Мамандығы боөЖ 10 Пән



Дата13.01.2022
өлшемі14,3 Kb.
#111417
Байланысты:
Қияш Бейбарыс,ФКС-19-3,БОӨЖ 10, Үстел теннисі
веб-порталы аныктама, Семинар 7, Философия-1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

«Білім беру мектебі» факультеті

6В01401-«Дене шынықтыру және спорт»
мамандығы

БОӨЖ 10

Пән:Үстел теннисі

Орындаған:ФКС-19-3 тобының студенті Қияш Бейбарыс

Тексерген: «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Т.Қыстаубаева

Ақтау,2021

Қазақстанның алғашқы біріншілігі 1953 жылы өткізілген екен, КСРО чемпионаттарында республикамыздың теннисшілері 7 - орын, ал жасөспірімдеріміз 6 - орын алған. Республикамыздың үстел теннисінің спортшылары Ә. Серікбаева, В. И. Переверзов, А. Тоқпанов, А. Оспановалар спорттың бұл түрін яғни үстел теннисін дамытуға зор үлес қоса білді.
Қазақстанда үстел теннисiнiң қалыптасуы XX ғасырдың 50-ші жылдары Украинадан келген үстел теннисiнiң маманы Анатолий Ицкевичтiң есiмiмен тығыз байланысты еді.

Біздің елiмiздiң тәжiрибелi жаттықтырушысына айналған Анатолий Ицкевич әлемге қазақтан шыққан тұңғыш үстел теннисiнiң қарлығашы Әлия Серiкбаеваны сыйлай білді. Қазақ қызы небәрi 9 жасында алғаш қолына қалақшасын алып, «Медик» атты спорт залында үстел теннисiнiң дәнiн бойына сiңiре білген спортшы. Қазақ қызының келбетiн бүкiл одақ сүйсiне тамашалаған болатын. 1964 жылдан бастап Әлия елiмiздiң атынан КСРО жартылай финалында «ең жас ойыншы» есебiнде қатысты. ХХ ғасырдың 60 - 70 - жылдарында үстел теннисi олимпиадалық ойындар қатарында болғанда, Қазақстанның Әлия Серiкбаевадай өз чемпионы болар едi. Сол кездегi «Казахстанская правда» газетi: «Кiм бiлер, бәлкiм, бiрнеше жылдан соң жас спортшының есiмi Қазақстаннан алыс шартараптарға жайылар», – деп жазған болатын.

Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы 1992 жылы құрылған болатын. Қазіргі уақытта үстел теннисі төзімділікті қажет ететін серпінді спорттық ойынға айналды. Сонымен қатар, бұл белсенді демалыстың керемет құралы.

Елiмiзде үстел теннисiне жаттықтыратын спорт залдары бар. Олар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай мен Павлодар қалаларында бар. Бүгiнде спортшыларымызды жаттықтыратын бiрегей спорт залы – Алматыдағы «Шаңырақ» олимпиадалық резерв дайындайтын Республикалық орталық. 

Қорытындыласам,Қазақстанның спорт федерациясы үстел теннисi сынды спорт саласына дұрыс көзқарас танытып, мемлекет тарпынан қолдау көрсетiп жатса дұрыс. Тәуелсiз ел болып, тереземiз теңелген соңғы жиырма жылда үстел теннисiнiң ойыншылары бiрде-бiр рет әлемдiк деңгейдегi чемпионаттарға қатыстырылмаған. Бұл спорт ойыны елiмiзде одан әрi дамып, Әлия сынды әлем чемпиондары дүниеге келерiне сенгiмiз келедi әртине.Сондықтанда спортшыларымызға сәттілік тілегім келеді!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет