ЕҢ таңдаулы отандық ЖӘне шетелдік зерттеулердің негізінде мектепке дейінгі білім ұйымдарында балаларды ерте дамыту әдістемесі



Дата25.06.2017
өлшемі60,19 Kb.
#20080
ЕҢ ТАҢДАУЛЫ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНДА БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Шымкент қаласы «Шағала» балабақшасы жеке мекемесі меңгерушісі

Райымкулова Раушан Маханбеталиевна


«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,

оның шығармашылық қабілетін дамытады

ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В.А.Сухомлинский
Жоспар:


  1. Шетелдегі мектепке дейінгі білімді дамытудың заманауи модельдері мен негізгі тенденциялары.

  2. Балаларды дамытудың қазіргі әдістері.

  3. Бала тілінің дамуына әсер ететін жетекші фактор – ойын.

Мәдениеттің әртүрлілігіне және педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамыту жолдарының өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әртүрлі елдердің педагогтары ұқсасмәселені шешеді; баланың үйлесімді, психологиялық – физикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған мектепке дейінгі білім мазмұнын, әдістері мен құралдарын анықтау; әртүрлі жастағы балалардың өзара іс-әрекетінің тәжірибесін байыту үшін жағдайлар құру; дені сау балалармен және ерекше қажеттіліктері бар балалармег бірлескен тәрбие мен оқыту; отбасы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар қызмет атқарады. Кейбір шетелдік моделдерді талқылап көрелік.

Германияның мектепке дейінгі білім беру жүйесі

Германияның заманауи балабақшаларының тәрбие жұмысында бастысы тіл дамыту, баланың жекелігі, әлеуметтік тәрбие мен ойындар болып табылады. Балабақшада балалар, ережеге сай, түске дейін уақыт өткізеді, ал екінші жартысында олар үйде, өз отбасында болады. Бүгінгі күні Германияда балалардың 30 пайызы балабақшаға барады.

Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі әлемге өте танымал. Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы болып табылмайды...

Балабақшалардың көпшілігінде тәрбиешілердің бастыміндеті – балаларды тіл алғыш, елгезек болуға үйрету. Жапондардың үй тәрбиесі балаларға өте жұмсақ, балаларға сирек тыйым салады.Бірақ бөгде адамдарға көшеде, белгілі орындардағы қарым-қатынас бойынша жапондық дәстүр барлық азаматтан, соның ішінде балаларды қоса, ерекше құрметті талап етеді. Сондықтан балабақшада балаларды ортада өзін-өзі ұстау, сөйлеу, танысу мәнерлеріне жиі көңіл бөлінеді.

Жапонияда кішкентай балаларды тәрбиелеу адамның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталмайды, бірақ балада адамзат қоғамы туралы түсінік қалыптастырады, ұжымда тиянақты, ешкімге кедергі келтірмей жұмыс істей алатын физикалық және психикалық дені сау адамды тәрбиелейді.

Израильдегі мектепке дейінгі білім беру.

Болашақ карьера үшін база құруда алғашқы қадамды израилдіқтер балалықтың ерте жасынан бастайды. Онда оқуға, жазуға, арифметикаға оқытады, балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға тырысады және ойын бағдарламаларын қолдана отырып, компьютерлік сауаттылықпен де таныстырады. Сондықтан бірінші сыныпқа барған сәтте Израилдің жас азаматы оқып та, жазып та, санап та білетін болады.

Америка Құрама Штатында мектепке дейінгі білім берудің біріңғай жүйесі жоқ. Ол белгілі бір міндеттерді шешуге арналған қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді әртүрлі бағдарламалар шеңберінде ұйымдастырылады.

Ережеге сәйкес, бұл бағдарламалар балалардағы стресстік факторларды төмендетуге және оларды дамытуға бағытталған. Бала күннің бірінші жартысында бір бағдарламамен, ал екінші жартысында өзге бағдарламамен оқуына болады. Әртүрлі бағдарламаға қатысу мадақталады, өйткені бұл балаларға жан-жақты тәжірибе жинақтауға және ересектер арқылы танысу, өмір сүру ауқымы кеңейеді деп есептеледі. Ресейде, Жапонияда, Финляндияда, Америкада, Қытайда және т.б. дамыған елдерде әл-ауқаттың артуы ерте жастан бастап балалардың зияткерлік дамуына капитал салуымен байланысты. Осы мемлекеттердің бәрінде жаңа үлгідегі ұйымдардың желісі – мектепке дейінгі зияткер ұйымы арқылы іске асырылатын дамыған баланы тәрбиелеуде жаңа ақпараттық технологиялар мен ғылым жетістіктері пайдаланылады.

Ал, Түркияның мектепке дейінгі оқыту жүйесіне зер салсақ, түрік баларының небәрі 5-10 пайызы ғана мектепке дейінгі мекемеге барады. Балабақшаларда оқыту жүйесі балаларға арналған клубтар, гимнастика сыныптары, әуесқойлық сыныбы, ағылшын тілі бойынша жеке сабақтар түрінде жүреді.

Әртүрлі елдегі мектепке дейінгі ұйымдар әдістемелеріне талдау әлемдік тәжірибенің көп түрін көрсетті, ал қазақстандық мектепке дейінгі жүйе біршама артықшылығымен сипатталады.

«Балапан» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін барлық жағдайлар жасауда. Мен «Балапан» бағдарламасы аясында ашылып, еңбек етіп отырған «Шағала», «Береке» жеке мекеме балабақшаларының құрылтайшысы ретінде Елбасымызға, Облыстық, қалалық басшы қызметкерлерге балабақшаның жұмыс істеуіне ыңғайлы, ата-аналардың келіп-кетуіне жағдай жасап, көшеміздің асфальттауына, электр шамдарының орнатылуына дейін баса назар аударып отырғанына көптен-көп рахмет айтамын.

Балабақша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті актілерін және жарғысын басшылыққа алып, оқу – тәрбие жұмысында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларымен «Балабақшадағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту», «Қайнар» бағдарламасымен, «Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығының әдістемелерімен жұмыс атқаруда. Осы арада «Пеадагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығының басшысы Ноғабекова Берікқұл Жұмғұлқызының қызметін, тренинг-кеңестерін, әдістемелік оқулықтары, жұмыс құжаттарын жасау, балабақшаның жұмысының сараптамасын, әр пән мұғалімінің, медбикенің жұмыс кітаптарын дайындап біздердің жұмыс істеуімізге толық жағдай жасауда көп еңбек етіп отырғанын атауға болады.

Біздің балабақшада бүлдіршіндерді жан-жақты дамыту, денсаулығын нығайту, өнерге баулу, би өнеріне баулу, шет тілін үйрету жұмыстарына барынша жағдай жасалған. Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз.

Ұлағатты ұстаз Бейсенбаева Шолпан Асылбекқызының журналистерге берген сұхбатында айтылғандай: «Педагог ешқашан нашар болмайды, тек өз мамандығын дұрыс таңдамаған адам болуы мүмкін» дегендей, кішкентай бүлдіршіндеріміз тәрбиелеуге өз ісінің нағыз мамандардың, өз ісіне жан-тәнімен берілген педагогтармен бірлесіп, жас мамандарды тәрбиелеп, іздену, болашаққа даму үстінде ата-анамен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарудамыз деп ойлаймын.

Балабақшада баламен бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымдылдыққа баулу жұмыстары жолға қойылған.

Ел Президентінің халыққа жолдауы жаңа мәдениет пен миссияға ие, үш тілді меңгерген жаңа форматтағы адам тәрбиелеуді көздейді. Қай заманда да бірінеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялыққабілетін кеңейтіп отырған. Сол себепті біз балаларымызды өз ауылының, қаласының, елінің аумағында ғана емес, өзге мемлекеттің өкілдерімен тең дәрежеде қарым-қатынас жасауға дайын етіп тәрбиелеуіміз керек.

Балабақшамызда мектепке дейінгі білім берудің шетелдік тәжірибе технологиялары пайдаланылады.

Мысалы, әр баланың даралығын дамытуды негіз етіп алған Монтессори технологиясы бойынша оқу материалдарын қолданамыз, Зайцевтің жүйесі бойынша оқыту балалардың оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Жүнісбеков кестесін, Жуков оқулығының негізінде балаларды мектепке дайындықтан өткіземіз.

Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Ойындардың негізгімақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйледі игереді, таным белсенділітері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ісінде баланың отбасымен тығыз қарым-қатынаста болу қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.



«Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселелеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп Елбасымыз «Қазақстан – 2050» жолдауында атап өткендей, балалар – мемлекетіміздің болашағы! Қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектердің ой-санасына рухани-адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты. Еліміздің болашақ өрендерін тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз өнегелі де өрелі болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет