Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Н.А. Назарбаевтың «Қазіргі Қазақстан - Ұлы даланың мұрагері - Ұлы Дала Елі» мақаласының мәні



бет47/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Н.А. Назарбаевтың «Қазіргі Қазақстан - Ұлы даланың мұрагері - Ұлы Дала Елі» мақаласының мәні

2018 жылы 21 қазан күні яғни Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Елбасымыз тарихқа терең үңіліп, қазақ халқының әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі зор екендігін нақты дәлелдермен келтірген. Қазақ елінің тарихы сонау “сақ” дәуірінен бастау алатындығын, тіпті одан да тереңіректе жатқандығы бәрімізге белгілі. Тарихымыз бен салт-дәстүрімізді, ұлттық мәдениетімізді жас ұрпақтың санасына мақтанышпен жеткізу бүгінгі күннің басты міндеті. Елбасымыз бұл мақаласында қазақ халқының әлемдік өркениетке енгізген жеті жаңалығына  тоқталған. Түркі әлемінің бесігі Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды, деп жазды Елбасымыз өз мақаласында.Сондай-ақ,бүкіл Түркі әлемінің ордасы саналған қасиетті Түркістан мен көне қала Отырарға тоқталуы, әлемдік ойдың брендін қалыптастырған ұлы бабамыз Әл-Фараби мен рухани дүниеміздің фәлсафасын қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауи бабаларымыздың әлемдік ғылым жүйесінде терең орны бар екенін атап өтті. Елбасы айтқандай, «Түркістан – Қазақ хандығының ордасы болған әрі рухани тағлымы мол, тарихы бай мекен». Бұл қала қазақ жерінде мемлекеттіліктің қалыптасуына ерекше ықпал еткен. Қазақтың талай қайраткер хандары осы жерде ақ киізге салынып, хан көтерілді. Елбасымыз  биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп атап, облыс орталығын Түркістан қаласы етіп бекіткен жарлыққа қол қойды. Мұның өзінде үлкен философиялық мән бар десек қателеспейміз. Елбасымыздың осынау айтулы шешімі – Түркістанның қайта түлеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын жаңа орталыққа айналуына жол ашатыны белгілі. Облыс орталығы атанған Түркістан қаласы ендігі жерде еліміздің ғана емес, бүкіл Орта Азияның, тұтас түркі әлемінің белгілі сауда-экономикалық және рухани-мәдени орталықтарының бірі болары сөзсіз. Президент айтқандай, Түркістанда бұған қажеттінің бәрі бар. Бұл қала тоғыз жолдың торабында жатыр. Ірі теміржол желісі мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында орналасқан бұл қаланы электр қуатымен, ауызсумен, табиғи газбен қамтамасыз ету қиындық туғызбайды. Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті. Ұлы Жібек жолы бұл халықтардың достығы мен ынтымағының жарасымдылығы деп түсінген жөн. Оның қызметінің тарихынан тағылым ала отырып, бүгіндері жаңа мыңжылдықтың жолына түсе отырып, адамзат баласы қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және дамудың беріктігіне ұмтылуда. Cондай ақ мақалада, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі –  қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің жерімізде 34 түрі кездеседі. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы. Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Сондай-ақ,алма отанының біздің елімізде орналасуы тек бір ғажайып тұжырым деп қарау дұрыс емес. Оксфордтық ботаника профессоры доктор Барри Джунипер және француз зерттеушісі Кэтрин Пэкс бұған дәлел ретінде генетикалық талдамаға негізделген зерттеу жұмысын ұсынады. Адам баласы жылқыны қолға үйреткеннен бастап алма ағашының тұқымдары шартарапқа жайыла бастаған. Ал жабайы жылқыны адамдар алғаш рет, ғалымдардың анықтауынша, Қазақстанда, еліміздің солтүстік аймағында қолға үйреткен. Бұл жануарлар алма жемістерін жеп, оның тұқымдары жылқының қиымен бірге топыраққа түскен, кейін ол жерде алма ағаштары өсіп шыққан. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мақалада көрсеткен барлық мақсаты орындалып, жас ұрпақтың айқын болашағы табыспен өркендей беруіне тілектеспіз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет