Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы



бет43/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері- А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қ. Сәтбаев, географиядан- Ә. Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор С.Асфендияров құрастырды.1929 жылы араб жазуы қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады.Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И.Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады. XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері – А. Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықтыМәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдарпайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет