцияларындағы апаттар;

  • атомдық кемедегі апаттар;

  • ғылыми-зерттеу орталықтарындағы ядролық қондырғыларындағы апаттар;

  • зиянды химиялық және биологиялық обьектлердегі апаттар.

Жарылыс,өртке алып келіп соғатын төтенше жағдайларға жататындар:



  • елді мекемелердегі өрттер;

  • көлік қатынастары мен обьектілердегі жарылыстар;

  • тұрғын үйлердегі жарылыстар.

Көлік жол қатынастарында орын алатын төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:



  • авиациялық катастрофа;

  • темір жол көліктерінің соқтығысуы мен жолдан шығып кетулері;

  • су жол қатынастарындағы апаттар. Оған су жүйесінің мұнай өнімдері мен улы зиянды заттармен ластануы жатады;

  • құбырлардағы апаттың әсерінен тасымалданушы заттың ауаға тасталуының арқасындағы қорған ортаның зиянға ұшырауы.

Бейбіт уақыттағы әскери саясаттың сипаттағы болатын төтенше жағдайларға жататандар:



  • ядролық қаруды тасмалдаушының апатқа ұшырауы;

  • әскери қоймаларға, байланыс торабына, басқару пунктеріне жасалынатын әскери шабуылдар;

  • қоғамға қарсы және ұлтшыл топтардың әрекетімен болған халықтың арасындағы қозғалыстар.

Стихиялық апатқа әкеліп соқтыратын төтенше жағдайлары төмендегідей:



  • геологиялық сипаттағы стихиялық апат;

  • метеоралогиялық сипаттағы стихиялық апат (боран, бұрқисын т.б.);

  • гидрогеологиялық сипаттағы стихиялық апат (тасқын, цунами т.б.);

  • табиғи өрт.

7.3.Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.

Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.
7.4.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.


Техногендік сипаттағы төтенше жағдай




Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар




Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар




Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар




Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)




Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар




Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар

Сурет-20 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау


7.5. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:

  1. Өте қауіпті.

  2. Жоғары қауіпті.

  3. Орта қауіпті.

  4. Қауіптілігі аз.


7.6. Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:

  • жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;

  • апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.

Химиялық апаттардың топталуы.

  1. Жеке.

  2. Обьектілі.

  3. Жергілікті.

  4. Регионалды.

  5. Глобальды.

Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.

Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.

Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.

Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.

Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат (20-сурет).



7.7. Радиакциялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым салалары радиактивті заттар мен жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті ластануға және адамдар сәулеленуге душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында санитарлық қорғау аумағында белгіленген нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде белгіленген нормадан артық мөлшерде байқалуы.

Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды көму және өндеу орындары, ядролық реакторы бар ғылыми және жобалау институттары, ядролық энергетикалық қондырғылары бар көліктер жатады.

Жедел сәуле көздері

Жедел сәуле көздері табиғи және техногенді болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипаттағы жедел сәуле көздеріне жататындар:



  • медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;

  • ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;

  • ядролық қаруды сынақтан өткізу.


7.8. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.

Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.

Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.

Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.



Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.
7.9. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.
7.10. Көлiк апаттары
Қазiргi таңда кез келген көлiк қауiп көзi. Темiр жол апаттарының негзгi себептерiне жолдың қозғалмалы құрамының ақауы, диспечерлердiң қателiгi, машинисттердiң жауапкершiлiксiздiгi. Көп жағдайдағы апаттар темiр жол көлiктерiнiң жолдан шығып кетуiнiң, соқтығысуының, вагондардағы өрттер мен жарылыстың арқасында болып жатады. Қазiрiгi заманның негiзгi проблемеларының бiрi автомобиль жолдарындағы қауiпсiздiктi сақтау болып отыр. Жол көлiк оқиғалардың арқасында адам шығыны көптеп саналуда. Олардың 75% көбi жүргiзушiлердiң жол қозғалысының ережелерiн сақтамаудан болуда. Қолданылып отырған iс әрекеттерге қарамастан әуе көлiгiнiң апаттары азайар емес. Атап айтқанда, двигательдiң өшіп қалуы, байланыс, тоқ беру жүйелерiнiң iстен шығуы апатқа әкелiп соқтыруда. Кемелердегi көптеген iрi апаттар борандар мен дауылдардың, тұман және экипаждың қателiктерінiң арқасында орын алуда. Көптеген апаттар кеменi жасаған және жобалаған қателiктердiң кесiрiнен де болып жатады.


7.11. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың сипаттамасы
Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.

Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн.

Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік.

Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады.

Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.


Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған стихиялық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т.б. жатады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдай



Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел.




Метеорологиялық – боран, бұрқасын, смог, дауыл .




Гидрогиологиялық – су тасқыны, цунами, тайфун .




Табиғи өрттер – ормандық және далалық




Биологиялық – эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.




Ғарыштық – астероиттар, каметалар, сәулелену.

Сурет-21 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың топталуы


7.12. Жер сілкінісі
Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. 21-сурет Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған.

Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.


Кесте . Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы

Баллдар

Жер сілкінісі зардабы

0

Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады.

1

Адамдарға еш білінбейді.

2

Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады.

2,5-3,0

Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады.

3,5

Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады

4-4,5

Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін.

5

Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады.

6

Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.

6,5

Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды.

7,0

Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады.

7,5

Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін.

8

Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады

8,5

Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады.

9

Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді.

Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.

1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.

Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:



  • сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;

  • сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;

  • халықтың сейсмикалық білімін арттыру;

  • хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

  • жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.


7.13. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті
Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.

Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.

Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.

Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек.

Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.



Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.

Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.

Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.

Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.

Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.
7.14. Вулкан атқылауы
Дүние жүзіне 200 миллионға жуық халық вулкан болуы ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атқылауы жердің астындағы тұрақты түрде активті процестер жүріп жатқанынан болады.

Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.

Магма (грек тілінде – қою мазь) – жердің терең ортасында пайда болатын силикаттық құрамы басым еріген масса магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді.

Вулкан – бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған жеке тау. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.

Вулкандар – атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.

Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атқылаған-дығы туралы ешқандай мәлімет жоқ вулкандар жатады.

Сөнген вулкан – бұл ешқандай вулкандық активтілігі жоқ вулкандар.

Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты күйдегі) 1-5 км биіктікке дейін лақтырылады.


7.15. Опырмалар
Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген жағдайда пайда болады. Опырмалар адам және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын табиғи процесс.

Опырмалар келесі факторлардың әсерінен болуы мүмкін:



  • топырақтың сусыздануына және құрғауына;

  • өсімдіктердің түрлерінің өзгеруінен (вида насождении);

  • өсімдік қабатының құрып кетуінен;

  • желденуінен.

Қатты жер сілкінісі кезінде міндетті түрде әр уақытта опырмалар орын алады.

Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аймақтарында болуы мүмкін. Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Опырмалар ірі өзенді бөгейтін көлденең массаларды үйіп тастауына байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп соғады. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар тіктігі 20 градусқа жуық жарларда жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін. Ірі опырмалардың көлемі 50-60 га дейін жетеді.
7.16.Қар көшкіні
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Еуропада жыл сайын әр түрлі көшкіндер болып тұрады, ол орташа алғанда 100-ші адам өмірін алып кетуде. Ал Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырауда.

Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын – шашын наурыз – сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.

Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қар ұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс - әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады.
7.17.Сел
Сел – тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

Сел ұзақ нөсерлеп жауған жауынның салдарынан, мұз бен қардың еруінен және жер сілкінісі әсерінен болатын құбылыс.

Қазақстанда Іле, Жоңғар, Талас, Алатау жоталарында, сонымен қатар Қаратай,Кетмен және Тарбағатай тауларының өзендері сел қауіпі бар аудандар қатарына саналады.

Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, платина және су бөгеттерін салып, тау беткейлеріне қар ұстайтын ағаштар отырғызылады.


7.18. Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай
Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай төмендегі жағдайлардың әсерінен болуы мүмкін:

Желдің. Оның ішінде боранның, дауылдың, құйынның. Бұл жағдайлар желдің 25м/с пен одан жоғары жылдамдық болған жағдайында орын алады.

Нөсер жауында. 12 сағат ішінде жауынның көрсеткіші 50мм және одан да көп болған жағдайы.

Ірі бұршақтарда. Бұршақтың диаметрі 20мм және одан үлкен болған жағдайда

Қатты қар жауғанда. 12 сағат ішінде 20см биіктіктегі қарды жауып тастауы

Қатты бұрқасында. Желдің жылдамдығы 15м/с және одан да жоғары болғанда

Шаңды дауылда.

Жылы мезгілдегі. Бір денен күннің суығанда (замороски). Вегетациялық периодтағы топырақтың температурасы 0С дейін жеткенде


7.19. Циклондар мен антициклондар
Жердің атмосферасы біркелкі элементтерден тұрмайды. Жер бетіндегі атмосфераның құрамы: 78% азоттан, 21% оттегіден, 0,9% оргоннан және болар болмас пайыздары көмірқышқыл газдан (углекислый газ), сутектен, гелийден, неоннан және т.б. газдардан тұрады.

Атмосфераның төменгі қабатында 20км деңгейде су буы бар. Ал 20-25 км биіктікте азон қабаты орналасқан. Ол қабат тірі организмдерді зиянды қысқа толқынды сәулелерден қорғайды. 100км биіктікте газдардың молекулалары атом мен иондарға бөлініп ионосфераны құрайды.

Температураның таралуына байланысты атмосфера тропосфераға, стратосфераға, мезосфераға, термосфераға және экзосфераға бөлінеді. Ауаның жерге қатысты қозғалуын жел деп атайды. Желдің күшін Бофорт шкаласы бағалайды.

Желдің бағыты үлкен қысымнан кіші қысымға бағыттылады. Атмосферадағы қысымның кіші аймағының ең кіші қысымының ортасы циклон деп аталады.



7.20. Дауыл
Дауыл – бұл өте үлкен күші мен ұзақ уақытта сақталу мүмкіншілігі бар жел. Бұл кезде желдің жылдамдығы 32м\с және одан да көп болып, желдің күші Боферт шкаласы бойынша 12 баллдан асады. Дауылдың размерлері әр-түрлі болуы мүмкін. Әдетте дауылдың енін катастрофалық қираған зонаның енімен алады. Кейбір жағдайлардадауылдың ені 1000км-ге дейін жетіп қалады. Тайфунның қирау ені (разрушении) 15-45км. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн. Дауыл өзінің стихиялық апат әсері жағынан жер сілкінісінен кем болмайды. Көп жағдайда дауыл нөсер жаңбырмен қатар өтіп халық пен шаруашылыққа тигізер зиян зардабын өте күрделі масштабтарға дейін жеткізуі мүмкін.
7.21. Боран
Бұл желдің жылдамдығы жағынан дауылдан жылдамдығы кіші болған жағдай. Борандағы желдің жылдамдығы 15-20 м\с дейін болуы мүмкін. Ал материалдық және адам шығыны жағынан дауылдан әлде қайда төмен. Боран құйынды және бір бағытты болып келеді. Құйынды боран үлкен аумақтарға дейін жайылуы ықтимал. Құйынды боран шаңды және қарлы болып бөлінеді. Шаңды боран – бұл күшті құйынды қатты желдің салдарынан құмды, шаңды, топырақты, тұзды ауаға көтеріп ауқымды (значительный) қашықтыққа алып барып тастау мүмкіндігі бар жағдай. Шаңды боран көбіне шөлді жерлерде көп болады. Кенет көтерілетін боран кездейсоқ басталып кету қасиеті бар және өте қысқа мерзімде өтеді. Мысалы 10 минуттың ішінде желдің жылдамдығы 3 м\с-тан 30 с-қа дейін өседі.
7.22.Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
Гидрогеологиялық сиппаттағы төтенше жағдайға: су тасқыны, сел, қар көшкіні жатады. Бұл төтенше жағдайға теңіздерде кездетін гидрогеологиялық құбылыстарды да жатқызуға болады. Олар цунами т.б.

7.23. Су тасқыны
Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады. 2002 жылы болған глобалды күннің жылынуы және нөсер жаңбыр Еуропалық елдерін су алып кетуіне әкеліп соқты. Су тасқын таулы аймақтарында да көп болып тұрады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы 5-10 м\с дейін жетіп, екпіндеп аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатып әкетеді.

Цунами – су астында болған жер сілкінісі әсерінен пайда болған ұзындығы үлкен гравитациялық толқын. Толқынның биіктігі цунами басталған жерде 0,1-5м болса жағада -10м, ал клин тәрізді бухталарда және өзен шеттерінде -50м-ге дейін жетеді. Цунами көп жағдайларда Тынық және Атлантикалық мұхитта болып тұрады. Цунамиден сенімді қорғау жоқ. Қорғаудың сейсмикалық органдарға толқынның жақындап келе жатқанын дер кезінде хабарлау.


7.24. Су басу
Су басу - өзеннің, көлдің және теңіздің суының деңгейінің көтерілуіне байланысты құрғақ жердің көп бөлігін су алып кетеді. Көптеген су басудың себептері де нөсерлі жаңбырдың жаууы, қар мен мұздардың үздіксіз еруіде жатады.

Судың көтерілуінен болатын су басу Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Оңтүстік Қазақстанда мұндай жағдай ақпан-наурыз, ал оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілде айларында болады. Су басу елді мекендерге үлкен нұқсан адам мен көптеген материялдық шығындар әкелуде.


7.25. Биологиялық төтенше жағдай
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады. Эпидемия дегеніміз адамдар арасындағы инфекциялық аурудың кең таралуы және бұл аурудың сол территориядағы тіркелген санының бірнеше есе өсіп кетуі.

Инфекциялық аурулар 4 топқа бөлінеді.



  • ішек инфекциялары;

  • тыныс алу жолдарының инфекциясы;

  • қандық (кровенные) (трансмиссиялық)

  • сыртқы қабат (покров) инфекциясы (контакты).

Қазақстанда климаттық географиялық сипатына қарай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған. Сонымен қатар Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша полиомемит, бруцеллоз, туберкулез, мидың қабыну, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса қиын аймақтарға жатады.

Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облыстарында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай сарышұнар және тышқандар болып табылады.

Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан обылысында, әсіресе Өзбекстан мен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалды.


7.26. Жұќпалы аурулар және одан саќтандыру
Ќазаќстанның ланғайыр аймағында әртүрлі климаттың географиялыќ сипаттамалардың әр түрлігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошаќтары дамыған, коптеген елді мекендердегі гигиеналыќ жағдайлардың төмендігінен ерекше ќауіпті және басќа да жұќпалы аурулардың таралуына барлыќ алғы шарттар жасалған. Сонымен ќатар олардың пайда болуына халыќаралыќ байлааныстардың кеңеюі, ќанағаттанарлыќсыз санитарлыќ-гигиеналыќ жағдайлармен ұштасќан үлкен өзгерістер, халыќтың көшіп ќонуы, елдердің арасындағы медициналыќ ќұралдарды дер уаќытында жеткізуге кедергі келтіретін экономикалыќ байланыстардың тұраќсыздығы сияќты факторларда ыќпал етеді.

Ќазаќстанда іш сүзегі, дизентерия және басќада ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, ќызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың ќабынуы, вирустыќ гепатит, сүзек, безгек, іш сүзегі, тыныс жолдарының вирустыќ инфекциялары және т.б. тіркелген.

Алматы, Ќызылорда, Оңтүстік Ќазаќстан облыстары бұл аурулар кеңінен тараған аймаќ болып табылады.

Бактериялы дизентерия мен ішек инфекциялары бойынша, Ќызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Ќазаќстан және Жамбыл облыстары ең ќолайсыз аймаќ болып табылады.

Жыл сайын Ќазаќстанда вирустың гепатиттің 40-70 мың жағдайы тіркеледі.

Ќазаќстан аумағында обаның белсенді табиғи ошағы орналасќан. Оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнаќ, тышќанның түрлері болып табылады.

Туляремияның жайылымдыќ және далалыќ ошаќтары Батыс Ќазаќстан мен Алматы облысында орналасќан. Оны таратушылар тышќан тәріздес кеміргіштер. Мидың кенеден ќабынуы тіркелген. Оның табиғи ошағы Алматы, Шығыс Ќазаќстан облыстарында, сондай-аќ Алматы ќаласында кездеседі.

Ќазаќстанда ара тұра Ќырым безгегі таралған. Ќу безгегі Ќазаќстанның барлыќ облыстарында кездеседі. Республикада сырттан келген малярия жағдайы кездеседі.

Сібір жарасы барлыќ облыстарда жыл сайын ішінара кездесіп отырады. Етті даярлаудың ветеринарлыќ-санитарлыќ және санитарлыќ-гигиеналыќ ережесі бұзылған кезде осы жұќпалы ауру кеңінен таралуы мүмкін.

Жұќпалы аурулардан саќтандыру шаралары үш бағыт бойынша жоспарланып жүргізілуге тиіс:



  • инфекция көзін залалсыздандыру;

  • инфекция берілетін жолды бекіту;

  • адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін арттыру.

Инфекция көзіне ыќпал етуде жұќпалы ауруларды өз уаќытында аныќтаудың, оларды ертерек оќшауландыру және дәрігерлік емнің маңызы зор. Мұнда халыќтың санитарлыќ сауаттылығын арттыру, жұќпалы аурулардың негізгі белгілерін білудің, дәрігерге өз уаќытында барудың маңызы зор.

Инфекцияның берілу жолын бұзу үшін жеке және ќоғамдыќ гигиена ережелерін саќтауды, азыќ-түлікпен дайын өнімді әзірлеуді, саќтау мен тасымалдауды, суды пайдаланудың санитарлыќ-гигиеналыќ және технологиялыќ ережелерін орындауды баќылау ќажет.

Халыќтың инфекция ќоздырштарына төзімділігін арттыру үшін саќтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе гамма глобулиндерді егу жолымен де котеруге болады.

Дезинфекция-топыраќта, суда және сыртќы ортаның басќа да объектілерінде ауру таратќыш микробтарды жою.

Дезинфекция әдістері физикалыќ, механикалыќ және химиялыќ болып бөлінеді.

Физикалыќ әдістер: от, ыстыќ ауа, ќайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалыќ әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялыќ әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен ќышќылын т.б. заттарды пайдалану.

Дезинсекция-жұќпалы аурулардың ќоздырғыштарын тарататын жәндіктермен (бит, бүрге, кене) күресу. Химиялыќ әдіс гексохлоран, хлорофост, ДДТ-ны пайдалануға негізделген.

Дератизация-кеміргіштермен (егеуќұйрыќ, тышќан, май тышќан, сарышұнаќ, суыр) күрес: Ол механикалыќ және химиялыќ әдіспен жүргізіледі.

Адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты саќтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина мен анатоксинді егу жолымен жасалады.

Обсервация-инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оќшауландыру, шектеу, емдеу, саќтандыру және арнайы эпидемияға ќарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар ќарастырылады: күшейтілген медициналыќ баќылау, ќолайсыз аймаќтың халќы мен байланысты шектеу немесе толыќ тоќтату, арнайы емдеу, саќтандыру және санитарлыќ-гигиеналыќ шараларды жүргізу.

Карантин-ошаќты толыќ оќшауландыруға және ондағы жұќпалы ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылыќ және медициналыќ шаралар. Карантин кезінде ол ќамтылған аймаќќа ќарулы күзет ќойылады.

Карантин кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналыќ баќылау, арнайы емдеу-сауыќтыру және эпидемияға ќарсы шаралар ќарастырылады.

Әрбір адам, егер оның ауданында арнайы шара белгіленсе (карантин, обсервация) мына ережелерді орындау керектігін естерінде ұстаған жөн:



  • жалпы пайдаланылатын жерді, жићазды, киімді, аяќ киімді, тұраќты дезинфекциядан өткізуді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюды, санитарлыќ тазалыќтан өтуді;

  • дезинфекциялаушы заттарды пайдалана отырып, ғимаратты күн сайын ылғалды әдіспен жинауды;

  • тыныс органдарын жеке ќорғау ќұралдарын (маска) киюді;

  • балаларға үйден рұќсат етпеуді;

  • өздері бейтаныс адамдармен ќарым-ќатынас жасамауды;

  • жеке гигиена ережесін ќатаң саќтауды: әсіресе тамаќ ішердің алдында ќолды дезинфекциялаушы ерітіндімен және сабындап ыстыќ сумен жууды;

  • тамаќќа ќойылатын санитарлыќ-гигиеналыќ талаптарды саќтауды: суды тек тексерілген көзден ғана алуды, су мен сүтті ќайнатуды;

  • барлыќ азыќ-түлікті ќуырып, ќайнатќаннан кейін ғана пайдалануды, нанды отта немесе пеште ќыздыруды, жеміс пен көкөністі ыстыќ сумен жууды;

  • егілу мен дәрі ќабылдауды вакцинаны, сарысуды, антибитиктер мен басќа да дәрі-дәрмекті дәрігердің рұќсаты бойынша өз уаќытында ќабылдауды-ќұрбандыќтар санын ќысќартып ќана ќоймай, жұќпалы ауруларды тез жоюға көмектесетіндігін есте ұстаған жөн.


7.27. Эпизоотия мен эпифитотия
Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды бездек, аусыл және лептоскулез.

Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің әкелу көлемі ұлғайып, шекаралас елдердегі эпизоотиялық ахуал нашарлығы ол республиканың ветеренарлық ахуалына кері ықпалын тигізуде.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарында шешек етек ала бастады. Өсімдік аурулары арасында тозу және сентериоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда байқалып, осы аурулардың таралуына түрткі болып отыр.
7.28. Табиғи өрт
Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.
Кесте . Отпен қамтылған ауданы бойынша орман өрттерінің топталуы.


Орман өртінің классы

Отпен қамтылған ауданы,Га

Тұтанып жайлап жана бастауы

Кіші өрт

Үлкен емес өрт

Орташа өрт

Ірі өрт

Катастрофалық өрт



0,1-0,2

0,2-2,0


2,1-2,0

21-200


201-2000

2000 жоғары




7.29. Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті
Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.

От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.

Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.

Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:

Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.
7.30. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру
Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.



VIII.-тарау. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы
Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Төтенше жағдай- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.

Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

Зілзала –бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері.

Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

Апат-аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.


    1. Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылуы. (нысандық, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды)

Заңға сәйкес бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауға байланысты барлық іс-шаралардың басты мақсатты-ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл талаптар әр түрлі ТЖ кезінде халық пен шаруашылық нысандары қорғаудың негізгі ұстанымдарда (1т. 3б.) айтылған және оған мыналар қосылады:


  • болжанатын және пайда болған ТЖ туралы халыққа хабарлау және бірауызды ұйымдастыру, алдын алу және жою бойынша шаралар;

  • азаматтар мен ұйымдар қызметтерінің зияндығы мен қауіп-қатерінің дәрежесін алдын ала анықтау, халықты қорғау және ТЖ алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру әдістеріне оқыту;

  • міндетті түрде ТЖ жою бойынша құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек пен әлеуметтік қорғау көрсету.

Заңда аса маңызды орындардың бірі ТЖ-ның алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуына беріледі.

Заңда ТЖ немесе басқа да жағдайлардың пайда болуына төтеп беретін қорғаныс шараларын жүргізуге назар аударылады.

Ерекше маңыздылықты, зардап шеккендерге өз уақытында көмек көрсетіп, ТЖ зардабын жою бойынша барлық операциялардың жоспарлығы және мақсатты бағытталуы алады.

Заңның 20-22 баптарында баяндалған талаптармен, ТЖ болдырмау немесе жою бойынша бірінші кезектегі шараларды міндетті түрде орындау қарастырылған.

Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, авариялық-құтқару қызметінің құралдары мен күштерін тарту, жоспармен қарастырылған шараларды ұйымдастыру жауапкершілігі бірінші ұйымдардың басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

Жою үрдісінде өте қажет болған жағдайда апат медицина орталығының шұғыл медицина көмек қызметі қосылады, ал аса қажет болғанда-орталық және жергілікті атқарушы органдарының медициналық күштері мен құралдары қосылады.

ТЖ жойылғаннан кейін атқарушы органдар, ұйымдар міндетті түрде халық пен шаруашылық нысандардың тіршілігін жедел қалпына келтіру шараларын жүргізуі тиіс.

Бұл мәселе туралы Заңда басшылардың, лауазымды тұлғалардың, орталық және жергілікті, өкілетті органдардың, ұйымдардың, сонымен қатар ҚР азаматтарының қызметтері анықталады.

Заңның 10-13 баптарында ТЖ саласындағы ҚР үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, оның ішінде ТЖМ-ның, сонымен қатар жергілікті өкілетті органдарының өкілеттілігі жазылған.

Заң негізгі орындаушылардың-ҚР азаматтарының нақты қызметтерін белгілейді. Олар заңның 7 және 8 баптарында көрсетілген.


    1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайға жататындар:



  • өндірістік авариялар;

  • көліктік авариялар (темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты);

  • өрттер (жарылыстар);

  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) ҚӘУЗ;

  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) РЗ;

  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) БҚЗ (биологиялық қауіпті заттар);

  • кенеттен ғимараттың құлауы;

  • электр –энергия жүйесіндегі авария;

  • тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық тораптардағы авариялар;

  • тазалау құрылғыларындағы авариялар;

  • гидродинамикалық авариялар (судың бөгеттерді бұзып шығуы).

Екінші негізгі белгісі-таралу ауқымы мен келтірген материалдық шығынының көлеміне қарай төтенше жағдай мынадай ТЖ бөлінеді.

нысандық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса;

жергілікті төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса, бірақ облыстың 2 ауданына ғана тараса;

аумақтық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы бір облыстың кем дегенде 3 ауданына тараса, немесе ТЖ ҚР 2 облысында пайда болса;

барынша ауқымды төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының 3 немесе одан көп облыстарына тараса немесе көрші мемлекеттердің шекарасына шықса.


    1. Хайуанаттар және өсімдік уларымен уланған кездегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсету

Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ. Адам асқа жарамды саңырауқұлақты, егер ол бүлінген болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш аққан және ұзақ сақталған).

Бозғылт арамқұлақ жаздың екінші жартысы мен күзде өседі. Аса улы саңырауқұлақтардың бірі. Ол сары, жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі. Саңырауқұлақ түсі ақшыл болған сайын оның улылығы да күшті. Бозғылт арамқұлақты басқа саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас саңырауқұлақтың қозықұйрықпен (шампиньон) кейбір ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта қалпақшысының төменгі жағындағы қатпарлар қызғылт түсті, ал бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті. Сонымен қатар сұрғылт арамқұлақтың улары-фаллоин, фаллойдин мен амантин (аматотоксин) қайнатқан кезде де, құрғатқан кезде де өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды. Олар тіпті адамның асқазаны мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт арамқұлақтың улылығы туралы ақиқатты мына мысалдан көруге болады. Бала осы саңырауқұлақтың 1/3 бөлігін жесімен-ақ өте ауыр күйге ұшырайды. 1-4 сағат аралығындағы жасырын мерзімнен кейін уланған адамның іші қатты бұрап ауырады, құсады, іші өтеді, организм шөліркейді, құрысады. Уланғаннан кейін екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек түйнейді, сары ауру деңдейді, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі) байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз қоректенуі (дистрофия) салдарынан өледі.

Шыбынжұтпен улану біршама жеңілірек өтеді. Қатты өскен шыбынжұтты басқа саңырауқұлақтан ажырату қиын емес. Кейде жаңа өсіп келе жатқан шыбынжұтты сыроежкадан (саңырауқұлақтың бір түрі) ажырату қиынға түседі. Шыбынқырғышта атропино тектес алколоидтар, мускарин мен аманитин кездеседі. Улану негізінен мускариннің әсерінен болады. Жасырын мерзім 1-2 сағатқа созылады, бұдан қатты тер шығады, сілекей ағып, көзден жас шығады, жүрек айниды, құсық келеді, іш өтеді және бұрап ауырады. Орталық нерв жүйесіне әсер ету салдарынан бас айналады, сондай-ақ адам өзін-өзі ұстай алмай, көзіне бірдеңелер елестейді. Сауығу әдеттегідей 1-2 күннен кейін басталады. Өлімге ұшырататын жағдай да кездесіп қалады.




    1. Саңырауқұлақпен улануды емдеу

Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіндісімен жедел шаюды бастау қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Сырқатты мүмкіндігінше тиісті ем-дом алу үшін емдеу мекемесіне жылдам жеткізу қажет. Сұрғылт арамқұлақпен уланған кезде тамырдың ішіне натрий хлорийді ерітіндісін құяды (тәулігіне 1500мл дейін). Құсық пен іш өту тоқтамаса тамырға тамшылай 400 мл полглюкин енгізеді.

Шыбынжұтпен уланған кезде улану белгілері тоқтағанға дейін 1-2 мл 0,1 пайыз антропин ерітіндісін енгізеді.

Саңырауқұлақпен қатты уланған сырқаттарға алғашқы емдеу күнінен бастап стероидті гормоналды препараттар енгізіледі (80мл преднизолон немесе 150мл гидрокартизон).



Саңырауқұлақпен уланудан сақтандыру
Бұл үшін жеуге жарамды, улы және жеуге болмайтын саңырауқұлақтардың ерекше белгілерін, жеуге жарамды және шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ұқсату әдістерін, жеуге жарамды саңырауқұлақтарды әзірлеу мен ұқсатудың санитарлық тәртіптерін сақтау қажет.


    1. Жыланның шағуы

Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.

Жыландардың бұл тобының уы қан түйіршіктерін өзгертеді. Жылан шаққан жердің төңірегі жылдам домбығады.Жылан уы әсерінің барлық белгілері:орташа он екі сағаттан кейін,кейде тәуліктен кейін анық белгіленеді.
Алғашқы медициналық көмек
Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оң серіктерінің бірі жасай алады.Ауыз қуысында жарық немесе жара болмау керек,өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Жылан уының сау ауыз кілегейіне,тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп,жылдам сауыға бастайды.

Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды,өйткені қозғалыс удың қанға өтуін жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы тиіс. Зақымдалған жерді сынған жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны тақтайшаға байлап,сыртын қатты таңып тастау қажет. Жылан шаққан жерді кез-келген дәрі-дәрмекпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт).

Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды –бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен су жақсартады.

Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болмауы мүмкін емес. Қажет жағдайда жылан уына қарсы шипалы сарысулар егіледі.

Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау керек.


    1. Қарақұрттың шағуы

Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Адамдарды қарақұрттың шағуы көктем мен жазғы уақытта жиі кездеседі. Қарақұрттың уы орталық жүйке жүйкесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді. 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайлайды.

Улану 4-12 күнге созылады және зардап шегуші айыққаннан кейін көп уақыт бойы өзін әлсіз сезініп, жылдам шаршайды. Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ-қолдың, белдің сырқырауы және іштің ауруы, көздің қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада (39 градусқа дейін) қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра алмайды.

Алғашқы көмек. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.

Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.




    1. Кененің шағуы

Кененің кіруі кенелер көктемнің аяғы-жаздың басында пайда болады. Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс. Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.



Алғашқы көмек. Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды. Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.

Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.

Кенені алғаннан кейін шаққан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.

Зардап шегушінің хал-күйі бастың маңдай-самай тұсының ауруынан, әлсіздіктен, ыстықтан, бұдан кейін құсудан, құрысудан, көз бен естудің нашарлауынан төмендеген жағдайда, оны кешіктірмей емдеу мекемесіне апару қажет. Ыстық сумен жуындыруға болмайды. Зардап 3-14 күннен кейін байқалғанда оны шұғыл емдеу орнына апару қажет. Ыстық ванна қабылдауға болмайды.



IX-тарау. Радиоактивті ластанудың көздері
Қазіргі таңда қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары туындауда. Топырақ-өсімдік-судың химиялық заттармен ластануы топырақтың құрамында химиялық өзгерістерге алып келеді. Жер шарындағы кейбір аймақтардың техногендік қалдықтары табиғи норманы бірнеше есе асы түседі.

Жуырға дейін ең басты ластаушы деп шаң,көмірқышқыл газ, күкірт оксиді, азот болған. Радионуклидтер ластаушы ретінде қарастырылмаған.Стронций мен цезийдің ластауынан соңғы кездері радионуклиттік ластануға көп көңіл бөлінуде.

Чернобыль апаты Ресей Федерациясының көптеген аймақтарының экологиялық жағдайына әсер етті. 1992 жлдың науырыз айында цезиймен 11 облыс ластанған. Жалпы цезиймен ластанған жерлердің ауданы 5210 км кв.

Радионуклидтер өсімдіктер мен жануарлар арқылы адам ағзасында жиналып денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да экологиялық таза өнім шығару керек.

Ауыл шаруашылығының ең басты проблемасы радионуклиттермен ластанған жерлерде экологиялық таза өсімдіктер мен жануарлар өсіру. Бұл іс-шараларды жүзеге асырудың басты себебі, ластанған аймақтарда бала өлімдерінің көбеюі менәр түрді аурулардың пайда болуы.

Жер шарында тіршіліктің дамуы әр қашан қоршаған ортаның радиациялануымен сипатталған. Радиациялық сауленену табиғи және жасанды болады. Табиғи радиацияның шығу тегі космостық және жергілікті болады. Олар жер бетінде адам ағзасына әсер етеді. Ал космостық радиациялар бөлшектелген жиынтығы мен қатты гамма сәулелерден тұрады. Олардың атмосфералық малекулармен әрекеттескенде екілік мезон мен электрондардан тұратын космостық сәулелену пайда болады.

Табиғи радиактивті элементтерді шартты түрде 3 бөлуге болады:


  1. Уран,торий мен антиноуранның изотоптары;

  2. Калий,кальций, рубидий және т.б.;

  3. Радиактивті изотоптар, яғни тритин;

Биосферада жасанды радионуклиттермен пайда болған сәулелер жасанды радиацияның пайда болуына алып келеді( АЭС-тердегі апаттар, өдерлі өнеркәсіптердің қалдықтары).

Р.Ф.аумағындағы радиактивті ластанулардың бірнеше көздері бар:



  • атмосфера мен жер астында ядер қаруларын сынақтан өткізу;

  • 1986 жылғы Чернобыль АЭС-ң апатынан;

  • атом өнеркәсібінің жоспарлы және апатты қадықтарынан;

  • АЭС-ң жумыс барысындағы атмосфера мен су жүйесіне қалдықтары.

Жалпы атом энергетикасы радиациялық фонның өзгеруіне ықпал жасайды. АЭС-да өңделген өнім кей кездері екінші рет өңделеді.

АЭС-ң апаттарында қоршаған ортаға көптеген радионуклидтер шығарылады. Ең қауіпті апаттар, радионуклиттердің атмосфераға шығуы.

Сонымен қатар ядролық жарылыстардыңда маңызы зор. Ядерлы қарулардың сынақтарына кей бір бөлшектері атмосферада қалып айлар бойы жер бетіне түседі.

Бұрыңгы Кеңес одағындағы Семей полигонын орны ерекше. 29 тамыз 1949 жылы мұнда ең алғаш төменгі ауа жарылысы өткен. Ол жарылыс Алтайға максимальді кесірін тигізгені дәлелденді. 1949-1990 жж аралығында Семей полигонында 470тен астам сынақ өткен(олардың 120 ауа). Радиациялық ластанған зонада жалпы халық саны 1600 мың, яғни Алтайдың 60,9 пайызы, 27 аудан, 45 қала орналасқан.

Қоршаған ортаға атом жер асты су кемелері де әсер етеді. 1985 жылы Чажма бухтасында болған жарылыстан қаншама адам қаза тапты. Ал радиактивті қалдықтар Владивостокқа қарай кетті. Өсімдіктердің сәулененуінің өнімнің сапасына әсері.

Сәулеленген бидай, май өнімдерінің сапасы техникалық тұрғыдан өзгермейді.

Бидайда клейковина мен ақұздың мөлшері бірлік массасымен салыстырғанда төмендемеген. Ал күнбағыс пен лотоста құрамында майдың болуы сәуле алудың мөлшеріне байланысты. Томаттардың да құрамындағы с дәруменінің де болуы сәуле алудың мөлшеріне байланысты. Енді гүдеуі кезінде сәулелену кейінгі даму процестерін баяулатады. Картоптың дамуында дәл осылай әсерін тигізеді. Егер картоп туйнектегенде сәулеленсе, онда жалпы астыққа әсерін айтарлықтай тигізбейді. Ал егер өсімдіктер ертерек сәулеленсе, картоп астығы 30-50 пайызға төмендейді. Сонымен қатар түйнектер жайсыз болады.

Сонымен өсімдіктер ағзасында радиактивті изотоптар айтарлықтай зиян қалдырмайды, бірақ ауыл шаруашылық астықтарына әсер етеді.

Радионуклеидтердің топырақ пен өсімдіктерге әсері. Радионуклеидтердің айтарлықтай мөлшері топырақта қалыптасқан, олар беткі қабаттарында да төменгі жерлерінде де бар.

Негізінен біздің аймақта радионуклидтік ластанудың 2 көзі бар. Олар: цезий-137, стронция-90. Стронцийдің топырақта қалыптасуы ең алдымен ионды зат алмасумен байланысты, ал цезийдің қалыптасуы ионды сорбезия процестерімен байланысты.

Қоршаған ортаға цезийдің бөліну кезінде, радионуклеид жақсы ерітінді күйде болады.

Сол күйде цезий – 137 өсімдіктер тез өз бойларына сіңіріп алады. Сосын радионуклид топырақтарда әр түрлі процестерді жалғастырады, радаинуклид сол күйде «қартееді» және де «қартейген» бұл зат әр түрлі химиялық әрекеттерге түседі.

Радиактивті изотоптардың топырақта қалуы, оның сорбициялануың маңызы зор, өйткені сорбиция диапозондардың миграциялауын, топырақтың оларды сіңіруін және де олардың өсімдік тамырларының оларды сіңіруін бақылап жағдай жасайды. Радиактивті изотоптардың сорбизиясы көптеген факторларға байланысты. Олардың ішінде ең бастылары: топырақтың механикалық және минералогиялы құрамы болып табылады. Топырақтың механикалық құрамы балшықты болса, онда радиануклиттер ол топырақтарда тез сіңеді.

Радиаизотоптардың топырақтарга тез сіңіуін, топырақта сол элементке химиялық жағынан ұқсас элементтер әсер етеді. Мысалы, кальций изотоптарға ұқсас болғандықтан, кальцийі көп топырақ, радиаизотоптарды көбірек сіңіреді. Сонымен қатар радиаизотоптардың миграциялауын баяулатады. Ал калий болса топырақ құрамында цезийге ұқсас зат. Сонымен қатар радиануклиттердің миграциялауы метереологиялық жағдайларға да байланысты. Стронцийдің топырақ бетіне түсіп төменгі қабаттарында пайда болуы жаңбырдардың әсері. Топырақтарда радиануклиттердің миграциялауы баяу өтеді, олардың негіздері 0-5 см аралығында болады.

Радиануклиттердің өсімдіктерде жиналуы топырақ пен өсімдіктің түріне байланысты. Қышқыл топырақтарда радионуклиттер өсімдіктерде көбірек жинақталады. Топырақтын қаншалық қышқылдығы аз болса, радиануклиттерді өсімдіктерге енуі соншалық төмен болады. Сондықтанда топырағына байланысты строций 90 мен цезий 137 өсімдіктерде 10-15 есе өзгеруі мүмкін. Тың аймақтарда, жайылым жерлерде, цезий 0-5 см аралық қабатта орналасады. Ал аударылған жерлерде цезий 132 беткі қабаттарында болады.

Рязань облысында жайылым жерлердің ластануы жоғары болмаса да, бұл аймақта агротехникалық іс-шараларды жүргізу қажет. Өйткені радионуклиттердің ауыл шаруашылығына айтарлықтай әсер етеді.

Суды көп қажет ететін өсімдіктер суды аз қажет ететін өсімдіктерге қарағанда, цезий 137 өз бойына көбірек сіңіреді. Радионуклиттердің шөптектес өсімдіктерде жиналуы оның құрамына байланысты. Дәнді дақылдар өсетін жерде радиануклиттің мөлшрі шөп тектес өсімдіктер өсетін жерлерге қарағанда 3-4 есе жоғары.

Құрамында калий мөлшері аз өсімдіктер өз бойына цезийді аз жинайды. Топырақтарға қарағанда өсімдіктер өз бойына радиануклиттерді аз жинайды, бірақ соған қарамастан кейбір өсімдіктер азық-түлік ретінде пайдалануға жарамсыз.

Цезий 137-ң өсімдіктерге жиналуы топырақтың типіне байланысты. Радиануклиттердің астыққа жиналуы тек топыраққа ғана емес, өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне де байланысты.

Құрамында кальций көп өсімдіктер, құрамында кальций аз өсімдіктерге қарағанда стронция 90 көп жинайды. Стронций 90 ең көп мөлшерде майлы дақылдар жинайды.

Радионуклиттердің мөлшеріне тыңайтқыштарда үлес қосады. N 90, P90 тыңайтқыштары цезий 137-ң 3-4 есе арттырады. Ал егер дал осы мөлшерде калий тыңайтқыштарын қолданатын болсақ цезий 137-ң мөлшерін 2-3 есе төмендетеді.

Долмит минералды тыңайтқышын қолдану стронций 90 өсімдіктерге енуін айтарлықта төмендетеді. Радионуклиттердің астықта жиналуына органикалық тыңайтқыштар, метереологиялық жағдайлар әсер етеді. Стронций 90 мен цезий 137-ң топыраққа енгенен 5 жыл кейін олардың әсері 3-4 есе төмендейді.

Сондықтан радиануклиттердің миграциясы көбіне топырақтың типіне, механикалық құрамына, сулы-физикалық және де агрохимиялық қасиеттеріне байланысты. Радиаизотоптардың сорбциясына көптеген факторлар әсер етеді, олардың ең негізгілері топырақтың механикалық және минерологиялық құрамы. Одан басқа радиануклиттердің миграциясына метереологияда әсер етеді, яғни жауын-шашын мөлшері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет