Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет6/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

1917 жылғы бірінші және екінші жалпықазақ съездерінің тарихи маңызы. 1917 жылғы жалпы қазақ сиезінің тарихи маңызы. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасының қабылдануы

«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты мен қызметі 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекші­лерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреуінен туындады. Бірінші бүкілқазақтық сьезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сьезге қатысушылар саны аз болғанына қарамастан (20 адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді.

1. Мемлекеттік басқару формасы. 2. Автономия құру мәселесі. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милиция­сын құру. 5. Сот ісі. 6. Дін мәселесі. 7. "Алаш" саяси партия­сын құрып, оның бағдарламасын жасау. 8. Құрыл­тай жиналысын шақыру. 9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. 10. Жетісудың ашыққан халқына көмек. 11. Халық ағарту ісі. 12. Земство. 12. Әйелдер­мәселесі. 13-14. Киев қаласында болатын бүкіл Ресей федерациясы съезіне және Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу. Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Жаңадан құрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған. Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайраткерлерінің пікірінше, сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы - бірінші жалпы­қазақтық сьезінде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Петроградта төңкеріс жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, "Қазақ" газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жасаушылар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. "Алаш" шын партиясы аз уақытта, саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты - қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интеллегенциялары сол жолда құрбан болды. Әйтсе де, "Алаш" партиясы және оның қайраткерлері төл тарихымыздан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты. Сол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуле­дей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылайша қатал аяқталды.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет