Нұрлан Сайлауұлы
Әкім Алымуддинұлы
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жайлы
111
сұрақ
Алматы, 2014
УДК 297
ББК 86.38
С 16
Қазақстан Республикасы Дін істері
агенттігінің дінтану сараптамасының
оң қорытындысы берілген
әл-Әзһар университетінің түлегі, «Нұр-Мубарак»
Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы,
Н. Сайлауұлы
Айнушәмс университетінің түлегі,
әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің магистранты,
Ә. Алымуддинұлы
С16 Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ – Алматы;
«Көкжиек» баспасы, 2014.– 276 бет.
ISBN 978-601-7495-16-9
Ғаламның рақым нұры, ақырғы елші Мұхаммед Мұстафаның
(с.а.с.) есімі бүгінде батыс пен шығысқа түгелдей таныс.
Қолдарыңыздағы кітап бүгінгі таңда Пайғамбарымыз жайлы түрлі
сенім өкілдерінің көкейінде жүрген сауалдарына жауап ретінде
жазылған.
Еңбек барша оқырман қауымға арналған.
УДК 297
ББК 86.38
ISBN 978-601-7495-16-9
© Н.Сайлауұлы, Ә.Алымуддинұлы, 2014
© «Көкжиек» баспасы, 2014
Алғы сөз
Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) аты қазіргі таңда төрткүл дүниеге
кеңінен таныс. Оның ұлы тұлғасына тек мұсылмандар ғана емес, өзге сенім
өкілдері де таңданысын жасыра алмай, ерекше құрметпен қарайды. «Ең
ықпалды 100 тұлға» атты басылымның авторы Майкл Харт оны ең бірінші
орынға шығарды. Германияның мемлекет қайраткері Бисмарк: «Сенің
ғасырыңда туып, өзіңмен замандас бола алмағаныма өкінемін, Мұхаммед!» –
деп шынайы өкінішін білдіріп, 1927 жылғы халықаралық құқық конгресінде
сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Адамзат баласы хазірет Мұхаммедті
мақтан тұтады, өйткені хат танымайтын бола тұра, оның дарабоздығы мен
даналығы сонша – небәрі жиырма үш жылдың ішінде керемет құқықтық
жүйе қалыптастырды. Мына біз, Еуропа халқы, сол деңгейге екі мың жылдан
кейін жете алсақ, бақытты болар едік».
Еуропа халқы тамсанған ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.)
тұлғасы қазақ баласына ежелден таныс. Көшпелі ғұмыр кешкен қыр
баласының салт-дәстүрі сүннетпен біте қайнасқан. Тағдырдың талайына
төтеп беріп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» бастан кешірген
қазақ жұрты орыстың құдайсыздандыру саясатының ығында жүрсе де
сүннетті тұрмысынан бөлек ұстамаған. Дей тұрғанмен, рақым пайғамбары
Мұхаммедтің (с.а.с.) біз танымаған қыры мен пайымымыз жетпеген тылсымы
терең тұстары жетіп артылады.
Пайғамбарымыз(с.а.с.)жайлы елдің білгені бір тоғыз болса, білмегені
тоқсан тоғыз деуге болады. Еңбекте хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.)
пайғамбарлығының дәлелі, көрсеткен мұғжизалары, болмыс-бітімі, отбасы
мүшелері, ол кісіге қатысты түскен Құран аяттары мен заманында орын алған
кейбір оқиғалар төңірегіндегі елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап
жазылған. Мұсылманның иман еткеннен кейінгі маңызды қадамы өз бойына
сүннетпен қатар Ислам ахлағын сіңіру. Бұл, әрине, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) болмысын бүге- шігесіне дейін танығанда ғана мүмкін болмақ.
Жауаптардың барлығы түрлі сира кітаптарына сүйеніп, аяттар мен
хадистерден алынған дәлелдермен дәйектеліп, тұжырымды ойлармен
түйінделген.
Үмбетке, яғни, бізге артылар міндет – соңғы елшіге иман ету, сондай-
ақ өсиетке берік болу. Оны жанымыздан артық жақсы көрумен қатар, Аллаһ
елшісінің бойындағы адами қасиеттерді қанға сіңіру, ұлық есімін дәріптеу.
Бұл еңбекте расулаллаһқа (с.а.с.) қатысты көкейтесті сауалдарға,
сондай-ақ кейбіреулердің біле тұра қасақана қойған сұрақтарына тұшымды
жауаптар берілген. «Күндердің күнінде есімім шығыс пен батысқа түгелдей
танылады» деген хадисін жетекке алып, қолдарыңыздағы кітап дініміз
Исламның дамуына аз да болса үлес қосып, аталмыш хадистің үдесінен
шығуды мақсат етеді.
Аллаһ тағала баршамызды Құранның тура жолына салып, бойымызға
хақ елшісінің көркем ахлағын нәсіп етсін! Әмин!
Достарыңызбен бөлісу: |