Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қазақ КСР-нің құрылуы – мемлекеттілік құрудағы жаңа кезең



бет44/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Қазақ КСР-нің құрылуы – мемлекеттілік құрудағы жаңа кезең

Құрудағы жаңа кезең.бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (14 желтоқсан 2012)

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы екі жылдың аралығында әзірленді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы кезінде мәлімдеді.«Біз екі жылдың аралығында атақты дүниежүзілік сарапшылардың, Үкімет мүшелерінің және барлықтардың қатысуымен осы бағдарламаны әзірледік, бұл үлкен жұмыстың нәтижесі»,- деді Н. Назарбаев.Елбасы 2050 жыл - жай бейнелі дата емес екендігін атап өтті. «Неліктен дәл осы жыл? Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. Қазір елдердің дені осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі 2050 жылға дейін даму стратегияларын әзірлеуде»,-деп түсіндірді Н. Назарбаев.Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды.Жаңа экономикалық саясаттың басты принципі - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз.«Ертең толығымен баспаға шығатын «Қазақстан-2050» стратегиясының тек қана негізгі қағидаларын ұсынамын. Ол өте көлемді»,-деді Н. Назарбаев.Оның айтуынша жаңа стратегияға сәйкес әрбір он жыл бойынша стратегияның жеті басым бағыттарын орындау үшін жеке жоспарлар қабылданатын болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет