Эссе Тақырыбы: Ғылым тарихы мен философиясын оқып білудің маңызы неде?



Дата23.10.2022
өлшемі17,25 Kb.
#154670
Байланысты:
эссе


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Филология институты
Шет тілдері кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: Ғылым тарихы мен философиясын оқып білудің маңызы неде?

Орындаған: Әділбек Ш.Қ


Мамандығы: 7М010703 Шет тілі: екі шет тілі 101
Қабылдаған: Қабаева Ж.А

Ғылым тарихы мен философиясын оқып білудің маңызы неде?
Ғылым жолына жаңа қадам басқан студент ретінде, «ғылым дегеніміз не?», «оның маңызды қандай?», «оның қоғамдағы рөлі қандай?» деген сынды сауалдарға қатысты ой жүгіртіп, толғандым.
Қазіргідей қарыштап дамыған ғылым ерте кезеңдерде болмады десек те, ғылым бастауын сол ерте заманнан алады. Жәй ғана ойланып көрелік, егер ғылым болмаса, адамзаттың жағдайы қандай болар еді? Ерте заманда, суықтан, аштықтан және жыртқыш аңдардың шабуылдарынан қорғану үшін, адамдар әртүрлі амалдар іздей бастады. Осылайша, дүниеге ғылым келді.
Ғылым – әлеуметтік прогресстің қуатты қозғалтқышы. Біз оның арқасында өмірімізді ұзартуға, денсаулығымызды нығайтуға, түрлі ауруларды емдеуге, қоғамды сумен және тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік алдық. Қоғамды ақпараттандыру жоғары деңгейге жетті, кез-келген ақпаратты ғаламтордан табуға мүмкіндік пайда болды. Компьютер мен ұялы телефондар үйреншікті жағдайға айналды. Ғылым біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қоғамның дамуы, ғылымның дамуымен тығыз байланысты. Олар әрқашан бірге жүреді. Әр адам оған өз үлесін қоса алады. Мен ғылымның соңғы жетістіктеріне қуанамын және мүмкіндігінше көп ашылулар болғанын армандаймын. Әрине, оның барлық жетістіктері біз үшін пайда әкелген жоқ. Менің ойымша, атом бомбасын ойлап табу – адамзаттың ең үлкен қателігі. Сондықтан, ғылыми білімді тек жақсы ниетпен пайдалану керектігін әрқайсымыз түсінуіміз керек.
Осы орайда тақырыбымдың жауабын тапқандай болдым. Жоғары мектепте оқытылатын «Ғылым тарихы мен философиясы» пәнін оқып білудің маңыздылығын көрсететін бұл пән әрбір білім алушы үшін қажет деп санаймын. Ғылымға деген қызығушылығымды арттырған, оған қоса көптеген нәрсені тереңінен түсінуге мүмкіндік берген де осы пән деп анық сеніммен айта аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет