Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Қоршаған ортада радионуклиттердің миграциялауы



бет9/9
Дата15.09.2017
өлшемі1,96 Mb.
#33241
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

9.1. Қоршаған ортада радионуклиттердің миграциялауы
Атмосфераға жинақталған радиактивті заттар айналып келіп топыраққа жиналады. Бірнеше жыл өткен соң бұл элементтер астықтар аркылы арқылы адам мен жануарлар ағзаларына енеді. Апатты жағдайларда, екінші жылына қауіпті заттар топырақ арқылы өсімдіктерде жиналады.

Топыраққа енген радиактивті заттар грунт суларына да енеді. Жалпы өсімдіктер радионуклиттерді макро және микро элементтермен бірге бойына сіңіріп отырады. RU-106, CE-144 ,CO-60 элементтері тек қана өсімдіктердің тамырларында жиналады. Ал

стронций 90 мен цезий 137-ң өсімдіктердің жоғарғы жақтарында жиналады. Негізінен радионуклиттер өсімдіктердің бұтақтары мен жапырақтарында жиналады. Ал кейбір жағдайларда цезий өсімдіктердің тұқыдарында жиналады. Кейбір тұқымдарда оның мөлшері 10 пайызға дейін болады. Цезий өсімдіктерде жылдам жылжиды, әсіресе ол бидайдың құрамында көп.

Қышқыл топырақтарда стронций 90 мен цезий 137-ң жылдамдылығы арта түседі. Кальций және калий карбонаттарының топыраққа енгізуі стронций 90 мен цезий 137-ң азайтады.

Ал адам ағзасына радионуклиттердің миграциялауы әр алуан. Олардың едәуір мөлшері адам ағзасына азық түліктер арқылы енеді. Олар мынадай сипатқа ие: топырақ-өсімдік-ауыл шаруашылық жануарлары-ет өнімі-адам. Сонымен қатар радионуклиттер адам ағзасына тыныс алу, тері арқылы да жинақталады. Жалпы адам ағзасына бұл элементтер тері арқылы 0,0001, тыныс алу жүйесі арқылы 1, ал ас қорту жуйесі арқылы 1000 бірлікті құрайды.

Сонымен радионуклиттер адам мен жануарлар ағзасына жиналып, олардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да радионуклиттердің ауыл шаруашылығына әсерін азайту үшін іс-шаралар өтуі тиіс.


9.2. Экспериметтік бөлім

Зерттеу міндеті мен мақсатының тәсілі
Жер – Ресейдің ұлттық байлығы. Оны тиімді пайдаланудан экономикалық, әлеуметтік, экологиялық жағдайлар байланысты.

Соңғы жылдары дүние жүзінде табиғи кешендерге антропогендік жүктеме аса түсті. Ресейде соңғы жылдары жердің, судың, атмосфераның радионуклиттермен ластануы қобалжытады. «Адам-қоршаған орта» жуйесі соңғы жылдары ұшыға түсті.

Радиактивті ластану қоршаған ортамен адамзатқа қауіп төндіреді. Ионды радиацияның кері әсері радиактивті элементтердің ашылуымен ақ түсінікті болды.

Чернобыль АЭСң апатынан кейін Ресейдің 15 администрациялық жерлері ластанды. Топырақ пен өсімдік арқылы адам ағзасына радионуклиттер жиналады.

Сондықтан да радионуклиттерді әр түрлі іс-шаралармен жою, қазіргі таңда актулды проблемалардың бірі.

9.3. Ауыл шаруашылығын радионуклиттермен ластанған жерлерде жүргізу
Радиоактивті ластанған аймақтарда агроөнеркәсіпті жүргізудің принциптері.

Ауыл шаруашылық жерлерінің радионуклиттермен ластанғанда, ең алдымен ол аймақ қай кезде ластанғанын есепке алу керек. Ол ең алдымен стронций 90 мен цезий 137-ң физикалық ыдырауымен байланысты, сонымен қатар радионуклиттердің миграциялауымен де байланысты. Сондықтан да ластанған жерде, осыларды есепке ала отырып, тиісті іс-шаралар жүргізу қажет.

Ластанған аймақтарда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін, көршілес аудандардың да радиациялық жағдайын білу керек. Мұдай дерек ауыл шаруашылығын тиімді жүргізуге жағдай жасайды. Керекті деректер жиналған соң, іс-шараларды жүргізудің жоспарын дайындауга көшсе болады. Бірінші сатыда ластанудың коэфициентіне қарай аудандарды 3 бөлу керек(шартты түрде).

Бірінші секторға ең аз мөлшерде ластанған, басқа да қосымша іс-шараларсыз құрамында аз мөлшерлі радионуклиттер бар астық жинау аймағын жатқызамыз. Оларга минералды тыңайтқыштар аз мөлшерде қолданылады. Бұл секторде барлық жұмыс қарапайым технологиялармен жүргізіледі. Ал оның өніме шексіз қолданылады. Екінші секторға орташа радиацияланған ауыл шаруашылық жерлерін жатқызамыз( бірінші сектормен салыстырғанда, радиациялануы 3-4 есе жоғары). Бұл секторда ауыл шаруашылық өнімдерінің радионуклиттерін төмендету үшін міндетті түрде іс-шаралар қолдану керек( агрохимиялық және агротехникалық кешендердің барлығын қолдану қажет). Өнімдерде радионуклиттердің мөлшерін азайту үшін оларды техникалық қайта өңдеуден өткізеді.

Үшінші секторға радиациялану мөлшері жоғарығы деңгейдегі ластанған аул шаруашылы жерлері жатады. Бұл жерлер бірінші сектормен салыстырғанда ластану деңгейі 8-10 есе жоғары. Мұндай аймақта ауыл шаруашылығымен айналысу тек мамандардың бақылауымен жүзеге асырылады. Бұл секторда агротехникалық, агрохимиялық іс-шараларды қолдану міндетті болып табылады. Бірақ мұндай іс шараларды қолданғаннан кейінде өнімде радионуклиттердің азаюына кепілдік болмайды.
9.4. Радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаларға әсері
Жануарлар мен өсімдіктердің сәулелену сипаты сыртқы, ішкі, аралас болады. Сырткы сәулелену түрінде, сәуле көзі ағзадан тыс болады. Ең негізгі сыртқы космостық сәулелену, рентгенді альфа сәулелер болып табылады.

Ал бетта сәулелері, улкен мөлшерлерде, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін тигізеді. Егер сәулелену көзі ағзанын ішінде болса, ол ішкі сәулелену деп аталады. Өсімдіктерге радиактивті элементтер қорек заттары мен жапырақтары арқылы жиналады, ал жануарлар ағзасына олар өсімдікті қорекпен түседі. Сәулеленудің бұл түрін аралас деп атайды. Нуклиттердің радиактивті элементтер түрінде шашрағанда ионды сәулелену пайда болады. Бұл процесте оңды және теріс зарятталған элементтер пайда болады.осы малекулалар кейінен радикалдар мен иондарға бөлінеді. Иондалған сәулелердің су малекулаларымен әрекеттесіп, радиолизға ұшырайды, яғни су екі ионға болінеді. Бұл радикалдар бос оттектермен әрекеттесіп сутекке айналады. Сонымен басқа молекулаларды сәулелендіріп, радиацияға ұшырайды.

Әсіресе ионданған сәулелерге ДНК мен РНК әлсіз болып келеді.
X-тарау. Адам өмір-тіршілігінің соғыс жағдайындағы қауіпсіздігінің негіздері
Біздің мемлекетіміздің әскери доктринасының мазмұны халықтың қауіпсіздігін қорғау және қорғаныс сипаттағы іс-әрекетті алға қояды. Дегенмен Қазақстанның геополитикалық күрделі жағдайы өзінің қарулы күштерін ұстады және олардың әскери дайындығын жоғары ұстағанда талап етеді. Сондықтан қайтымы жоқ миллиондаған ақшалай қаражаттар қорғаныс жұмыстарына жұмсалып жатады. Кейінгі жылдары мемлекеттік деңгейде Азаматтық қорғаныс жұмысы қолға алынып, 1997 жылы арнайы “Азаматтық қорғаныс туралы” ҚР Заңы қабылданды.

Соғыс жағдайында адамдарды, мал-мүлікті, шаруашылықты қорғау мақсатында дұрыс әрі ойластырылған шешім қабылдау үшін, қазіргі заманғы жаппай қырып-жою қаруларының сипаттамасын білу қажет. Бүгінде кейбір мемлекеттерде ядролық қару ғана емес, сондай-ақ лазерлік, ғарыштық тағы басқа түрлері де бар. Бұндай қарулар қолданған кезде қирау, көптен адам, мал шығындары сияқты үлкен зардап, әкелетін сөзсіз.




    1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су)астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластаужәне электрлік магниттік импульс жатады.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайдаболуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

Жарықты сәуле болу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды.

Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, прибролады, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады.

Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивтік ластануға зерттеу жасау қажет.



    1. Химиялық қарудың жарылу ошағы

Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады:

1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)

2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.

3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.

4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер(әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.

5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

6. Басқалары жатады.


    1. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.

Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары –тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттарды адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.




    1. Қорғану жолдары

Ядролық қарудың ауа толқынның соққысынан, тек осы күшті есептен салынған баспана немесе панахана /убежище/ ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену-бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан /жарылыс басында/ бірнеше мыңға дейін болады /жарылыстың аяғында/.

Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері-калориямен анықталады.

Жарық импулсі – 1 кал/см

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1-ші дәрежелі -4 кал/см; -болса,

2-ші дәрежелі-4-7,5 кал/см;

3-ші дәрежелі -7,5-12 кал/см/тері сыдырылады/;

4-ші дәрежелі -12 жоғары кал/см/терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі/.

Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғау алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары - сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

Сәулелену дозасы депқоршаған ортада гр затты не куб.см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентген-Рентгеннасымен куб.см ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағынасымен 760мм болғанда -2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация-әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

Ашық траншея – 3 есе азайтады

Жабық траншея – 7-10 есе

Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе

Бір қабатты тас үй – 10-15 есе

Жер астындағы үйде – 7-15 /землянка/.

Арнайы дайындалған жер асты үй – 400 есе

Көп қаталлы үй подвалы – 100-400 есе

Арнайы салынған баспана – 1000 есе

Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды /еш зиянсыз/.

Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ласайды – радиоактивті заттар жерге түседі.

Оның 3 зонасы:


  1. қауіпті зонасы;

  2. күшті ластанған зонасы;

  3. аздау ластанған зонасы.

Ластау /ластану/ мөлшеріне байланысты:



  • жарылыс түрінен /бомбаның/;

  • оның күшінен /неше мегатонна/;

  • жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

  • эпицентрден қашықтығынан;

  • жарылыс кезіндегі ауа райынан;

  • жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.).

Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радияция деңгейі азаяды. Мысалы; 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді – 100% деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады /демалғанда, тамақпен, сумен/. Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.

Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.


    1. Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайды болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.

Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруыпайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.

Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.

Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шарушылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда /термос, бидон, графин, банкі/ сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цестерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауап алып жүреді.

Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.

Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге “ластанған” деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабуды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керке. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.

Зардап шеккен жүрдегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары.

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігінде.

Құтқару жұмыстары:


  • көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;

  • жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;

  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ау баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;

  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру,

  • оларды шығару;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

  • халықты химиялық және радиацияланған аудандарды, су басқан аудандардан көшіру;

  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;

  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмыстарға мыналар жатады:


  • ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау;

  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;

  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайы, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар.../ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.

Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсеті, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.

Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек.

Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.

Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды қауіпті алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршаады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды.

Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы керек.

Табиғат дүлейіне-су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, қатты дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б. жатады.

Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен саоынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар.

Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жиынастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіружұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.

Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайы анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т.б./ келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.

Медициналық көмек көрсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі.

Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық жгигиеналық шаралар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырған адамдарды құтқару жұмыстары тез ұйымдастырылады.

Бұл жұмыс еш үзіліссіз адамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеу керек.

Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды.

Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар.

Жоғарыда айтылғандай апат болған жерге келген жасақшылар АҚ бастығына барып өздерінің келгендерін баяндап, одан тапсырма алады. Осы тапсырманы орындау үшін өзі /жасақшылар командирі/ жағдайды түгел түсінуі керек, себебі өзі білмей тұрып ол тиімді шешім ала алмайды.

Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмысты, оның көлемін, басқалармен ара қатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар істелетінін анықтап айтады. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштері қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдаланатындығы, осының барлығы өзіне және қарауындағы адамдарға белгілі болуы қажет.

Ең бастысы-адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болса ол жерден көшіру /эвакуация/ болып табылады. Көшірілген адамдарды қай елді мекенге апарылатыны белгілі болуы керек.

Жасақшылар командиріне жұмысты қашан бастауы керек, оларды ауыстыру, қайда жиналатыны т.б. мәселелерді анықтап алуы керек. Жұмысқа бұйрық берілген соң кіріседі. Бұйрықтар, қысқаша әрі түсінікті,анық жазылуы керек. Жұмыс кезінде оның барысын бақылап отыру да командирдің міндеті. Егер жағдай өзгеретін болса, онда қосымша міндеттер қойылуы, істелетін жұмыс, техниканы бекітуде өзгерістер т.б. болуы мүмкін.

Жасақшылар командирі іс-жайды түгел біліп, бақылап отыруға міндетті.

Мысалы: су тасыған жағдайды алайық, сол кезде не істеуіміз керек, қалай істелінеді. Су тасығанда алдымен адамдарды құтқару жұмыстары қолға алынады.

Ол үшін барлау қызметі іске кіріседі. Бұл жұмысқа тез жүретін катерлер, тікұшақ немесе ұшақ бөлінеді. Суда қалып, зардап шеккендерге жүзгіш құралдар, құтқарушылар жіберіледі. Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушыларды құтқару құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар жасау, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмыста істегенде де қауіпсіздік шараларын сақтап адам шығыны болдырмауға тырысу керек.

Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің /Уран-235, плутоний-239/ тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті мыңдаған тоннамен есептеледі.

Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады:



  • ауа толқынының соққысы;

  • жарықты сәулелену;

  • өткір радиация;

  • радиоактивтік ластану;

  • электромагниттік импульс.

Ауа толқынының соққысы – жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.

Мысалы: 1 мегатонна күшпен жарылыста ауа толқынының жылдамдығы 9-сек- 5 км, 22 сек- 10 жетеді. Осындай қозғалыста ол кез-келген техниканы, өндіріс құралдарын қиратады. Ал адам ауа толқынынан зардап шегетіндігі өз алдына, сынған заттардың ұшқынынан да жарақаттанады. 1 шаршы см-ге күш түскенде ауа толқыны зор зардап әкеледі. Бұл ауаның қозғалу шапшаңдығы секундына 100 метрге жетеді. Егер 1 шаршы /см-ге 0,2-0,4 -200-400 гр/ салмақ түсетіндей күш болса адам жеңіл жарақат алады. /бас айналу, құлағы шулау, бас ауру/. 1 ш/см 0,5 /500 гр/ салмақтан асып кетсе, адам контузияға ұшырап, мұрыннан, құлақтан қан кетіп, сүйектері сынуы мүмкін.


МАЗМҰНЫ


3

4
7


8

8
12

14
15

15

16


17

17

20



21
21

22

22



23

28

28



28

29

30


30

31

32


33

36

38




Кіріспе ……………………………………………………….....……

I-тарау. Қауіпсіздік түсінігі ..............................................................

1.1. «Адам мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді

топтастыру ................................................................................

1.2. Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері...................

1.3. Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі...............

1.4. Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер

ететін факторлар ........................................................................

1.5. Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары...

II-тарау. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс

Жүйелері.......................................................................................

2.1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі..............

2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары.............................

2.3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен

құрылымы ....................................................................................

2.4. Ядролық қарудың жарылыс ошағы...........................................

2.5. Химиялық қарудың жарылу ошағы..........................................

2.6. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы.........................

2.7. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфороргаикалық

уландырғыш заттар ...................................................................

2.8. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)..................................................

2.9. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары..............................

2.10. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары...............

2.11. Теріні қорғайтын құралдар ......................................................

2.12. Медициналық қорғаныс құралдары ........................................

2.13. Жеке аптечка .............................................................................

2.14. Жеке химиялық пакет ..............................................................

2.15. Жеке таңба пакеті .....................................................................

2.16. Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта

қалпына келтіру жұмыстары ...................................................

2.17. Радиациялық және химиялық барлау құралдары .................

2.18. Эвакуация...................................................................................

2.19. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта

келтіру жұмыстары ...................................................................

2.20. Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі...........................................

III-тарау. Жарақаттар түрі..................................................................

3.1. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа




39

39

40



41

43

45



47

47

48



49

52
52

57

58

59



60

61

63



64

67

68


68

69

70



70

71

72



74

75

76



78

79

80



81

81

82



82
жәрдем көрсету.............................................................................

3.2. Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету..................

3.3. Жарақаттан естен тану туралы түсінік .....................................

3.4. Естен тануға қарсы шаралар ......................................................

IV-тарау. Бас жарақаттары.................................................................

4.1. Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі.........................

V-тарау. Жаралар................................................................................

5.1. Жаралар инфекциясы...................................................................

5.2. Жаралардың жіктелуі..................................................................

5.3. Жарақаттар кезінде асқынушылық............................................

VI-тарау. Суға бату..............................................................................

6.1. Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және

дәрігерге дейінгі көмек.................................................................

6.2. Электр жарақаты..........................................................................

6.3. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек............

6.4. Күннің өтуі ...................................................................................

6.5. Жүрек-тамыр аурулары...............................................................

6.6. Газбен улану.................................................................................

VII-тарау. Төтенше жағдай................................................................

7.1. Төтенше жағдайды топтау...........................................................

7.2. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай..............................................

7.3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай....................................

7.4. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу

әсері...............................................................................................

7.5. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар......................................

7.6. Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау......................

7.7. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар..........................

7.8. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар....... .......

7.9. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары......................................

7.10. Көлік апаттары...........................................................................

7.11. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың сипаттамасы............

7.12. Жер сілкінісі...............................................................................

7.13. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті............................

7.14. Вулкан атқылауы........................................................................

7.15. Опырмалар..................................................................................

7.16. Қар көшкіні.................................................................................

7.17. Сел................................................................................................

7.18. Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай.......................

7.19. Циклондар мен антициклондар................................................

7


83

83

83



84

84

84



85

88

88



89

90
91

92

93
94



95

96

97



97

99

103


104
104

105
106

106

108


108

109
111




.20. Дауыл..........................................................................................

7.21. Боран...........................................................................................

7.22. Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай......................

7.23. Су тасқыны................................................................................

7.24. Су басу........................................................................................

7.25. Биологиялық төтенше жағдай.................................................

7.26. Жұқпалы аурулар және одан сақтандыру...............................

7.27. Эпизоотия мен эпифитотия.........................................................

7.28. Табиғи өрт..................................................................................

7.29. Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті.............................................

7.30. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру...........

VIII-тарау. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар туралы» Заңы..........................................................

8.1. Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген

шығынының көлеміне қарай топтастырылуы. (нысандық,

жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды)................................

8.2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай....................................

8.3. Хайуанаттар және өсімдік уларымен уланған кездегі

дәрігерге дейінгі көмекті көрсету..............................................

8.4. Саңырауқұлақпен улануды емдеу..................................... .......

8.5. Жыланның шағуы.......................................................................

8.6. Қарақұрттың шағуы.....................................................................

8.7. Кененің шағуы.............................................................................

IX-тарау. Радиоактивті ластанудың көздері...................................

9.1. Қоршаған ортада радионуклиттердің миграциялауы..............

9.2.Эксперименттік бөлім зерттеу міндеті мен мақсатының

тәсілі...............................................................................................

9.3. Ауыл шаруашылығын радионуклиттермен ластанған

жерлерде жүргізу..........................................................................

9.4. Радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаларға әсері.........................

X-тарау. Адам өмір-тіршілігінің соғыс жағдайындағы

қауіпсіздігінің негіздері..............................................................

10.1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы.............................................

10.2. Химиялық қарудың жарылу ошағы...........................................

10.3. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы..........................

10.4. Қорғану жолдары........................................................................

10.5. Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа

апаттардағы болатын зардаптар......................................... .......


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168 б.

  2. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996.

  1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.

  2. Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Малеваный С.В., Медведева Н.М., Шарипханов С.Д., Хурсанов С.К., «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы, 2004.

  3. В.Ситникова. Основы безопастности жизнедеятельности. М., 1997.

  4. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельность. –М.: Высшая школа, 1999 -448с.

  5. Кукин П.П. Безопасность жизнедеятельности.-М.: Высшая школа, 2003 -439с.

  6. Шубин Е.В. Гражданская оборона. –М.: Просвещение, 1991 -154с.

  7. Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. Безопасность жизнедеятельности.- Астана : Фолиант, 2009 -125с.

  8. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. –

М. : ФАИР-ПРЕСС, 2002 -228с.

  1. Ќ.С.Ќалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев.

«¤мір тірішілік ќауіпсіздігі». Оќулыќ. Алматы 2004 ж.-256 б.

  1. С.Тайжанов. “¤мір ќауіпсіздігі негіздері”. Оќу-єдістемелік

ќұрал. Алматы. Дєнекер. –2004 -254 б.

  1. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша

терминдер сөздігі. Алматы – 2004.

  • Ю.В.Репин, Р.Шабунин. “Тосын жағдайда адам өмір

    • ќауіпсіздігін саќтау”. Алматы, Демеу, 1994 .

  1. З.А.Талханбаева “¤мір ќауіпсіздігін саќтау”. /студенттерге

арналған ќысќаша лекциялар жинағы/ Түркістан. ХЌТУ

баспаханасы. 2004ж – 87 б.



  1. Е.Дүйсенов. Сел тасќындары. Алматы, “Ќазаќстан” 1996.

  2. Н.Алекссев. Стихийные явления в природе. М., “Мысль, 1988 .

  3. Ќ.М.Тұрланов, С.А.Ќалќабаева. «Жедел медициналыќ жєрдем»

Алматы: 2004. 321 б.

  1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы

басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық

курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған

оқулық. ҚР-ның төтенше жағдайлар министірлігі. Алматы қ,

2008. 136 б.



  1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері

бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар

жинағы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ,

2003. 124 б.


  1. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс

бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. ҚР төтенше

жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 124 б.



  1. Жер сілкінісі болған кезде болуы мүмкін жағдайларға баға беру

әдістемесі. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі.

Алматы қ, 2004. 40 б.



Ә.Т.МЕЙІРБЕКОВ., Т.П.РАИМБЕРДИЕВ., Г.Ю.БАШБЕНОВА
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ

«Қасиет» баспасы компьютер орталығында теріліп,

қалыпқа түсті.
Хат-хабар үшін: 160012

Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы,

18 үй, «Қасиет» баспасы.

Электрондық почта: Kasiet12@mail.ru


Телефон: (8-725-2) 23-20-56

Сот.: 8-701- 320-83-27

Сот.: 8-700-389-69-42

Техникалық редактор Г. Ибрайымова

Көркемдеушіөдизайнер, суретші А.Смайлов

Компьютерге терген Н. Әбіласанқызы

Қатегер А. Жандарбекова

Баспахана істері директоры Ә. Омаров


Теруге 19.10.2010 жылы жіберілді.

Басуға 25.11.2010 жылы қол қойылды. Қалпы 84х1081/32

Қағазы офс. №1 Қаріп түрі «Times New Roman»; Баспа табағы 7,6; Таралымы 1200 дана.

Бағасы келісім бойынша.



Тапсырыс № 1-28

Дайын диапозитивтерден ЖШС «Жедел бесу баспаханасында» басылды.

050053 Алматы қаласы, Красногорск көшесі, 71





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет