Жоба: Эссе
Студент:Оқасов Нұрлан
Мамандығы:Менеджмент
Тобы:м-20-2к
Оқытушы:Усембаева Ғ.Т.
Нұсқа: Алдын ала тексеруге арналған зерттеу бөлімі
Сөз саны:722
Автокөліктердің экологияға зияны
Түйіндеме
Бұл мақалада еліміздегі автокөліктердің экологияны ластауының алдын алу шараларын қарастыру мәселесі қозғалады.Осы мақаладағы басты мақсат, экологияға автокөліктерден келетін зиянды азайту және де бензин,дизель жанармайларынан бас тарту,электр қуатымен жүретін көліктерге көшу жайлы мәселені шешу жолдарын қарастыру.
Түйін сөздер:Автокөлік,экология,электр қуаты.
Кіріспе
Қазіргі таңда автокөліктер экологияға көптеген зиян тигізуде.Автокөліктердің зиянын азайту жайлы мәселе көптеп қарастырылып жатыр.Европа да бензинмен жүретін көліктерден толықтай бас тартып электр қуатымен жүретін көліктерге көшіп жатыр.Барлық елдер электр қуатымен жүретін көліктер пайдаланатын болса, экологияға көптеп зиян келмейді деп ойлаймын.
Автокөліктердің экологияны,қоршаған ортаны ластауы адамдар үшін де,жануарлар үшін де зияны көптеп тиіп жатыр.Сол мәселені шешу үшін ғалымдар көптеп еңбек етіп жатыр.Алдағы уақытта автокөліктер бензинмен жүретін емес, электр қуатымен жүреді деп ойлаймын.Ол үшін бензинмен жүретін көліктерден біртіндеп бас тарту керек. Бұл жобаның мақсаты автокөліктердің экологияға зиянын азайту үшін жасалған. Зерттеу кезінде сауалнама жүргізіліп жалпы студенттердің нақты ойы анықталды. Зерттеу бөлімінде зерттеу нәтижесі толықтанады.
Достарыңызбен бөлісу: |